Пәні: қазақ әдебиеті 5-сынып Бөлім: «Адамгершілік - асыл қасиет» Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Сәйбек қарттың әңгімесі «Бұл кім» ойыны Берілген үзінділерді оқи отырып, кейіпкерлердің сөзін сәйкестендіріңіз.
Үзінді
|
Кейіпкерлер
|
1. Аузымды түтінге толтырып, алып, жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп, ала кеп түсті... жер –дүние төңкеріліп бара жатты.
|
Майқанованың сөзі
|
2. Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады.
|
Жантастың сөзі
|
3. Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай жайыңа жүрсең болды. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім көтермейді.
|
Сәйбек қарттың сөзі
|
4. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойынымда оның тиын емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр.
|
Қожаның сөзі
|
5. – Немене, жолдама алдың ба?
|
Анасы Милләттің сөзі
|
Дескриптор:
- өткен тақырыптарды қайталап, еске түсіреді;
Анықтама бұрышы:
Сюжет дегеніміз – өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі.
Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері де, яғни, бастамасы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегіне жетуі, шешімі немесе аяқталуы болады.
Фабула дегеніміз – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау, әңгімелеу.
1-тапсырма. Кестеде көрсетілген іс-әрекеттерді кейіпкерлермен сәйкестендіріңіз. (графикалық органайзер тәсілінің “Сәйкестендіру” кестесі.
Дескриптор:
- Үзіндіден кейіпкер іс-әрекетін оқиды;
- Кейіпкермен сәйкестендіреді:
Кейіпкер
|
Шығармадан үзінді
|
Ахметов
|
- Қара көже, мынаның не екенін білесің бе?
|
Сәйбек қарт
|
- Сені мектеп өмірі тойдырды ма? Ендеше, неге қоймайсың тәртіпсіздікті!
|
Қожа
|
Бар, әне, шақырып жатыр. Әй, сотанағым.
|
Жантас
|
Майқанова содан сабаққа екі күн келмеді. Шошынып ауырып өалыпты. Жұмысқа бүгін ғана шығып отыр
|
Анасы Милләт
|
Ал, екіншіден, ең әуелі біз лагерге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібереміз
|
Майқанова
|
Қу жалғыз, сенің-ақ күйігіңді тартып өлетін болдым ғой. Осы сен не болып барасың, күннен күнге? Бұл не сұмдық?
|
Сәйбек қарт
|
Келесі сабақта қайссың бақа ұстап әкелесіңдер?
|
Оспанов ағай
|
Әй, Қожа. Сенің әкең марқұм азамат еді ғой. Оған тартсаң, директор түгілі, одан үлкені боласың.
| 2-тапсырма. «Оқиғалар тізбегі» ойыны. Бұл тапсырмада шатасқан оқиғаларды рет-ретімен орналастырып, жазыңыз.
Дескриптор:
- оқиғаларды ретімен орналастырады;
- Сюжеттің дамуын сипаттайды;
- Сәйбек қарт пен Қожа
- Қожаның кешірім сұрауы
- Ақымақ иттер
- Галифе шалбар киген Ахметов
- Мектепке жол тартқан анасы мен Қожа
3-тапсырма. Бекіту тапсырмасы. - Сәйбек қарттың әңгімесі Қожаға қалай әсер етті? Неліктен?
- Қожа Сәйбек қартпен не үшін әзілдесті? Қожаның үлкен кісімен әзілдесуі дұрыс па?
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,…»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын…»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім…»
Дескриптор:
- тақырып туралы өз ойын жазады;
- тақырыпты түсіну сөйлемін жазады;
- өз көзқарасына шығармадан дәлелдер келтіре алады;
- тақырып бойынша қорытынды жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |