Оқу мақсаты:
|
5.1.2.10көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;
|
|
Бағалау критериі:
|
- көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін тексереді;
- қосындының және айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін талдайды;
- көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді;
- айырманың берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді;
- қосындының берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді;
жай және құрама сандардың анықтамаларын білу
|
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату
|
Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;
Тапсырмалардың жауаптарын жазу.
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
|
Уақыты
|
Кезең дері
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
2 минут
|
Ұйым дастыру
|
Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері тақырыбын
қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;
Оқушы назарын шоғырландыру.
Сыныпта 14 ұл және 10 қыз бар. Олар топтардағы қыздар саны
бiрдей және ұлдар саны бiрдей болатындай екi топқа бөлiнiп,
волейбол ойнай ала ма? Әрбiр топта неше ұл бала, неше қыз
бала болады?
Ширату жаттығулары: 3-тің еселіктерін атаңдар;
4-тің еселіктерін атаңдар;
5-тің еселіктерін атаңдар;
7-нің еселіктерін атаңдар;
Осы 3пен 5-тің, 4 пен 7-нің еселіктерінен қосынды, айырма және көбейтінді құраңдар. Құралған қосынды, айырма және көбейтінді сәйкесінше «3 пен 5-ке» және «4 пен 7-ге» бөліне ме?
Проблема шешу қажеттігін туындату, уәж туындату.
Ендеше бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болмақ?
Бүгінгі сабақтың мақсаты: көбейтіндінің, қосындының және айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;
|
|
|
|
|
8 мин
|
Жаңа сабақ
|
Жаңа сабақ. Видео сабақ көру.
Таратпа материалдағы тапсырмалар:
№1 тапсырма. а ) Неге 56 және 21 сандарының қосындысын 7 санына
(56 + 21) : 7 = 56 : 7 + 21 : 7 = 8 + 3 = 11 түрiнде бөлуге болады?
б ) Бұл тәсiлдiң қосылғыштар саны екiден артық болғанда да орындалатынына көз жеткiзiңдер. Әр қосылғыштың бөлiнгiштiгi мен қосындының бөлiнгiштiгі қалай байланысқан?
Егер қосылғыштың әрқайсысы қандай да бiр натурал санға бөлiнсе,
онда олардың қосындысының мәнi де сол санға бөлiнедi деген ақиқат пікір ме?...
|