Валерий Чкалов атындағы орта мектебі
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі
Бөлім:
|
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
Джапарова М.А.
|
Күні:
|
19.10.21
|
Сынып: 3
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ц дыбысы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
3.4.1.1* э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу
3.3.3.1 оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу.
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады және ц әрпі бар сөздерді сауатты жаза алады.
Көптеген оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып оқиды, ц дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай алады.
Кейбір оқушылар: ц дыбысына жұмбақ құрастырады және ц дыбысы бар сөздер қатыстырып, сөйлемдер құрап жаза алады.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне деген сенімділік қалыптастыру мақсатында дауыстап өлең оқиды:
Өмірдің мәні - жақсылық,
Біліп ал, бәрін ұғып ал.
Қадірін білсең жақсының,
Қазақтың жұлдызы жарқырар.
Өткен тақырыпқа шолу:
а) Үйге берілген оқу тапсырмасы:
Ч, щ әрпі бар сөздерден сөйлемдер құрап жазу.
Оқу материалын жариялау «Жұмбақ» әдісі арқылы болады.
Циркульда бар,
Сызғышта жоқ.
Циркта бар,
Сахнада жоқ. (ц)
- Ц дыбысы туралы не айта аласыңдар?
-Ендеше бүгінгі сабақта ц дыбысы бар сөздерді сауатты жазу жайлы білімімізді жетілдіру мақсатында тапсырмалар орындайтын боламыз.
«Санау» әдісімен төрт топқа бөлу.
|
Өлеңді дауыстап оқиды.
Үйге берілген тапсырманы қалай орындағанын түсіндіреді.
|
ҚБ:
2 балл
|
Интерактивті тақта
|
Сабақтың ортасы
10 мин
2 мин
2 мин
18 мин
|
(Т) 1-тапсырма «Сұрақ-жауап» әдісі, дәптермен жұмыс.
А) 39-жаттығу. Мәтінді оқы.
-Сұрақтарға жауап бер:
1. -Мәтін не туралы?
2. Мәтін неше бөліктен тұрады? Әр бөлікте не туралы айтылған?
3. Клоундар неге күлкілі болады деп ойлайсың?
4. Циркке барғанды ұнатасың ба? Неліктен?
5. Ц дыбысы бар сөзді тап. Оның айтылуына назар аудар.
6. Ц және с дыбыстарын өзара салыстыр. «Акробаттар», «Шабандоздар», «Клоундар» тақырыбы бойынша олардың цирктегі атқаратын қызметтерін топта талқылаңдар.
-
Саралау «Тапсырма» тәсілі арқылы жүргізіледі.
Кейбір оқушыға:
- Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырып, оған жауап бер.
Сергіту сәтінде қазақ күйіне билеу.
.
Ә) Анықтамамен жұмыс.
Ц – қатаң дауыссыз дыбыс. Ол басқа тілден енген сөздерде кездеседі: цех, цемент.
(Д) 2-тапсырма дәптермен жұмыс.
40-жаттығу. «Цирк қызықтары» тақырыбында өзің көрген оқиға туралы жаз.
41-жаттығу.
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Анасы балаларын циркке апарды. 2. Үй салуға цемент өте қажет. 3. Биыл әр гектардан ондаған центнер күріш жиналды. 4. Ол мотоцикл жүргізуді үйренді.
- Ц әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Дескриптор:
- «Цирк қызықтары» тақырыбында әңгіме жазады.
- Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.
- Ц әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Саралау тәсілі: «Қарқын».
Қарқынды оқушыларға:
- Ц дыбысы туралы жұмбақ құрастырып жаз.
Қарқыны баяу оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
|
Сұрақтарды топта талқылайды.
Мәтіннің не туралы екенін анықтайды.
-Мәтін бөліктерін табады.
- Клоундардың күлкілі болу себебін анықтайды.
-Ц дыбысы бар сөзді тауып, оның айтылуын анықтайды.
- Ц және с дыбыстарын өзара салыстырды.
«Акробаттар», «Шабандоздар», «Клоундар» тақырыбы бойынша олардың цирктегі атқаратын қызметтерін ажыратады.
билеп сергиді.
Анықтаманы жазып, жаттайды.
Цирк туралы жазады.
Сөйлемдерді көшіріп жазады.
Ц әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
|
ҚБ: 3 балл
ҚБ: 5 балл.
|
Оқулық, дәптер
Оқулық, дәптер
|
Сабақтың соңы
3 мин
|
Рефлексияны «Менің сөзім» әдісі арқылы береді.
Оқу тапсырмасы: 42-жаттығу.
|
Рефлексия жасайды.
Оқу тапсырмасын жазып алады.
|
ҚБ қойылады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |