Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
Оқу сабағының жоспары
Сабақтың тақырыбы “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы
Модуль /пән атауы:Ақпараттық анықтамалық және интерактивті веб порталдың қызметтерін пайдалану
Педагог: Төлеген Бейсенбай Бердіжаппарұлы дайындады
2024 жылғы 29Қаңтар
1.Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 2курс,МДТ 22-9/2
Сабақ түрі: Информатика
2. Мақсаты:
Құралдарды үйрету
3.Міндеттері:
Құралдарды үйренеді
“Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы туралы анықтама
4 .Қажетті ресурстар:
1.Ұ.М.Смайлова. ортасында деректер базасын бағдарламалау – Алматы. 2011.
2.О.Камардинов. Еңбекті қорғау 5-6. Шымкент-2002 ж.
5. Сабақтың барысы:
Түсіндіру кезеңі: Қазіргі уақытта қазақстандық экономиканы цифрландырудың артып келе жатқан өзектілігі әлемдік аренада еліміздің одан әрі экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатқа жетудің негізгі құралы — «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.
Цифрландыру ұлттық экономиканың қозғаушы күші және тұрақты жұмыс орындарын құрушы бола алады. Цифрландыру жұмыс орындарын құрудың жаңа толқынын бастауға мүмкіндік беретін Қазақстан экономикасына жаңа технологиялардың бейімделуі мен оларды әзірлеудің қозғаушы күшіне айналады. 2019 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру аясында 8 мың жұмыс орны құрылды.Бағдарламадан түскен жалпы экономикалық тиімділік 2018 және 2019 жылдары 600 млрд теңгеден асты. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы, көлік және тау-кен металлургиясы салаларында цифрлық технологияларды енгізуде айтарлықтай елеулі жетістіктерге қол жеткізілді.Цифрлық технологиялардың одан әрі интеграциялануы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге аса қабілетті 30 елдің қатарына енуі үшін және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту үшін өте маңызды.Электронды еңбек биржасы.Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру тұрғысынан электронды еңбек биржасы сәтті жұмыс істеп тұр. Соның нәтижесінде жұмысқа орналастыру процесі екі есеге қысқарды, ал жалпы процедураның өзі айқындана түсті.2019 жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 488 мыңнан астам жұмыс іздеуші жұмысқа орналастырылды, олардың ішінде 350 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты.
Сондай-ақ, электронды еңбек шарттары іске қосылып, бүгінде 742 мың электрондық келісімшарт жасалды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік еңбек саласында 9,8 млн-нан астам қызмет көрсетілді, ал мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электронды форматта ұсынылды.
Цифрлық жобаларды іске асырудың арқасында жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер шамамен 862,2 млн теңге үнемдеді. Еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесін пайдалану кезіндегі шығындарды үнемдеу 292,4 млн теңгені құрады.
Индустрия 4.0.«Экономика салаларын цифрландыру» бағыты аясында өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарын технологиялық қайта жарақтандыру Индустрия 4.0 элементтерін қолданумен жүзеге асырылатын отын-энергетика және тау-кен металлургиясы кешендерінің кәсіпорындарында цифрлық технологиялар енгізілуде.
Мұнай-газ саласында Атырау мен Павлодар мұнай-химия зауыттарында 3 жылдық жөндеу аралық кезеңіне өту жүзеге асырылды, бұл жөндеу шығындарын азайтуға және өңдеу көлемін жылына орташа есеппен 300 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік берді.Сондай-ақ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай»АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ 4 кәсіпорны «Зияткерлік кен орны» ақпараттық жүйесін іске асыруда.Аталған технологияны енгізу электр энергиясын тұтыну шығындарын 15%-ға дейін оңтайландыруға, өндіру деңгейін 2%-ға дейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар кен орындарын орталықтандырылған басқаруды және қашықтан бақылауды, ұңғымалар мен кәсіптік жабдықтар жұмысын оңтайландыруды қамтамасыз етеді.Темір жолдағы ақаулар мен рельстердің кемшіліктерін уақытылы анықтау есебінен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыру үшін «Магистраль» автоматты басқару жүйесін енгізу» жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта магистральды желілердің инфрақұрылымын диагностикалауды 3 мобильді диагностикалық кешендер (МДК) жүргізеді. Сонымен қатар, қосымша 3 МДК құру жоспарда бар.Мобильді диагностикалық кешендер жұмысының нәтижелері бойынша 2019 жылдың 4-тоқсанында шамамен 19 000 шақырым жол диагностикаланды. Сонымен қатар, 190 шақырымнан астамы қанағаттанарлықсыз бағамен анықталды. 85-ке жуық өте ақаулы рельстер айқындалды, яғни рельстің 85 омырылу жағдайына жол берілмеді.Зияткерлік көлік жүйесіКөлік пен логистиканы цифрландыру тұрғысынан «Зияткерлік көлік жүйесі» жобасы іске асырылып жатыр, ол автомобиль жолдары, көлік құралдары, ақылы жолдар арқылы жүру, қалааралық автобустардағы жолаушылар, сондай-ақ рәсімделген билеттер туралы мәліметтерді жинайды және өңдейді. Зияткерлік көлік жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірі — Ақы алу жүйесі, сонымен қатар Жол қозғалысы қатысушыларына жолдағы жағдай туралы ақпаратты жинау және ұсыну жүйесі болып табылады.Бүгінде 3 учаскеде Ақы алу жүйесі іске қосылды: Алматы – Қапшағай (42 км), Алматы – Қорғас (295 км) және Нұр-Сұлтан – Теміртау (134 км) жалпы ұзындығы 471 шақырым.Көліктік бақылауды автоматтандыру үшін 24 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы енгізілді.Олардың көмегімен 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап салмақ параметрлері бойынша 82 бұзушылық анықталды және алымдар мен айыппұлдар түрінде шамамен 8,6 млн теңге өндіріп алынды.Өнеркәсіпті цифрландыру аясында цифрландырудың тиімділігі мен әсерін көрсетуге, кедергілерді анықтауға және мемлекеттік қолдау құралдарын әзірлеуге мүмкіндік беретін модельді цифрлық фабрикалар құру жобасы жүзеге асырылып жатыр. 51 жобаны іске асыруға бастама білдірілді, оның 16 жобасы аяқталды.
Үйге тапсырма беру:
Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы туралы толық оқып түсіну
Достарыңызбен бөлісу: |