Сабақтың тақырыбы: «Цифрлық әлемге саяхат»



Дата26.03.2024
өлшемі23.19 Kb.
#496537
түріСабақ
«Цифрлық әлемге саяхат»


Сабақтың тақырыбы: «Цифрлық әлемге саяхат»



Сабақтың мақсаты:


Білімділік: оқушылардың АКТ пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.


Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру, өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.


Тәрбиелік: Оқушыларды сабырлылыққа, жылдам қимылдауға, тиянақтылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ


Жабдықталуы: Интерактивті тақта, ноутбуктер.


Көрнекілігі: Слайд презентация, ойын сайттары.


Пән аралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі , ағылшын, математика.


Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды жеке-жеке отырғызу.


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Цифрлық әлемге саяхат» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Цифрлық әлемге саяхат» атты
сайысымызға қатысушыларды қошеметтеп ортаға шақырайық және оқушыларды номер таңдау арқылы , номерленген орындарға отырғызайық.


Бүгінгі сайсымызда жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.


1.__________________
2.__________________
3.__________________


Сонымен, сайыс кезеңдерін атап өтейік:
1 - кезең. «Жұбын тап» ойыны
2 - кезең.. «Бейне сұрақ әлемі»
3 - кезең.. «Scratch шебері »
4 - кезең.. «Report and translate»
Кезеңдермен таныс болсақ, сайысымызды бастайық.
І кезең
Әр қатысушы алдарындағы ноутбукте берілген https://learningapps.org/ сайтында құрастырылған тапсырманы орындайды, яғни дұрыс жауабын сәйкестендіреді.

  1. Компьютердің құрылғылары

  2. Сурет терминдері

  3. Әлеуметтік желілер мен мессенжерлер

  4. Paint құрал-саймандары

  5. Scratch командалары

  6. Компьютерде дұрыс отыру ережесі

  7. Алгоритмді сипаттау.

Бұл тапсырмаға 10 ұпай беріледі.
Жүргізуші: Әділ қазылар, қатысушылардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз және де аз ұпай жинанған 2 оқушымен қоштасамыз .
ІІ кезең
Ойыншыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың «Бейне сұрақ әлемі» деп аталатын , ІІ кезеңіне өтейік. Бұл бөлімде қатысушыларға бейне сұрақтар қойылады. Жауап нақты, болу керек. Әр оқушыға интерактивті тақта арқылы 1 бейне сұрақтан береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1 сұрақ.
2 сұрақ.
3 сұрақ
4 сұрақ
5 сұрақ
Жүргізуші: қатысушылардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз және де аз ұпай жинанған 2 оқушымен қоштасамыз .
ІІІ кезең
Ал, ендеше «Scratch шебері» атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде интерактивті тақтаға Scratch тапсырмасы беріледі. Қатысушылар осы тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындауы керек. Берілетін уақыт 10 минут. Тапсырманың дұрыс әрі жылдам орындауына 10 ұпай беріледі. Уақыт біткен соң, оқушылардың ұпайларын есептеп, алға шыққан 2 оқушы келесі кезеңге өткіземіз.


Жетпесіне жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден
Жаңалықтың жаршысы
Жұртты елең еткізген –деп,
ІV кезең
Олай болса, АКТ пәні математика пәнімен және үш тілділікпен тығыз байланысты болуына байланысты 4 - кезеңіміз «Report and translate» деп аталады. Яғни сайысымыздың аты айтып тұрғандай, жылдам есепте және 3 тілге аудар .
Бұл кезеңде есеп беріледі және 2 минут уақыт . Есептің жауабын шешіп, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Дұрыс жауап 10 ұпай және бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, 3 тілде жауап берсе 30 ұпай қосылады.


Жүргізуші


Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен деп,
4 кезең бойынша қатысушылардың ұпайын санаймыз.


Әділқазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылады.


Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Цифрлық әлемге саяхат» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет