Сабақтың тақырыбы: Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының құрылысының принципі. Модельдеу «ДНҚ молекуласын құру»



бет1/3
Дата28.02.2023
өлшемі412.27 Kb.
#470171
түріСабақ
  1   2   3
3 т 3-сабақ


Бөлім:

9.3B Молекулалық биология

Педагогтің аты-жөні:

Сұлтансиық Г

Күні:

16.01

Сыныбы: 9 ә

Қатысушылар саны: 16 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының құрылысының принципі. Модельдеу «ДНҚ молекуласын құру»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.1.2 - ДНҚ молекуласының қос шиыршықты құрылымын сипаттау
9.4.1.3-ДНҚ-ны құрылымдық қағидалары негізінде үлгілеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
ДНҚ молекулалық құрылысының принцптерін біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту



Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.ДНҚ дегеніміз не?
2. Оның құрылымын кім ашты?
3. Ол молекула не үшін керек?
4. ДНҚ құрылысы қандай?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.



Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет