Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп Сабақтың мақсаты



Дата16.06.2016
өлшемі57.22 Kb.
#139405
түріСабақ
Қарағанды обл

Жаңаарқа ауданы

№ 132 орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі



Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы

Күні 30.05.2014ж

Пәні қазақ тілі

Сыныбы 2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп

Сабақтың мақсаты:

  1. Дыбыстар және әріптерді ,и,й,у әріптерінің жазылуы туралы алған білім,біліктерін қайталау;Я, Ю дыбыстарының қосарлы дыбыс екенін және жазылуын еске түсіру.




  1. Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу. Сөздік қорын, көру зейінін және есте сақтауын дамыту;

3. Топпен жұмыстар арқылы ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай


білуге,табиғатты аялауға,үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап,ой қозғау,түсіндіру

Пәнаралық байланыс: математика,ағылшын тілі, дүниетану,өзін-өзі тану


Көрнекілігі:семантикалық карта, слайд,

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

490-жаттығу



  • У қандай дыбыс?

Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз дыбыс болады.

Дауыссыз дыбыстан соң сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты дыбыс болады.

Семантикалық карта




У дауысты

У дауыссыз

тауық




+

қауын




+

су

+




уылдырық




+

жусан

+




сурет

+




уақыт




+

Алдымыздан Аяжан мен Елдос шығып:Балалар, сандардың құпиясы туралы тереңірек білу үшін Білімпаз атайға сандар апара жатқанбыз. Алдымыздан мыстан кемпір шықты да, бір санды ұрлап әкетті Енді соны табуға бара жатырмыз.Көмектесесіңдер ме?

Мыстан кемпір: Әуелі сұрақтарға жауап беріңдер.


Ой қозғау

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Әріп дегеніміз не?

/Жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады/

Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз.



  • Дауыстар нешеге бөлінеді?/Дауысты,дауыссыз/

  • Дауысты дыбыс қалай жасалады?

Ауа – өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.

  • Дауыссыз дыбыс қалай жасалады?

Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.

  • Әріптер жиынтығы қалай аталады?

Алфавит

Ағылшын тілінде қанша әріп бар?

26

Нешеуі дауысты дыбыс?Дауысты дыбыстарды ата.



6 A ,E, I ,O, U, Y

Нешеуі дауыссыз дыбыс?

20

ІІІ.Мағынаны таныту.

Түсіндіру

ЦБР /электронды оқулық/ №4066 сабақ

Аюда бар
Тиінде жоқ


Оюда бар
Түйінде жоқ (Ю әрпі)

Я, ю әріптері әдетте дыбыстардың қосындысын білдіреді.

Я қандай дыбыс?

Я - қосарлы дауысты дыбыс.
Я әрпі қандай дыбыстардан құралған?
Я әрпі йа дыбыстарынан құралған.
Сөзде йа дыбыстары естілгенімен,жазуда олардың орнына я әрпі жазылады.

Ю қосарлы , дауысты дыбыс.

-Ю әрпі қандай дыбыстардан құралған?
Сөзде йу дыбыстары естілгенімен,жазуда олардың орнына ю әрпі жазылады.

Ескерту!


И+у естілуі бойынша кей сөздер солай жазылады.Мысалы:Миуа-өсімдік,кейуана-жасы ұлғайған,кәрі,қарт мағыналарын білдіреді.айуан –жабайы аңдар, хайуан.
ІҮ.Тақтамен жұмыс

Көркем жазу

Ю ю Я я

494-жаттығу Сөздерді көшіріп жаз.

Аю,оюшы,көркею,пияз,зиян, мия./иу,йа/


  • Ю,я әріптері қандай дыбыстардың орнына жұмсалған?

495-жаттығу

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

Әкем шөп маялады.Көктемде өзен суы молаяды.Ғ -ұяң, дауыссыз дыбыс.Әлия - озат оқушы.



  • Я әрпі қай дыбыстардың орнына жазылып тұрғанын айт.

  • Я әрпінің алдынан келген дауыстының астын сыз.


Ү.«Мықты болсаң,тауып көр» ойыны

Шарты:Дыбыс саны мен әрпі саны бірдей сөздерді сол бағанға,бірдей еместерді оң бағанға жаз.


Кептер,қия, дала, кітап,аяз, таяқ, жол, сәбіз,қоян,шаян, балық,ою,қию.

496-жаттығу

Қай сөздерге у әрпін қосқанда ю болады?Сол сөздерді көшіріп жаз.

Жию, түс,кию,ұмтыл,үю, қою,жаю,талпын.

Ескерту!

Сөздегі и әрпінен соң у жазылмайды, ю жазылады: кию, қию,жию


ҮІ.Топтық жұмыс
1 топ Криптограмма. ҚАЗАҚСТАН

Мұнда топқа криптограмма беріледі. Берілген топ өздеріне ең көп сөз тауып жазады.



2 топ

2

9

4

7

5

3

8

6

р

б

ы

л

а

і

т

к


932736- бірлік / шыққан сөзге дыбыстық талдау жасау/
3 топ «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбына сурет салу
497-жаттығу

Көп нүктенің орнына и,я, ю әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

София үйдің ішін жинады.Балапан ұядан ұшты.Бұлт қоюлана түсті.Күнге көп күю зиян.Шөптер сарғая бастады.Ақ аю Мұзды мұхитта болады.
498-жаттығу Өлеңде нелер туралы айтылған?

Түлкі туралы сипаттау мәтінін құрастыру. .

Түлкі – жыртқыш аң. Оның түсі қызғылт, құйрығы ұзын болады. Ол далалық жерді мекендейді. Ол қоян, тышқан аулайды.
Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа. Түсі ақ,сұр болып келеді. Қояндар өзіне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды. Бұта түбінде, орман жиегінде тіршілік етеді.
Ой қорыту

1.Қазақ тілінде неше әріп бар?

А)43

Б)42

С)41


2.Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

А)5


Б)4

С)3
3.Жуан дауысты дыбыстарды көрсет.

А).а,ә,қ,т



Б)о, а,ы,ұ

С)ә,і,е,ү,и


4.Үнді дауыссыз дыбыстарды тап.

А) л,м,н,р

Б) қ,р,н,с

С)ш,қ,п,т

5.Дауыссыз дыбыстар түрлерін белгіле.

А)Жуан,қатаң, үнді

Б) қатаң, ұяң,үнді

С)жуан,жіңішке


Ағылшын алфавитінде тұрған екінші әріп қандай? B

Төртінші тұрған әріпті ата.D


Қорытынды:

Құпия сандар 1,7,9

Құпия сан туралы не білеміз?


1-мамыр  Қазақстан  халқының  бірлігі  күні

Аяжан:Рахмет.Көмектескендеріне , біз риза болдық.

Білімпаз атадан 1, 7, 9 сандарының құпиясын білуге бара жатырмыз. Ал сендер оның құпиясын білесіңдер ме?

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.


Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік
Мәңгілік елмен бірге – жарқын болашаққа бірге қадам басайық!

Мәңгілік Елдің тұрғындары және соны дамытушы сендерсіңдер,жас ұрпақ!



Үйге 499-жаттығу

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Бағалау


Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ресейге бодандығы. Әбілқайыр ханның саясаты Сабақтың мақсаты
lessons -> 1. Махамбет Өтемісұлының жауынгер де абзал досын, көтеріліс басшысын табыңыз
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Ароматты көмірсутектер. Сабақтың мақсаты
lessons -> Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Біз информатика әлеміндеміз»
lessons -> Ескерту: Әр кезеңнен кейін оқушылардыі ұпай саны хабарланып отырады. I кезең: «Сәлем-сөздің анасы»
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы №1 сабақ
lessons -> Курманов Болат Анарбекович «Тағдырын білем ауған даласының» атты ардагерлермен кездесу кеші сыныптан тыс іс-шараның сценарий
lessons -> Ұлы жеңіс жасасын!
lessons -> «Нұрлы жол» жалпы орта білім беретін мектебі кмм «информатика әлемінде» сыныптан тыс шара Информатика пәні мұғалімі: Оспанова Айжан Жақыпбекқызы
lessons -> Сабақтың өткізілетін күні Пәні: Есептеу кешендерінің операциялық жүйелері


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет