Сабақтың тақырыбы Дінаралық келісім-қоғам тұрақтылықтың кепілі Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттар



Дата19.05.2022
өлшемі38.96 Kb.
#457458
түріСабақ


Мектеп

№7 М.Әуезов атындағы орта мектеп Атырау қаласы

Бөлім

8- бөлім Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік. Синтаксис

Педагогтің аты-жөні

Куракбаева Кумисай Куанышевна

Күні

13.04. 2021 жыл

Сынып: 9 «а» сыныбы

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дінаралық келісім-қоғам тұрақтылықтың кепілі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттар

9.2.3.1 тұжырымдамалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

Сабақтың мақсаты

Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату. Құрылымы мен даму желісін сақтап, эссе жазу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы


Қызығушылығын ояту
«Миға шабыл» статегиясы бойынша үй тапсырмасын қайталау.
Тақырыпқа қатысты сөз және сөз тіркесімен танысып, мағынасын анықтаңыз.

Дін




Басқа діндердің сеніміне, идеяларына төзімділік таныту

Діни конессия

Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған сену

Дінаралық келісім

Әртүрлі діндер арасында болатын қарама –қайшылықтар

Дінаралық қақтығыс

Белгілі бір діни сенімді ұстанатын діндарлар бірлестігі

Өзіңді тексер!

Дін




Басқа діндердің сеніміне, идеяларына төзімділік таныту

Діни конессия

Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған сену

Дінаралық келісім

Әртүрлі діндер арасында болатын қарама –қайшылықтар

Дінаралық қақтығыс

Белгілі бір діни сенімді ұстанатын діндарлар бірлестігі

С абақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.



Бағалау критерийі

Дескриптор

Тұжырымдамалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.

Мәтінді өте жақсы түсінеді және тиісті мағыналарды аша біледі.

Тапсырманы орындау үшін материалды еркін қолданады.

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап,өз ойын дәлелдеп жазады.

Құрылымын сақтайды.

Көркем тіл құралдарын қолданады.

Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін ережеге сай қолданады.




Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбына болжау жасайды.











Сабақтың ортасы


1-тапсырма
Мәтінді оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратыңыз.


Қақтығыстарды реттеудің әдістері
Тар мағынада «Қақтығыстарды реттеу» термині қақтығыстарды басқару тәсілінің бірі деп қарастырылады. Оның қолданылуы қақтығыстардың жойылуын немесе аяқталуын білдірмейді, тек екі қарама-қарсы жақтың бір-біріне деген өшпенділіктерін шектей тұру, шығынға әкелмеуді білдіреді. Негізгі мағынасы қақтығыстарды алып тастау емес, оны нәтижелі қылу.
Келіссөздер – тек қана қақтығыстың аяқталып, оның реттелуінен, шешілуі ғана емес, сондай-ақ қақтығыста қатысу әдісі, оның дамуының бір формасы болып табылады. Келіссөздер процесінің өзі оған дайындық, бұл процесс кезінде екі жақты татуластыру үшін қақтығыстың дамыған кезеңінде қолданылып, қатысушылардың өз көзқарастары мен құндылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Келіссөздер – бұл біріншіден, ортақ көзқарастарды көздеген шаралардың бірі. Келіссөздер кезінде көрінетін бәсекелестікте, бір жақ екінші жаққа өзінің көзқарастарын жүзеге асыратындай іс-қимыл кезінде сыйақы алуға мүмкіндік береді.
Келіссөздер – бұл екі жақтың да көзқарастары мен мүдделері көзделген картаға қойылған стратегия. Әрине екі жақ бірден келісімге келе қоймайды. Келіссөздер кезіндегі күштердің арақатынасына сай олардың мазмұны мен көзқарастары, келіссөз жүргізушілердің жеке стилі мен келіссөзер формасы, фазалары, келіссөз жүргізу тәсілі әртүрлі болып ауыса береді. Келіссөздерде, әрине, қақтығыстарға қатысушылар күші мен олардың бір бірімен күреске дайындығының арасындағы арақатынас маңызды болып табылады.
Келіссөздерді қақтығысқа қатысып отырған бөлек мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, жеке азаматтар, делдалдар мен қызығушы топтар жүргізе алады, бірақ тәжірибе көрсеткендей, біліктілігі бар, осы салада сәтті келіссөздер жүргізіп танылған, арнайы дайындықтан өткен адамдар ғана келіссөздің сәтті өтуіне себепші болады. Оның классикалық мысалы келіссөз жүргізуші – басқалармен диалог жүргізуде өз елінің көзқарасын білдіретін дипломат-елші болып табылады.
Б.И. Нұрбосынов, Р.Ғ. Ережепова


2-тапсырма
«Еркін жауап» стратегиясы
.
Қарулы қақтығыстардың құрбаны болып жатқан жеткіншектердің тағдыры әрбір саналы азаматты бейжай қалдырмасы анық. Балалық шағын ұрлаған олардан қарулы қақтығысты тоқтатуды талап етіп, бейбітшілікке шақыра отырып, мақала жазыңыз.





9-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы





Сабақтың соңы

Қосымша тапсырма
132-бет 5-тапсырма
Мәтінді оқып, жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырып жазыңыз.

«Қақтығыстардың зардабы» тақырыбына ой толғау жазады.







Кері байланыс

- Нені үйрендім?
- Не нәрсе түсініксіз болып қалды?
- Немен қайта жұмыс жасау керек?
Сабақ бойынша қандай сұрағың бар? (1-2 сөйлеммен жазыңыз)
Орындалған жұмыстарды мұғалімнің электронды почтасына немесе WhatsApp номеріне жазыңыз











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет