Сабақтың тақырыбы: Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер



бет1/2
Дата08.12.2023
өлшемі0.81 Mb.
#485901
түріСабақ
  1   2
Қысқа мерзімді жоспар . "Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер" 5 класс


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1С
Жай бөлшектер



Мектеп: «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні: 17.10.17

Мұғалімнің аты-жөні: Кымызбаева Балжан Мухтаровна

Сынып: 5 «А»

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы:

Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме )

5.1.1.10 Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату

Сабақтың мақсаттары:

  • Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер туралы түсінік алады

  • Олардың бір-бірінен айырмашылығын ажыратады.




Бағалау критерийлері:




Тілдік мақсаттар:

Дұрыс және бұрыс бөлшектің анықтамасын айту арқылы математикалық тілде сөйлейді.
Пәнге тән лексика мен терминология: дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер



Құндылықтарға баулу:

«Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы»




Бастапқы білім:

Жай бөлшекті оқи және жаза алады, жай бөлшектің негізгі қасиетін біледі

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы (8мин)



Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) :

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

  • Жағымды психологиялық ахуал туғызу; ( Жүректен-жүрекке)

  • Оқушыларды топқа бөлу (геометриялық фигуралар бойынша);

Үй тапсырмасын тексеру(5 мин):
«Жаңғалақтың жедел хаты» әдісі. Жедел хатпен келген мәтін ішінен қате тұжырымды тауып, түзетеді.
Мақсаты: оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіре отырып, өткен тақырыпты меңгеру деңгейлерін анықтау;
Хаттағы мәтін:
1) Жай бөлшектің алымы және бөлімі болады. Алымы бөлшек сызығының астында, бөлімі үстінде жазылады. Жай бөлшектің алымы шығыс септігінде, бөлімі атау септігінде оқылады.
2) Бөлшектің алымын да, бөлімін де олардың бірден өзге ортақ ең кіші ортақ еселігіне бөлуді бөлшекті қысқарту деп атайды. жай бөлшегінің ең үлкен ортақ бөлгіші 2-ге тең.
3) Егер бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға қоссақ немесе азайтсақ, оған тең бөлшек алынады.
жай бөлшегі мен бөлшегі тең болады.
4) және қысқартылатын бөлшектер.
жай бөлшегін 2-ге қысқартсақ, -ге тең болады.

Бағалау: көңіл-күй смайликтері арқылы







Хатпен келген мәтін






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет