Бөлім:
|
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Сапаримбетова Б.Б
|
Күні:
|
|
Сыныбы:6
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
6.2.2.16 екі айнымалысы бар теңдеудің анықтамасын және қасиеттерін білу;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар екі айнымалысы бар теңдеудің анықтамасы және қасиеттерін біледі.
Көпшілік оқушылар үшін:
Білім алушылар теңдеудегі у айнымалысын х арқылы және х айнымалысын у арқылы өрнектейді
Кейбір оқушылар үшін:
Білім алушылар теңдеудегі берілген мәндер жұбы арқылы х-тің коэффициенті а-ның мәнін, у-тің коэффициенті в-ның мәнін табады
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
|