Сабақтың тақырыбы: «Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері»



Дата26.08.2024
өлшемі0.73 Mb.
#503218
түріСабақ
Био ақпан қмж


Қысқамерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: «Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері».

Бөлім:

11.3 Биомедицина және биоинформатика

Педагогтің аты-жөні:

Мәметбек.А

Күні:

07.02.2024ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.4.4.1 - электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Тірі организимде электромагниттік және дыбыс толқындарының биологиялық әсер ету ерекшеліктері.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Элекромагниттік спектр деген не?

2. Радиотолқын ұғымына сипаттама бер.


3. Электромагниттік сәулеленудің негізгі сипаттамалары қандай?





Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Электромагниттік толқындарға сипаттама береді.

Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.




Оқулықта берілген білу және түсіну айдарындағы тапсырманы орындатады

1. Электромагниттік толқындар спектрін сипаттайды.

2. Электромагниттік толқындардың табиғаттағы негізгі көздерін атайды.



Дескриптор:
Жалпы балл-3
1. Тапсырманы сипаттап түсіндіреді.



ДК экраны
11-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері




Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады

1. Электромагниттік сәулеленуді жиілік диапазондары бойынша бөлуді талдайды.



Дескриптор:
Жалпы балл-3
1. Берілген тапсырманы талдайды.

ДК экраны
11-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері




Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет