Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған Мақсаты



Дата29.06.2016
өлшемі86.83 Kb.
#165040
Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту.

Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер, шар, суреттері, проектор, слайд.
Мұғалім: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі сынып сағатымызға қош келіпсіздер! Кешіміздің жүргізушілеріміздң ортаға шақырайық, таныс болыңыздар – Сағындық Асылан, Кәден Еркеназ, Ислам Әлихан және Кенжебек Балжан
Еркеназ - Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Асылан -Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан.
Балжан - Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Әлихан-Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші!
Еркеназ-Ару - ана,
Асылан-Ару - асыл жар,
Балжан -Ару – көңілдің гүлі,
Әлихан- Ару - өмірдің жыры.
Еркеназ-Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған, сыныбымыздың дайындаған «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған!» кешімізге қош келіпсіздер!
Балалар бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!!!
Әлихан

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.
Хор: «Анашым »

Асылан:

Ақ анашым, аппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.

(Балалардың тақпағы айтылады)

   1-ші оқушы Бейбарыс

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.



4-ші оқушы Акжол

Ана десем шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана десем, тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады!

Бұдан кейін “Анашым” әні орындалады.

 6-шы оқушы Диас

Анасыз бір жоқ күнің,

Әжесіз бір жоқ күнің

Ұсынамыз бүгін біз

Сөздің сұлу шоқ гүлін.

8-ші оқушы Асыл Темирлан

Жақсы оқыған сабағын

Балаға мен – ағамын.

Біздер үшін

Ананың

Бұлт баспасын қабағын.



 9-шы оқушы Темирлан

Қуаныштың, ағайын,

Қоңырауын қағайын.

Ағартпасын тентектер,

Бір ананың самайын.

10-шы оқушы Марлен

Мұрат, мүлде, мақсаттың,

Жақсы күн мен жақсы түн.

Нағыз бақыт – ананың

Ақтау дер – ем ақ сүтін.

18-ші оқушы Аманкелді

Аялаған, баптаған,

Асыраған, сақтаған,

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып  беріп үйреткен

Анамызға мың алғыс!



20-шы оқушы Алихан

Адал бол деп балдырған

Әділдікке баулыған

Жүрегінде махаббат

Анамызға мың алғыс!

   21-ші оқушы Баглан

Сегізінші наурыз келді,

Шаттық сезім ап келді.

Қуанышты күнде енді

Құттықтаймыз сіздерді.

Аналарға мың алғыс!

22-ші оқушы Асылбек

Өзіңсін, сүйікті ана – құдіретім,

Жанымда жадыратып күлдіретін.

Сендегі маған деген махаббаты

Нұр толы қос жанарың білдіреді.

     24-ші оқушы Касым

Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам,

Анашымды күнге ғана баласам.

Жер бетінде ең жақыным – өзіңсің,

Мәпелейсің, аялайсын әрқашан.

    25-ші оқушы Асылан

Қиялымды қалықтатып қыр асам,

Көкте ұшқан құс пенен де таласам.

Арманым бар бір өзіңе арналған,

Үлкейгенде қажетіңе жарасам.

26-шы оқушы Нурдаулет

Ана деген – бұл өмірдің иесі,

Қасиетті табиғаттың киесі.

Тылсымдайын дүниені жаратқан

Пәк жүректің, жер әлемнің жүйесі.

Әділет


Ана – бала – өмірлік егіз ұғым,

Арнау керек соларға жүрек жырын.

Ана мен балаға арнап көк аспанан

Тәңірім сыйлай берсін таңның нұрын.



Еркеназ: -Құрметті ата-аналар, сыныбымыздың әншісі Тамилланың орындауында «Сарыарқа» әнін қабыл алыңыздар

Әлихан

Қыздар, қыздар, қыздар - ай,
Қыр төсінен гүл терсе жан жарасып.
Самал тербеп көк майса құлпырады,
Табиғаттың тұрғандай нұры тасып.
- дегендей бүгінгі сыныбымыздын қыздары арасында өтетін «Көктем аруы» атты сайысымызға қош келіпсіздер!


Асылан:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Әлихан
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қошеметпен қарсы алайық. шашу шашып!


Асылан
Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше біз де өзіміздің лайықты ықылас ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарымызды таныстырып өтейік.



Еркеназ: Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл, сана.
Көркіне ақылы сай келетін,
Сыныптас дос, Ақбаян да ортамызда!



Асылан: Көрікті де, сымбатты,

Арайлым біздің әдемі.
Намысын қорғап бүгінде,
Қыз сынына келіпті.



Балжан: Аруана біздің өнерлі,
Көңілді өмір сүреді.
Қыз сынындай сайысқа,
Алып келді өнерін.



Әлихан: Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Келесі бізде Сабина
Көрінген күштің басынан.



Асылан: Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,
Бәріде арманына қолын созар.
Арманың орындалсын, Анель бүгін,
Бұйырса бақыт құсы саған қонар.



Балжан:

Бүгінгі ұл - ертеңгі – әке, бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт - дәстүрін, әдеп - ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру басты мақсат. Сондықтан да осы тәрбие сағатына дайындық барысында қыздарымыз көп оқып, өз білімдерін көрсетеді деп ойлаймыз.
Асылан:
Әділдікпен баға берер аруларға
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Ару қызды таңдап бүгін алайық.
Ал, енді, қыздарымызға әділ баға беретін әділ - қазыларымен таныс болыңыздар:
1. 3.
2. 4.


енді қыздарымызды сайыстың өтілу барысымен таныстырып өтейік:
Еркеназ 1 - шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады.
Асылан 2 - шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
Балжан 3 - шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
Әлихан 4 - шарт. «Он саусағынан өнер тамған». Арулар өздерінің үйден жасап келген
қолөнерлерін көрсетеді.
Балжан 5 - шарт. «Сәндік өнер»
Асылан Ал, енді, сіздердің қошеметтеріңізбен бірінші сайысымызды бастайық.
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен арулар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Байқауымыздың 1 - ші кезеңі «Таныстыру».
Еркеназ №1 аруымыз Қайролла Ақбаян

Әлихан №2 аруымыз Сейтжанова Арайлым

Балжан №3 аруымыз Серғали Аруана

Асылан №4 аруымыз Рахымжанова Сабина

Әлихан №5 аруымыз Оразаева Анель
Слайд
Еркеназ: Ортаға сыныбымздың биші қыздарын шақырамыз
Әлихан:
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
Байқауымыздың 2 - ші кезеңі «Өнерін көрсету».


Еркеназ Еркеназ: Сыныбымыздың мақтаныштары, Халықаралық «Ғұмырдария» байқауының «Вокал» номинациясының 2 орын иегерлері Әділжан мен Елнұрдың орындауында «Туған жер» әні

Мұғалім: Ойын: «Аялы алақан»

Ата - аналар сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларының тапқызу.

2-ші ойын.

Баласына қағазға жазып 1 сөз беру (мысық) осы жануарды сөйлемей мимикамен көрсету, ал анасы қай жануарды айтқанын табу. Келесі анасына беру сөзді оны бала табу керек

Асылан: Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
Байқауымыздың 3 - ші кезеңі ««Сұрақ - жауап»


Еркеназ: Келесі 4 кезең «Он саусағынан өнер тамған». Арулар өздерінің үйден жасап келген қолөнерлерін көрсетеді. Бекер айтпаған ғой « ас адамның арқауы»келесі төртінші шартымыз бойынша біз қыздарымыздың өз қолдарымен жасайтын салаттарын көріп бағалайық.
Қыздар өз қолдарымен жасаған салаттарын әкеледі
Балжан:
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі 5 сайысымыз «Сәндік өнер»


Балжан: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік
1 -«Көктем аруы»
2 - «Инабатты ару»
3 - «Өнерлі ару»
4 - «Сымбатты ару»
5 - «Ақылды ару»



Асылан: Мерекені қарсы алып,

Мәз болғанда барша жұрт,

Гүл ұсынып қыздарға,

Сыйлық бердім мен өзім

- дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.

(Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)

Мұғалім: Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған!» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет