Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) «Білімдіден шыққан сӨЗ»



бет1/2
Дата03.01.2024
өлшемі187.05 Kb.
#488449
түріСабақ
  1   2
қмж т.сағ


«Бекітілді» ___________
Мектеп директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары: Ә.Ж.Жұмашева
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар №2

Тәрбие сағаты №2

«Білімдіден шыққан сӨЗ»



Күні:

01.12.2023

Сынып жетекші:

Өтебаева А.Ш

Сынып: 5 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Білімдіден шыққан сӨЗ»
«Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.» Абай.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың білім туралы ойларын кеңейте түсу,білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы,білім,ғылым жаңалықтарымен танысу. Оқушылардың ана тілін сүюге,адамгершілік қасиетін қалыптастыру,бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп,содан үлгі өнеге алуға баулу,ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мүдде.
-Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;
-Қазақ тілінің қолдануаясын кеңейту;
Талап:
-Білуге, жаңаны тануға құштар болу;

Рәсімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. «Менің көңіл-күйім» тренингі. Оқушылар өздерінің көңіл-күйлерімен бөліседі.

Оқушылар асықтар түсі арқылы екі топқа бөлінеді.



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, топ бойынша отырады.





слайд



Сабақ басы (13 мин)



Мұғалімнің кіріспе әңгімесі: -Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты-білім,ғылым туралы,білімнің адам өміріндегі маңыздылығы мен пайдасы жайлы білу.Халқымыз жан -жақты адамды «сегіз қырлы,бір сырлы »дейді.Адамның сегіз қырының бірі -оның білімі.Білімді адамның көкірегі ояу болады,жақсы мен жаманды айыруды біледі.Міне,осы туралы өз ойларыңды ортаға саласыңдар.Тәрбие сағатын өткізу үшін екі топқа бөлеміз. 1-топ.Білімділер.Ұраны: « Білімді мыңды жығады,батырдан дұшпан ығады.» 2-топ.Алғырлар.Ұраны : « Ғылым деген-бір бұлақ, көрінер көзін ашпаса»

Оқушылар топқа бөлінеді,ұранын таңдайды.



слайд 

Ортасы (20 мин)



1.Аталы сөз білімді болуға бастайды.
А.Қандай аталы сөздер білесіңдер?
Б. Халық тағылымы-тәрбие бастауы. 2.Біліммен қаруланған қор болмайды.
А.Білім туралы қандай заңдар білесіңдер? Б.Абайдың білім туралы айтқан ойлары. 3.Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез.Көрініс. 4.Білімсіз күнің жоқ.
А.Мақал-сөз көркі. Б.Қандай өлең жолдарын білесіңдер?
5.Ел ертеңі- көз алдымызда.
Бастаушы қоржыннан сұрақтар алып,сол бойынша жауаптар беріледі. 1.Аталы сөз білімді болуға бастайды. А.Қандай аталы сөз білесіңдер? 1-топ.1.Ашу деген-ағын су, Алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген-дария Алдын тоссаң тоқырар.
2.Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады.
3.Кісі бірге туыспау керек, Туысқаннан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады, Жол қуған олжаға жолығады.
2-топ.1.Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса. Халқына қайраны болмаса. 2.Суалмайтын суат жоқ Тартылмайтын бұлақ жоқ. Құйрығы суда тұрса да Құрғамайтын құрақ жоқ. 3.Жүзге бөлінгендердің жүзі қара Руға бөлінгендердің құруға асыққаны Атаға бөлінген адыра қалады Көпті қорлаған көмусіз қалады. Б.Халық тағылымы- тәрбие бастауы. 1-топ.Отан оттан ыстық деген не? Көктен биік деген не? Жерден ауыр не? Судан терең не?
Жерден ауыр дегенім ақыл,білім, судан терең дегенім оқу білім, оттан ыстық дегенім адам өмірі, көктен биік тәкәппардың көңілі.
3. не жетім жаңбыр жаумаса жер жетім, басшысы болмаса ел жетім, тыңдаушысы болмаса сөз жетім.
Дүниеде не тәтті, не жумсақ, не қатты? Ананың сүті тәтті, ананың қолы жумсақ, әкенің жүрегі қатты.
2. топ. Кім жақын? Тату болса ағайын жақын, ақылшы болса апайың жақын, бауырмал болса інің жақын, алдыңа тартқан адал асың, қимас жақын қарындасың.
Не қымбат? Алтын ұя Отан қымбат, қуат береке атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат, мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың жерің қымбат, бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
3. Не қиын? Арадан шыққан жау қиын, таусылмайтын дау қиын. Шанышқылаған сөз қиын, іске аспаған серт қиын, ақылыңнан адасып, өзің түскен өрт қиын.
Мұғалім. Балалар, әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт -дәстүрі, діні,тілі болатыны белгілі.біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Үлкенді тыңдау, оның сөздерін еске түйіп құрметтеуіміз керек.
1-жетекші. Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария.
2-жетекші. Көп өнеге сөзі бар, сөзі соқпақ өзі нәр.
Екі топтың жетекшісі қорытындылап отырады.
2. топ. Біліммен қаруланған қор болмайды.
1. білім туралы қандай заңдарды білесіңдер?
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.
2. топ. Бұл жобадағы білім жүйесінің басты міндеті мемлекеттік білім жүйесін жаппай ақпараттандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет