2. ДӘріс тезистері



бет1/22
Дата26.09.2023
өлшемі196.02 Kb.
#478597
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Ұлттық құндылық Лекциялар 2






2.ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ




№апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат саны

№ 1
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеу пәнінің мақсаты, міндеті, мазмұны
Дәріс жоспары
1. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеу пәнінің мақсаты, міндеті, мазмұны
2. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеу пәнінің мазмұны
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеу пәнінің мақсаты, міндеті.
«Қазақстан-2050» - Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясында» рухани бірлік пен ұрпақтар арасындағы сабақтастық, ұлттық сана-сезім мен жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін өзектендіре отырып, тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев бұның бәрі жақын болашақта Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін өркениетті жолмен құрудың қажетті шарты екеніне баса назар аударды.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей отырып, тұңғыш Президент тек мәдени кодты сақтай отырып қана (тіл, руханилық, салт-дәстүрлер) уақыттың сын-қатерлеріне жауап қайтара алатынымызға баса назар аударды. «Егер ұлт өзінің мәдени кодын жоғалтса, онда ол ұлттың өзі де жойылады». Тек тағылымды тарих, ата-бабалар даңқы ғана қазіргі уақыт қиындықтарын жеңуге мүмкіндік береді», - деген құнды пікірі ата салтымызды сақтауға, туған жер мен ел алдындағы парызымызды ақтауға шақырады.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы дегеніміз - өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз! Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану - аса маңызды міндеттердің бірі. Этнопедагогиканың негізі болып табылатын халықтық педагогика құралдары болып табылатын ауыз әдебиеті үлгілерін болашақ ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде тиімді пайдалану қажет,- деп есептейміз.
Пәннің мақсаты – студенттерді Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуымен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасап, оларды бастауыш оқушыларының ұлттық құндылығын тәрбиелеуге даярлау.
«Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
- Студенттерді денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлға ретінде қалыптастыру
- Студенттерді азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
- Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
- мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы студенттерді әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.
- жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде жоғары оқу орнында студенттердің танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру.
- Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және кәсіби тұрғыда үздіксіз дамуына қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру
«Мәңгілік Ел» идеясының мақсаты – ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік рухының жоғары даму деңгейі бар; Қазақстан халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұрақтылығын, дамуы мен тұрмысын жақсарту жөніндегі белсенді де шешімді іс-қимылдарға дайын болатын, ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын дамытып сақтауға жауапты, өзге мәдениеттер өкілдерімен сындарлы келісім құруға дайын мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу екені айқындалды.
«Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың көпғасырлық арман-мұратына, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген. «Мәңгілік Елдің» жұмылдырушы күш-қуаты келесілерге негізделген:
1) өз барабарлығын, өз тамыр-тегін, өз ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға;
2) әлем қауымдастығындағы өз рөлін айқындауға;
3) тарихи-мәдени құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үшін сақтауға
мүдделілікке;
4) маңызды міндеттерді барынша ауқымды түрде шешуге ұмтылысқа.
Оның басымдықтары – дәстүрлі құндылықтарды қолдау; ұлттық барабарлықты анықтайтын адамгершілік бағдарларды қалыптастыру және дамыту, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейту болып табылады.
2. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеу пәнінің мазмұны
Ұлттық бірліктің басты қағидасы ретінде ұлт рухын нығайтып дамыту біріктіруші және нығайтушы негіздер ретінде белгіленді. Рухани негіз – ұлтты біртұтас етіп біріктіретін күш. Халық рухы күшті болған сайын оның мемлекеттілігінің болашағы да жоғары. Бұл тарих пен біздің тағдырымыздың басты қозғаушы тетігі. Дәп ұлт рухы кез келген ел келбетінің қайталанбас қасиетін айқындайды, бағытын анықтап, дамуына екпін береді. Біздің ұлттық рухымызды көтеру үшін: дәстүрлер мен патриотизм рухы, жаңару, жарысу және жеңіске жету рухы; дәстүрлі құндылықтарға сүйену (тіл мен мәдениетке құрмет, имандылық, отбасы, ұрпақтар байланысы, патриотизм және төзімділік) қоғамның рухани негізі ретінде негізгі басымдықтар болуы тиіс
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады.
Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу менрухани жағынан қалыптасуыбарлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады.
Тәрбие мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады.
Қазір білім алушыларды саналуан шығармашылық іс-әрекетке тарту арқылы, соның нәтижесінде жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуы жүзеге асатын тәрбиеніңерекше құрамын анықтау маңызды:
Танымдық; ● Еңбектік;
Құндылық-бағдарлық; ● Спорттық;
Көркемдік; ● Еркін қарым-қатынастық.
Қоғамдық;
Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді:
Адам ● Дос
Ұл (қыз) ● Құқық қорғаушы
Аға (қарындас) ● Патриот
Немере (немере қыз) ● Азамат
Туыс ● Қорғаушы
Оқушы ● Ұлттық мәдениетті
Ұжым, топ мүшесі қорғаушыжәне жасаушы
Көш басшы ● Еңбекші
Иегер ● Әлем азаматы
Қалалық (ауылдық) ● Бейбітшілік орнықтырушы
Көрші ● Эколог
Бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі
Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай бағыттары айқындалады:

  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Ұлттық тәрбие

  • Отбасы тәрбиесі

  • Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

  • Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  • Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Жоғарыда аталған бағыттар бойынша ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстары бірнеше тақырыптарды қамтиды. Бұл әрине, студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді, өйткені әр блок бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тақырыптарға сәйкес алған теориялық білімін тәжірибеде тиімді пайдалануға мүмкіндік туары сөзсіз, - деп тұжырым жасаймыз.
Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халық –тарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз. Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Өйткені, тіл - ұлтты біріктеретін, бір мұраттарға жетелейтін және ортақ тұрмыстық шаруашылық жүргізуге баулитын тілдік бірлік. Ежелгі грек және ежелгі рим басқарушылары өз империяларының жетістіктеріне тілдің күшімен, сөздің қуатымен жеткендіктерін терең түсінген. Ұлы шығыс ойшылдары тіл-халықтың ой-санасының, жан дүниесінің айнасы деп дәйектеген. Сол себепті болашағын алыстан болжайтын әр мемлекет алдыңғы орынға туған тілді қойған.
Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастырылып келеді. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн. Осы заманғы ғылыми терминологияның негізін латын тілінен енген сөздер құраса, ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күнсайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзіхалықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек. Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай, бай терминологиялық қорын жасаған соң оны рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық өмірдің бар саласына батыл енгізуіміз керек. Мемлекеттік тілмен қатар Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдағы уақытта да жалғастыра беретіні туралы айтылған. Бұл бүгінгі елімізде тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің тілі мен мәдениетін сақтауға, оны дамытуға туғызылып отырған мүмкіндік деп түсінуіміз керек.
Жаңа қазақстандық патриотизмді ұлттық идея мен ұлттық мұраттың мағыналы қызметі контексінде тәрбиелеуде «2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы» ұлттық идеяның негізгі қағидалар қамтылған басты құжаттардың бірі болып табылады. Бұл құжатқа онда белгіленген мына мақсаттар ерекше мән береді: Қазақстан азаматтарында жоғары патриоттық сана мен өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие жүйесін мақсатты түрде дамыту арқылы Отан мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық парыз бен конституциялық міндеттерді орындауға дайын болуға тәрбиелеу.
Бұл бағдарламада ел өміріндегі бірқатар мәселелерді шешу көбінесе азаматтық қоғам дамуының деңгейіне жастар бойында жоғары патриоттық сана-сезімін, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастырып, Отан мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық парызды орындауға дайын болуға тәрбиелеуге байланысты екендігіне ерекше назар аударылды.
Аталған құжатта қоғамның рухани әлеуетін көтеру қажеттілігіне, Отан, қоғам, өз отбасы, жеке өзінің игілігіне бағытталған жеткілікті таңдау жасап, өз бетінше шешімдер қабылдау жауапкершілігі мен қабілеттері сезімі білінетін ақиқатқа негізделген жасампаз көзқарасы бар азамат тәрбиелеуге; берік адамгершілік негізі бар, сонымен бірге өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделіп, жаңа идеяларды қабылдай алатын үнемі жетілу үстіндегі тұлғаны қалыптастыруға жете көңіл бөлінген.
Бағдарламада тұлғаны әлеуметтендірудің басты векторларының бірі жеке адамды Отанымен сәйкестендіру болуы тиіс екендігін ерекше назарға алынған. Сонымен бірге «Отан» ұғымы тек адамның туған жерімен, жақын туыстарымен ғана байланыстырылып қана қоймай, көңіл-күй-психологиялық сезімдері (сүйіспеншілік, патриоттық, адалдық, ұлттық мақтаныш сезімдері және т.б.) аспектісінде де қабылдануы тиіс.
Осы бағдарламада көрсетілгендей өскелең жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі мәселелерінде кездесетін мәселелерді шешу үшін:
- тұтастай алғанда тәрбиеге мүлдем жаңа көзқарас қажет: ел және өзінің Отанмен тығыз байланысы сезімі бейнесінің мемлекет пен қоғам түрлі тетіктер мен институттар арқылы, бірінші кезекте, білім арқылы қалыптастыруы қажет.
- білім мекемелері мен ұйымдарының қызметі оқып жатқан жастарға қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін, мемлекеттік тілді қолдануды кеңінен насихаттауға, олардың біздің мемлекетіміздің бүкіл бітімі құралатын негіз ретіндегі қазақ тілінің рөлін жете түсінуіне бағытталуы тиіс.
Оның іске асуының сәтті болуы қазақстандық қоғамда қалыптасқан қазақстандықтардың толеранттылық, ділі; қазақстандықтар ділінің басым ерекшелігі ретіндегі рухани ашықтық; жаңа өзгерістерге байланысты батылдық, ұлтаралық келісім мен достық, саяси тұрақтылық; өміршеңдік пен болашаққа сенімді тудыратын жұртшылықтың басым бөлігі үшін кедейліктен кепілді түрде құтылуының белгісі ретіндегі еліміздің тұрақты да үрдісті экономикалық өсуі сияқты өзгерістер мен қасиеттермен байланыстырылады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Бастауыш сыып оқушыларын ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеу дегенді қалай түсінесіз?
2. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеу пәнінің мақсаты мен міндеттерін талдаңыз.
3. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеудің мазмұнына сипаттама беріңіз.
4. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеу дегенді өмірмен байланыстыра дәлелдеңіз.

1


№ 2 дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет