Сабақтың тақырыбы: Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру



Дата09.06.2016
өлшемі47.25 Kb.
#125009
түріСабақ
«Бекітемін»

______________ ______________

Мектеп директоры



  1. Сабақтың тақырыбы: Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру.



  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өрт қауіпсіздігін сақтау шараларымен, әскери қызметшінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндеттерімен таныстыру.



  1. Уақыты: 45 мин.

  2. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

  3. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, әскери жарғы.



  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10мин.

  • Үй жайлардағы мүкәммалардың сақталуына кім жауап береді?

  • Үй жайлар мен аумақты күтіп ұстауда қандай талаптар қойылады?

  • Тұрғын үйлерде қандай температура ұсталуы керек?

  • Үй жайларды желдетуді кім және қай уақытта жүргізуі керек?

  • Жатын орындағы жарықтандыру туралы айтыңдар.

Б) Негізгі бөлім – 24мин.

Бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру. Орналастыру кезінде жүргізілетін іс-шаралар. Әскери қызметшілерге қойылатын талаптар. Өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жүргізілетін іс-шаралар. Өрт пайда бола қалған жағдайдағы әскери қызметшінің әрекеті. Әскери қызметшінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндеттері.



Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді

елді мекендерде орналастыру.

Әскери бөлімдер, бөлімшелер жекелеген жағдайларда мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының келісімі бойынша елді мекендердің әкімшілік үйлерінде, ғимараттар болмаған кезде – тұруға жарамды үй-жайларда уақытша орналасады. Уақытша орналасуға арналған елді мекендер әскери бөлім командирінің бұйрығы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық тұрғыда қолайсыз елді мекендерде орналасуға тиым салынады.

Үй-жайларға, алаңдарға орналасу алдында бөлімше командирі оларды тексеріп қарап шығады, содан кейін жеке құрамды, қару-жарақты және әскеритехниканы орналастырады.

Роталар (взводтар) мүмкіндігіне қарай шоғырлана орналасады.

Қару-жарақ пен әскери техниканы бөлімшелер бойынша, құрылыстардан тысқары жабық (бүркемелінген) алаңдарда немесе бастырмалардың астында орналастырады. Әрбір рота үшін оның орналасу шекарасы көрсетіледі. Соның шектерінде оған дәрістерді жүргізу үшін үй-жайлар мен жергілікті жер аймақтары бөлініп беріледі, сондай-ақ бөлімшелерді жауынгерлік даярлықтың жоғары дәрежесіне келтіру кезінде жиналу пункті тағайындалады. Ауыз су мен тамақ дайындауға арналған су тек сумен жабдықтауға арналған пункттерден ғана алынады; олардың ластануының алдын алу шаралары қолданылады, оларға тәулік бойы күзет қойылады.

Әрбір үй-жайда ол ішкі тәртіп пен үй-жайдағы мүліктің бүтін сақталуы үшін, үй-жайға іргелес аумақтың тазалығы үшін, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы үшін жауап беретін басшы тағайындалады.

Елді мекенде уақытша орналасу кезінде қару мен оқ-дәрілер есіктерден, пештерден алыс, құрғақ жерде сақталады және тәуліктік наряд ұдайы күзетеді, киім-кешектер мен жарақтар осы үшін бейімделген орындарда орналастырылады. Жеке заттар мен ішкиім зат қапшықтарында сақталады.

Ішкі тәртіп пен әскери қызметшілерді сейілдеуге жіберу мәселелерінде казармалық орналасу үшін белгіленген ережелер сақталынуы тиіс.



Өртке қарсы күзет.

Барлық әскери қызметшілер өрт қауіпсіздігінің талаптарын білуге, оны орындауға және өрт сөндіру құралдарын қолдана білуге тиіс. Өрт пайда болған жағдайда әрбір әскери қызметші өрттен қорғанудың әскери командасын және құтқару жұмыстарын немесе өрт командасын шақыруға және қолда бар барлық құралдармен өртті сөндіруге, адамдарды, қару-жарақ пен әскери техниканы, мүліктерді және басқа да материалдық заттарды аман алып қалуға дереу шаралар қолдануға міндетті. Штаттық өрт командасы жоқ әскери бөлімде 5-15 адамға дейінгі штаттан тыс өрт командасы құрылады. Штаттық емес өрт командасының құрамына сарбаздар мен сержанттар тағайындалады. Командадан өрт наряды бөлінеді, ол өрт постарында тәулік бойы немесе әскери бөлімнің командирі бекіткен постар табеліне сәйкес, белгілі бір уақыт ішінде қызмет атқарады.

Өрт командасының жеке құрамы басқа нарядтарды атқарудан босатылады.

Өртке қарсы күзет және құтқару жұмыстары қызметінің бастығы сонымен бірге өрт командасының бастығы болып табылады және бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына бағынады. Ол өрт командасының, өрт сөндіру құралдарының ұдайы даярлығы және әскери бөлімнің бүкіл жеке құрамының өрт қауіпсіздігі талаптарына сай оқытылуы үшін жауап береді.



Қоршаған ортаны қорғау.

Әрбір әскери қызметші өзінің әскери қызметінің барысында табиғатты сақтауға және оның байлығын қорғауға міндетті. Бұл үшін ол әскери бөлімдегі ластаушы негізгі көздерді білуі және су ресурстарының, ауаның, жердің ластануын болдырмау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарда көзделген шараларды қатаң орындауға тиіс.

Өзінің іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің нәтижесінде қоршаған ортаны ластауға жол берген әскери қызметшілер заңдарға сәйкес жауап береді.

Қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау үшін әскри бөлімде тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия тағайындалады және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жоспары әзірленеді. Ол бүкіл құрамға жеткізіледі.



В) Қорытынды бөлім – 8мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Елді мекендерде әскери бөлімдерді орналастыру кезінде жүргізілетін іс-шаралар туралы айтыңдар.

  • Елді мекендерде әскери бөлімдерді орналастыру кезінде әскери қызметшілерге қандай талаптар қойылады?

  • Өрт пайда болған кезде әскери қызметші не істеуі керек?

  • Әскери қызметшінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндеттерін айтыңдар.

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет