Сабақтың тақырыбы: ет кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері



бет7/7
Дата16.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#138457
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Үшінші белгісі- ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер

реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді. Біз сендермен фактографиялық және реляциялық деректер базасын ғана қарастырамыз.



РЕЛЯЦИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Реляциялық ДБ деп оны құрайтын бөліктерінің өзара байланысымен құрастырылған деректер базасын атайтын. Қарапайым жағдайда ол бір тіктөртбұрышты кесте болып табылады. Күрделі реляциялық деректер

базасы көптеген тіктөртбұрыштарды кестеден тұрады.

Деректер өзара әртүрлі қатынастармен байланысқан бірнеше кесте құрайық. Кестелердегі деректердің арасында қатынастың өте кең тарағаны және әсіресе жие қолданылатыны «обьект –қасиет» типті болып табылады. Мысалы: «Сыныптағы оқушылар тізімі» деректер базасы кесте түрінде көрсетілген болады.

Сыныптағы оқушылар тізімі







Фамилиясы

Туған жылы

жынысы

ұлты

Көзінің түсі

Шашының түсі

1

Айқын Бағыт

1992

ер

қазақ

Қой көзді

Қара қоңыр

2

Шварц Ира

1993

қыз

неміс

сұр

Ақ сары

3

Иванов Алеша

1991

ер

орыс

Көк

Ақ сары

4

Оразова Сауле

1993

қыз

қазақ

Қой көзді

қара

Кесте элементтері ұяшық, жол және баған болған бұрын қарастырылған кестелерден айырмашылығы – кестені деректер базасы немесе деректер базасының обьектісі ретінде қарастырғанда жазба және өріс түсініктері енгізіледі. Реляциялық деректер базасындағы жолдар – жазбалар деп, ал бағандар -өрістер деп аталады. Кестенің әрбір өрісінің аты болады, мысалы, тегі (Фамилиясы), аты, туған жылы; жынысы; ұлты; көзінің түсі; шашының түсі.



Өрістер типтері

Реляциялық деректер базасында өрістердің негізгі төрт типі пайдаланылады: сандық символдық, даталық, логикалық.



Сандық типі мәндері тек сандар: бүтін, бөлшек, ондық (масса, адам саны, арақашықтық және т.б) болатын өрістерден тұрады.

Символдық типте символдық ақпараты бар өрістер болады, бірақ символдық ақпарат цифрлардан да тұруы мүмкін, мысалы, реттік нөмір, телефон нөмірлері және т.б сонда бұл өрістерге символдық тип меншіктеуге болады (сендердің кестелеріндегі барлық өрістердің типі-символдық).

Даталық тип өрістерінде күнтізбе күндері (кк/аа/ жжжж орысша дд/мм/гггг) болады.

Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Практикум : 12.1, 12.2, 12.3 тапсырмалар.

IV. Сабақты бекіту.



Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Деректер базасы дегеніміз не?

2. Деректер базасының сипатталуы бойынша белгілерін атаңдар.

3. Фактографиялық және құжаттық деректер базаларының айырмашылығы неде?

4. Реляциялық деректер базасы деген не?

5. Кестедегі обьектілердің арасындағы қатынастардың қандай типтерін білесіңдер? Қандай матрица екілік деп аталады?

6. Жазба, жазба өрісі, дегеніміз не?

7. Реляциялық деректер базасында өрістердің қандай типтері пайдаланылады?



V. Үйге тапсырма беру. Практикум: 12.4 тапсырма.

Оқулық: 194 беттегі тапсырма.

12-бөлім. Деректер базасы. 12.1- тақырып. Деректер базасын басқару жүйесі. Деректер базасы түсінігі. Деректер базасын жіктеу. Реляциялық деректер базасының құрылымы. Өрістер типтері. (мазмұндау).

VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: 12.2-тақырып Деректер базаларымен орындалатын амалдар. Дерек базаларындағы операциялар. Дерек базасын компьютерде өңдеу технологиясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Деректер базаларымен орындалатын амлдар, дерек базаларындағы операциялар, дерек базасын компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін калыптастыру;

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау жіне зейіндік қабілеттерңн дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: практикум элементерінің көмегімен демонтрациялау баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, практикум, тақта.
Сабақтың өту барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1. Дерек базасы дегеніміз не?

2. Деректер базасының сипатталу бойынша белгілерін атаңдар.

3. Фактографиялық және құжаттық деректер базаларының айырмашылығы неде?

4. Реляциялық деректер базасы деген не?

5. Кестедегі, объектілердің арасындағы қатынастардың қандай типтерін білесіңдер?

6. Жазба, жазба өрісі, дегеніміз не?

7. Реляциялық деректер базасында өрістердің қандай типтері пайдаланылады?
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
12.2 Тақырып. ДЕРЕКТЕР БАЗАЛАРЫМЕН ОРЫНДАЛАТЫН АМАЛДАР. ДЕРЕК БАЗАЛАРЫНДАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАР.

ДБ құрылғаннан кейін жазбаларменорындауға болады. Ақпарат іздеу шарты бойынша жүзеге асырылады. Жобалау компьютердің көмегінсіз жүзеге асырылады. Жобалау бұл деректер базасын теориялық түрде құру.


Дерек базасын компьютерде өңдеу технологиясы
Реляциялық деректер базасымен жұмыс істейтін жүйелер реляциялық ДББЖ деп аталады.

Қазіргі кезде дербес компьютерлерге арналған реляциялық типті ДББЖ-нің бірнеше түрі dBase6 FoxPro6 Paradox бар. Microsoft Office дестесінің Access программасы да бар.



ДББЖ-ны іске қосу

Деректер базасы кестесінің құрылымын жобалау



Бұрын құрылған деректер базасын құру


Деректерді енгізу және редакциялау






Деректерді сұрыптау

Сұрату бойынша деректерді іздеу


Сұрату бойынша есеп беруді құру және жауабын басуға шығару


Деректер базасын сақтау.


Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Практикум: 12,4, 12.5, 12.6 тапсырмалар.

IV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:


  1. ДБ –сын жобалаудың міндеттері неден тұрады?

  2. ДБ жазбаларымен қандай әрекеттер орындауға болады?

  3. Қазіргі кезде компьютерлерге арналған реляциялық типті ДББЖ қандай түрлерін білесіңдер?

V. Үйге тапсырма беру. Оқулық: 205 беттегі тапсырма.

Оқулық: 12.2-тақырып. Деректер базаларымен орындалатын амалдар. Дерек базаларындағы операциялар. Дерек базасын компьютерде өңдеу технологиясы.



VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: 13-бөлім. Excel кестелік процесорында дерек базасымен жұмыс істеу. 13.1-тақырып. EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктері. Дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыс.

Сабақтың мақсаты: EXCEL кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу, EXCEL-дегі дерек базасы. EXCEL-дің дерек базасын жазбалармен орындалатын жұмыс туралы түсінік қалыптастыру;

Білімділік: EXCEL кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу, EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктері, дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыс туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.



Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау

баяндау арқылы түсіндіру.



Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, тақта.
Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. ДБ –сын жобалудың міндеттері неден тұрады?

  2. ДБ жазбаларымен қандай әрекеттер орындауға болады?

  3. Қазіргі кезде компьютерлерге арналған реляциялық типті ДББЖ қандай түрлерін білесіңдер?


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

13-бөлім. EXCEL кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу.

13-1 –тақырып. EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктері.

Microsoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен әр түрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді:



  1. Дерек базаларын құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтауға;

  2. сақталған дерек базаларын ашуға және оларды түзетуге;

  3. Дерек базаларын жазбаларды, өрістерді қосуға;

  4. дерек базасындағы жазбаларды, өрістерді өшіруге;

  5. жазбалардың, өрістердің мазмұнын көшірмелеуге және ауыстыруға;

  6. дерек базасындағы жазбаларды қарауға және іздеуге;

  7. жазбалардың мазмұнын өсу немесе кему реті бойынша сұрыптауға;

  8. берілген параметрі бойынша деректерді сұрыптауға;

  9. есеп беруде басуға, яғни принтерге шығаруға.

EXCEL- де деректер базасы жол және бағандармен ұқсас құрылады, мұнда кестенің бағаны -өріс, ал әрбір жолы – жеке жазба болып табылады. Әрбір өріс бойынша ақпарат кестенің жеке ұяшықтарына енгізіледі, мысалы, біздің кестеде Фамилиясы, аты деген тақырыбы бар, туған жылы деген тақырыбы бар және т.б. бағандарға енгізілген. Егер дерек базасын жеке бетке орналастырсақ, онда онымен жұмыс істеу едәуір жеңіл болады.

Егер бірнеше дерек базасын бір ретте орналастыратын болсақ, онда бұдан былай бұл деректер базасымен жұмыс істеу өте күрделі болады. Өйткені нақты деректер базасы үшін ұяшықтар ауқымын әрқашан көрсетіп отыруға тура келеді.



Өрістердің аты бар жол мен нақты деректердің арасында бос жол қалдыруға болмайды.

Өріс атауы 255 символдан аспауы қажет, бірақ жұмысқа ыңғайлы болу үшін өріс атауларының қысқа болғаны жөн.



Дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыс.

Деректер жазбасын экранда көру үшін меңзерді деректер базасының кез келген ұяшығына орналстырыңдар да Данные –форма командасын орындаңдар.

Деректер базасында жазба іздеу үшін Айналдыру батырмасын немесе Назад және Далее батырмаларын қолдануға болады. Жазба табылғаннан кейін өзгерістер енгізуге болады. Егер дерек базасы өте үлкен болса критерий батырмасын қолдануға болады.

Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Оқулық: 208, 209, 210 беттегі тапсырмалар. Практикум: 13.1, 13.2 тапсырмалар.


  1. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Microsoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді?

2. Данные- форма командасын қолданғанда қандай амалдар орындалады?

V. Үйге тапсырма беру. Оқулық : 205 беттегі тапсырма.

Excel кестелік процесорында дерек базасымен жұмыс істеу. 13.1-тақырып. EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктері. Дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыс.



VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: 13.2-тақырып. Деректер базасын өңдеу. Деректер базасын сұрыптау. Деректерді сұрыптау. Есеп беруді баспаға шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Деректер базасын өңдеу, деректер базасын сұрыптау, деректерді сұрыптау, есеп беруді баспаға шығару туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, тақта.
Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1. Microsoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді?

2. Данные –форма командасын қолданғанда қандай амалдар орындалады?



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

13.2-тақырып. Деректер базасын өңдеу. Деректер базасын сұрыптау.

Күнделікті тәжірибеде бір ден үлкен дерек базасын құру мүмкін емес. Дерек базасымен жұмыс істеу барысында жазбаларды қосу, өшіру, т.б. яғни оны түзетуге болады. Дерек базасы құрылғаннан кейін оны түрлендіруге, яғни жазбаларды кез келген ретпен орналастыруға кірісу қажет. Жазбаларды берілген ретпен орналстыру операциясын деректер базасын сұрыптау деп атайды. Дерек базасының мазмұнын беріген бір өріс немесе бірнше өріс бойынша сұрыптауға болады. Деректердің сұрыпталуы орындалатын өріс түйінді деп аталады.

Деректер базасын түйіндік өріс бойынша сұрыптау Данные-сортировка командасы арқылы орындалады.

Деректерді сұрыптау.

Есеп беруді нақтылы бір деректерімен басып шығару үшін дерек базасын електен өткізу сияқты сұрыптау қажет. Сұрыптау дерек базасындағы көптеген жазбалардың айқындалған шарттарға сай келетіндерін ғана сұрыптауға мүмкіндік береді. Данные – Фильтр –Автофильтр командасы арқылы қажетті жазбалар сұрыпталады.

Есеп беруді баспаға шығару Файл – Печать командасы арқылы орындалады.

Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:

Оқулық: 212,213,214,217 беттегі тапсырмалар.

IV. Сабақты бекіту .

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Microsoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді?

2. Данные – Форма командасын қолданғанда қандай амалдар орындалады?

V. Үйге тапсырма беру. Деректер базасын өңдеу. Деректер базасын сұрыптау. Деректерді сұрыптау. Есеп беруді баспаға шығару.

VI. оқушыларды бағалау.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыстар орындау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Excel кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу, Excel-дегі дерек базасы Excel-дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктерін дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыстар. Деректер базасын өңдеу. Деректер базасын сұрыптау деректерді сұрыптау,

деректерді сұрыптау тақырыптарына шығармашылық жұмыстар орындату арқылы алған білімін бақылау, тиянақтау.



Тәрбиелік: Жан-жақты болуға,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зеиіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сdocumentабақтың түрі: бақылау

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, карточкалар, практикум.

Сабақтың өту барысы:

1.Ұиымдастыру кезеңі.

Практикум: 13.28, 13.29, 13.31, 13.32. 13.33 тапсырмалар.


IV. Сабақты бекіту:
V.Үйге тапсырма беру. Жұмыстарын аяқтау. (Қайталау).
VI.Оқушыларды бағалау.
Оқулық: 212,  213, 214, 217 беттегі тапсырмалар.

Практикум: 13. 23, 13. 24, 13.27 тапсырмалар.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыстар орындау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Еxcel кестелік процессорында Дерек базасымен жұмыс істеу, Еxcel-дегі дерек базасы excel-дің дерек базасымен өңдеу мүмкіндіктерін, дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыстар деректер базасында өңдеу, Деректер базасын сұрыптау, деректерді сұрыптау тақырыптарына шығармашылық жұмыстар орындату арқылы алған білімін бақылау тиянақтау.
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту пәнге деген қызығушылығы арттыру.


Сабақтың түрі: Бақылау.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, карточкалар, практикум.

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі .

Оқулықтағы 219-221 бетте берілген өзіндік жұмысты орындау.
Сабақты бекіту .
Үйге тапсырма беру. Жұмыстарды аяқтау (Қайталау)
Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет