Сабақтың тақырыбы:
Газет журналдардың адам өміріндегі орны.
|
Пәні: қазақ әдебиеті
|
Күні: 23.02.2021ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні: Басембаева А.Қ.
|
Сынып : 9Ғ
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:
|
9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;
9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлығы орындай алады:
Өз пікірлерін білдіру.
Көпшілігі орындай алады:
Мәтінмен жұмыс жасау.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана отырып, мәтін құрастыру.
|
Бағалау критерийлері:
|
- мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айтады;
- сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата біледі, түрлендіріп қолданады.
|
Ойлау деңгейі:
|
Білу, талдау.
|
Құндылықтарға баулу
|
Отансүйгіштік, адамгершілік.
|
Пәнаралық байланыс:
|
Информатика
|
Алдыңғы оқу
|
Гендік модификацияланған өнімдер.
|
Жоспар:
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
2мин.
|
Амандасу, түгендеу.
|
|
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
10мин.
|
Дескриптор:
-Үй тапсырмасы дұрыс орындалған;
-Өз қателерімен жұмыс жасай біледі.
Кері байланыс. Мадақтау.
|
9-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті оқулығы
|
Өткен тақырыпты пысықтау кезеңі
|
8-тапсырма
Мәтіндегі ақпаратты қолдана отырып, қарсылықты бағыныңқылы сөйлем құрау.
Үлгі: ГМО арқылы өндірілген өнімдердің сақталуы ұзақ болғанмен, дәмі табиғи емес.
Дескриптор :
-Сөйлемнің құрылымын сақтап, сауатты жазады;
-Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемді дұрыс құрады, мәтіндегі ақпаратты қолданады.
Қосымша сұрақтар:
-ГМО туралы не білдіңіздер?
-ГМО-ның қауіптілігі неде?
|
Слайд
|
Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі
|
Ой түрткі. Сөзжұмбақ «Газет».
1. Белгілі бір қорытындыны дәлелдейтін тұжырымдар жиынтығы.
2. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.
3. Жаңалық айтушы адам.
4. Көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі.
5. Қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері, газет-журнал немесе радио мен теледидар жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады. Бұл қандай маман?
Оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәлімет беру.
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
Мәтінмен жұмыс. 79-80б.
1-тапсырма. Мәтіннен басқа тілден енген сөздерді тауып, мағынасын өз сөздеріңмен айтыңдар.
Дескриптор :
-Мәтінмен жұмыс жасай алады.
-Тапсырманы қатесіз орындайды.
Кері байланыс. Мадақтау.
2-тапсырма. Жеке жұмыс. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді қатыстыра отырып мәтін құрау.
Дескриптор:
-Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің ережесін біледі, дұрыс сөйлем құрастыра біледі;
-Мәтін құрылымын сақтайды.
Кері байланыс. Мадақтау.
|
Дәптер
|
Кері байланыс
|
“Екі жұлдыз, бір тілек” стратегиясы
Екі жұлдыз = екі ұнаған
нәрсе (сабақ туралы);
Бір тілек – жақсартуды
қажет ететін нәрсе.
|
Парақтар
|
Бекіту кезеңі
|
Қазіргі өркениетті қоғамда ақпараттық кеңістік адам ілесе алмайтын шапшаңдықпен қарыштап дамып келеді. Сондықтан да қоғамда, адам өмірінде газет-журналдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы өте зор. Олар тек қазіргі заманда емес, барлық заманда өз қажеттіліктерін жоғалтпайды.
|
Слайд
|
Үй тапсырмасын беру кезеңі
|
Кез келген мақала немесе сұхбаттан сабақтас сөйлемдерді тауып, көшіріп жазу. Мазмұндау.
|
|