Сабақтың тақырыбы: Гендік инженерия заман талабы Қазақ тілі 9-сынып оқу мақсаты



бет1/5
Дата15.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#495743
түріСабақ
  1   2   3   4   5
11-сабақ. Гендік инженерия – заман талабы


6-бөлім: Биотехнология және гендік инженерия келешегі.Синтаксис
Сабақтың тақырыбы:
Гендік инженерия – заман талабы
ҚАЗАҚ ТІЛІ
9-СЫНЫП
Оқу мақсаты:
О 9.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау;
ӘТН 9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану. (Шартты бағыныңқылы сабақтас)
Сабақ мақсаты:
  • Авторлық еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау;
  • Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.

Бағалау критерийлері:
  • ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолданады, авторына сілтеме жасайды;
  • Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолын біледі, түрлендіреді.

Еске түсіру
Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы бағыныңқы мен басыңқы 
сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай алты түрге бөлінеді:
1) шартты бағыныңқы; 2) қарсылықты бағыныңқы; 3) себеп бағыныңқы; 4) мезгіл бағыныңқы; 5) қимыл-сын бағыныңқы; 6) мақсат бағыныңқы.
Шартты бағыныңқы сабақтас.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің біріншісі екіншісіндегі істің орындалу не орындалмау шартын білдіретін құрмаластың түрі шартты бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Шартты бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз болып,
сабақтаса байланысады. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің сыңарларының арасына үтір қойылады.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары:
1) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің -са, -се шартты рай тұлғасынан болады. Мысалы: Айтқан сөзің дұрыс болса, қалғанын өздері түсіне жатар.
2) көсемше тұлғалы етістіктің -ма+й, -ме+й немесе -майынша/мейінше,


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет