Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
2 минут.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады. Онда оқушылар өз бойындағы жақсы көретін қасиеттерін айтса болады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.
Жүздеріміз- нұрлы күннің шуағындай,
Көңіліміз- таудың мөлдір бұлағындай.
Жүрегіміз –аспан әлеміндей кең болса,
Мақсатымыз өте биік асқар таудай (хормен айтады)
|
Әр оқушы арқасында жабысып тұрған қағаздар арқылы төрт топқа бөлінеді.
1 топ: Халық
2 топ: Этнос
3 топ: Ұлт
4 топ: Нәсіл
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы
ДК экраны
|
Үй тапсырмасын сұрау:
7 минут
|
«Өткенге шолу»- «Ротация» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1.Литосфера, атмосфера, гидросфера мен биосфераның бір-бірімен тығыз байланысын қалай атаймыз? (географиялық қабық)
2.Экватордан полюске қарай географиялық белдеулердің заңды ауысуынан және осы белдеулердің шегінде ненің орналасуын байқаймыз? (географиялық зоналардың)
3.Жылу мен ылғалдың арақатынасын көрсету үшін құрғақтықтың радиациялық индексі (r=R/Lx)
4. Тауларда төменнен жоғары қарай көтеріле отырып, табиғи жағдайлар мен табиғи кешендердің заңды алмасуын қалай атаймыз? (Биіктік белдеу)
|
Географиялық қабық заңдылықтарын еске түсіруге арналған сұрақтарға жауап береді;
Ротация әдісі арқылы жауапкешілік пен жылдамдықты арттырады;
|
|