Батыс Қазақстан облысы,
Казталов ауданы,
Жалпақтал ауылы
Ғ. Молдашев ОЖББМ
Қазақ тілі мұғалімі
Исаева Роза Рихымжановна
Сабақтың тақырыбы: Хат және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:1білімділік-хат түрлеріне тілдік сипатта ұғым беру.
Хаттың жазылу түрлеріне қарай үлгісі,
Стильдік ерекшелігі туралы түсінік беру.
2.дамытушылық-оқушылардың ауызша,жазбаша тіл мәдениетін дамыту,әнге деген қызғушылықтарын арттырып сыни көз қарастарын дамытып,өз бетімен жұмыс істеүге үйрету.
3Тәрбиелік-оқушыларды қарым-қатынас
әдебіне,өз ойларын тұжырымдауға үйрету,ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағын.
Сабақтың түрі:Дәстүрлі емес сабақ.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың әдісі:Қызығушылығын ояту
(мозговой штурм),ой қозғау,топтастыру
кубизм,Венн диграммасы топтық жұмыс
жеке жұмыс, Ассоцияция әдісі.
Сабақтың көрнекілігі:семантикалық карта, тест үлгісі, тірек кесте, кубик, маркер, компьютер, электронды оқулар.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру, оқушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу.
2 топқа бөлу.
2.ұй тапсырмасын тексеру. “Кубизм стратегиясы”
-
Балалар үйге қандай тапсырмаберілді.
-
Іс-қағаздарының түрлері және өмірбаянды қайталап келу.
-
Ендеше, біз ол үшін сабақты жан-жақты қайталауға мүмкіндік беретін “Кубизм стратегиясын” пайдаланайық. Кубиктің алты жағы бар. Иіргенде қай жағының нөмірі түссе, сол нөмірдің сұрағына жауап береміз. Сұрақтары:
№1. іс-қағаздардың қандай түрлерін білесің?
№2. әдеби тіл стильдерінің түрлерін ата.
№3. Өмірбаянның жазылу ережесі бар ма?
№4. Қазақ халқының жыр алыбы Жамбыл жабаевтың өзі туралы қандай шығармасы бар?
№5. Халық ауыз әдебиетінде өз өмірін тапқырлықпен ұштастыра баяндаған қандай шығарманы білесің?
№6.Өмірбаян туралы өз тұжырымдаманды айт.
Жауаптары:
№1. Өтініш,хабарландыру, қолхат, анықтама, сенімхат, хаттама, акт, шарт, қатынас қағазы, міндеттеме, мінездеме т.б.
№2. Әңгіме хат, өмірбаян, мақала, күнделік.
№3. Көбіне ресми түрде, көлемі шағын болып жазылады.
№4. Өлең сөзбен қара сөз араластыра қолданылған “Менің өмірім” атты поэмасы бар.
№5. “Тазшаның қырық өтірігі”
№6. Әр адамның өз өмірі жөніде өз қолымен жазылып, әр уақыт толықтырылып отыратын ресми құжат (кубикті өзім лақтырып, 3 сұрақтан 2 топқа бөліп беремін)
III. Жаңа сабақ: а) Қызығушылықты ояту.
Армысыңдар, адал достар!
“Сөзіңді біреу сөйлесе” дегендей, бұл жолы мен де жазар сөз қалмағандай. Себебі “Ұланмен” танысқан бала жазылмай қоймасына кәміл сенемін!Өйткені “Ұлан” баланың жаның түсінер, талабын танытар бірден – бір газет. Жүрекке шоқ түсіріп, сезімді баурап алар “Ұланға” жазыл. Шөлдеп келіп, сылдырап аққан мөлдір бұлақты аңсаған сияқты, “Ұланды” оқып, тыным тап, көңіліңді бас!
-
Балалар, осы сәлемдеме арқылы мен сабақтың тақырыбын ашқалы отырмын. Ендеше сабақтың тақырыбы не деп ойлайсыңдар?
-
Әрине, хат. Біз бүгіңгі сабағымызды хат түрлерін қайталауға арнаймыз. Дәптерлерімізді ашып жазайық.
Тақырыбы: хат түрлері.
-
Хат деген сөзді естігенде ойыңа не келед? Ассоциация әдісі: тақтаға плакат іліп, маркермен жаздыру.
-
Конверт.
-
Почта.
-
Марка.
-
адрес, индекс.
-
Интернет.
-
Факс.
-
Жеделхат.
В) Венн диаграммасы.
- Алдыңғы сабақтарда біз іс-қағаздары туралы өткен болатынбыз. Соны еске түсіріп кетейік. Іс-қағаздарды қандай әдеби стиль түрлері болып бөлінеді екен? Ия, ресми және әдеби – шығармашылық. Іс-стиліне сипаттама берейік.
Ортақ міндеті: ойды дәл, нақты етіп, мәнерлеп, көркемдеп жеткізу. Айтпақ жайды тік те нық, анық айтып түсіндіру. Сол үшін өз стиліне сай сөздермен сөз тіркестерін орыңды талғап жеткізу, оқушыны өзіне тарта білу, айтқаны мен жазғанына сендіре алу.
IV. Ой қозғау.
-
Балалар хат не үшін керек?
-
Хат біреудің екінші біреуге жазған жүрек жарды сыры.
-
Адам өз ойын айта алиағанда хат арқылы жеткізеді.
-
Хат хабарласу үшін керек.
-
Демек, біреудің екіңші біреуге жазған жүрек жарды сыры. Адам өзінің ойын ауызша айта алмағанда, хат арқылы жазып жеткізеді екен.
Хатты балада, үлкен де, ұлы адамдар да жазады екен.
-
Кітаппен жұмыс. 88-ші бет. Хат туралы мәтіңді оқып, мазмұның түсіну.
-
Үнтаспадан Баубек Бұлқышевтың “Өмір сүргім келеді” немесе “Шығыс ұлына хат” шығармаларвн тындау. әңгіме хат.
-
Биыл Ұлы Отан соғысының жеңісіне – 601 жыл толғалы отыр. Бұл соғыста біздің аталарымыз көп ерлік көрсетті. Ауылымызда соғыс ардагерлеріне кімді білесіңдер? Ахмедияр Хұсайынов – Кеңес Одағының батыры.
-
Енді, соғыс болмасын деп тілейік.!
Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды.!
Олардың алдында біз бас иіп өтеміз!
Хат түрлері: 1. сенімхат, қолхат, жеделхат.
V. Балалар, енді хат түрлеріне тоқталу үшін компьютерден “ Жеке құжаттар” деген бөлімді ашамыз. Хат үлгілерінің жазылуна мән берейік.
-
Сенімхат теориясы.
А) 1 дана болып жазылады, жазылған уақыты көрсетіліп, мөр басылады.
Б) сенімхат-А4 форматты қағазға қолмен жазылады.
В) түзетілмейді
Г) төлем ақы алуға – 3 айға беріледі.
Е) ұжым басшысы сенімхатты куәландырмайды.
Ж) өз атынан берілией немесе заңға қайшы келсе – жарамсыз.
2.Қолхат.
а) белгілі бір ақша немесе дүние алу үшін жазылатын ресми құжат.
Б) құжатта қолхат берушінің аты-жөні , қызметі, алған ақша мөлшері, дүниенің аты толық көрсетіледі.
В)егер жөнделсе өз күшін жояды.
Г) ақша, құнды дүние алынысымен өз күшін жояды.
Д) кейде куә адамдар өз қолың қояды.
3.Тапсырмаларды ашу.
Егер сіз сұраққа дұрыс жолдап берсеңіз ақтау қаласының фотосуреті шығады.
Жеделхат – телеграф арқылы берілетін жедел сипатты хат. Ақпаратты екінші адамға немесе мекемеге жеткізу үшін пайдаланылады. Соңғы кезде интернет пен факс шықсада олардың ақысы қымбат, ал хат ұзақ жүреді. Жеделхат 10-12 сағатта, кейде 1 сағаттада барады.
А)мәтіні қысқа, ең ұзақ дегенде 300 сөз;
Б)шылау, кіріспе сөздер қолданылмайды.
В) кейсөздер қысқарылады.
Г) цифрлар жазумен беріледі
Д) жеделхат ішкі және халықаралық болып бөлінеді.
Е) 2 дана жазылады.
1тапсырманы орындау (орындаса Семей қаласының фотосуреті шығады)
VI. Семантикалық карта көмегімен хаттың түрлерін ажырату.
Сематикалық карта |
Хат түрлері
|
Мәтіні қысқа ең ұзағы 300 сөз ішкі және халықаралық болып келеді
|
1 дана болып А4 қағазына қолмен жазылады. Түзетілсе жарамсыз
|
Куә адамдар қолын қояды. Ақша құнды дүние алынысы мен құнын жоятын құжат
|
Біреуге публицистикалық стильмен көркемдеп баяндай жазылады.
|
Қолхат
|
|
|
+
|
|
Әңгіме хат
|
|
|
|
+
|
Сенімхат
|
|
+
|
|
|
Жеделхат
|
+
|
|
|
|
Бекіту
-
хат түрлеріне байланысты өткен материал бойынша тест жүргіземіз жеке жұмыс болған соң, әрқайсымыз өзіміздің білімімізді қорыта алатын боламыз.
Тест тарату
-
Хат қалай жазылады? А) қысқа, өте жинақы
Б) А4 форматты қағазға
В) Стандарт үлгімен
2. Мына берілген сөздер үлгісі қай хатқа тән? Мүлік алу үшін үш жылға беріледі. А) қолхат
Б) снімхат
В) жеделхат
3.Ішкі және халықаралық болып бөлінетін хаттың қай түрі?
А) қолхат
Б) снімхат
В) жеделхат
4.1 дана болып, хаттың қай түрі жазылады?
А) Әңгімехат
Б) Сенімхат
В) Қолхат
-
Жеделхатқа тән ерекшелік? А) А4 форматы қағазға жазылады
Б) егер жөнделсе күшін жояды
В) Мөр басылады
Г) Шылау ,кіріспе сөздер қолданылмайды
6.Ең ұзақ жүретін ақпарат
А) Интернет
Б) Жеделхат
В) Хат
7.Сенімхат мүлік алу үшін қанша уақытқа беріледі?
А) 2 жарым жыл
Б) 10-12 сағат
В) 3 жыл
8.Ұжым басшысы қай хатта куәландырмайды?
А) Әңгімехат
Б) Сенімхат
В) Қолхат
Кілт: 1А
2Б
3Б
4Б
5В
6В
7В
8А
ҮІІІ. Үйге тапсырма : 90 бет 2 тапсырма өздеріңнің жолдастарыңа өздерің тұрған шаруашылық даласында қайнаған қызу еңбек пен алған әсерлеріңді баяндап хат жазыңдар.
ІХ. Топтастыру стратегиясын пайдалану сонымен бүгін біз хат және оның түрлерін өттік. Енді бәріміз бірге топтастырайық.
әдеби
стиль
ресми
хат
мақала
хабарландыру
әңгіме хат
өмірбаян
қолхат
жеделхат
сенімхат
Х. Бекіту: Тест жауабы мен оқушылардың сабаққа қатысуына қарай бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |