Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет



бет1/105
Дата24.01.2023
өлшемі0.6 Mb.
#468713
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Сабақтың тақырыбы ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақс


Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты
Күні: 4.09.15ж Пәні: Әдебиет және өнер Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет

Сабақтың мақсаты:
а) ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті осы кезеңдегі халықтың рухани сілкінісінің куәсі болды. Ол патша үкіметінің отаршылдық саясатын сынай отырып, халықты азаттық жолындағы күреске, алдыңғы қатарлы елдер мәдениетінен үйренуге үндеді.
Қазақ қаламгерлерінің алдыңғы тобы ұлы Абайдың ағартушылық, демократтық дәстүрін жалғастыра отырып, оны отаршылдыққа қарсы күрес идеясымен ұштастырды. Осы ұлттық қозғалыстың басында қазақ ақын-жазушылары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов тұрды. Олардың саяси-қоғамдық, әдеби-шығармашылық қызметі төңкерісшіл-демократтық бағытта болды.Олар халықты ұйқыдан оятып, ілгері ұмтылуға, өнер-білім жолында ізденуге шақырды. С.Торайғыров, С.Дөнентаев, М.Сералин, С.Көбеев, Ғ.Қарашұлы, Н.Орманбетұлы және т.б. шығармашылығы ұлттық әдебиеттің осы бағытын дамытуға қызмет етті.
Абай негізін салған реалисттік әдебиеттің дәстүрін жалғастыра отырып, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті жаңа мазмұнға лайық түр, жанр ізденістерінде де ілгерілей түсті. Бұл кезде реалистік поэмалардың алғашқы үлгілері (М.Сералин «Гүлхашима» С.Торайғыров «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары) туды.
Қазақ әдебиетіндегі көлемді прозаның алғашқы нұсқалары да осы дәуірде туды. Бұрын Ы.Алтынсариннің қысқа ғана әңгімелері мен Абайдың қарасөзінен басқа прозасы дамымаған әдебиетте роман жарық көрді. (С.Торайғыров «Қамар сұлуы», М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы», С.Көбеевтің «Қалыңмалы»).Сондай-ақ С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» деген өлеңмен жазылған романы.
Поэзияда лирика жанры іштей кеңейіп, өсе түсті.С.Дөнентаев сюжеті шағын өлеңдер үлгісін кіргізіп, Абай дәстүрін жалғастырып сатиралық өлеңдер мен мысалдар жазды.
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті беттерінде жарияланған мақалалар әдеби сын мен публицистиканың алғашқы үлгілері болды. Бұған А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны», М.Дулатовтың «Абай», С.Торайғыровтың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», С.Сейфуллиннің «Манап» драмасы туралы сын мақалалары мен М.Сералиннің публицистикалық еңбектері жатады.
Бұл кездегі қазақ әдебиетінде дүниежүзі әдебиеті үлгілерінен үйрену байқалды. Орыс классиктерінің шығармалары қазақ тіліне аударыла бастады. И.А.Крылов мысалдарын аудара жүріп, қазақ ақындары осы жанрды қазақ арасына кеңірек сіңірді.
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің дамуына А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың үлестері аса мол.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет