Тексерілді:
|
Сабақтың тақырыбы:
Химиялық реакция жылдамдығы жəне оған əсер ететін факторлар
|
Мектеп: Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі: Абитова Ж.Е.
|
Сынып: 10
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
|
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
Химиялық реакция жылдамдығы жəне оған əсер ететін факторлар туралы үйрену
|
|
Барлық оқушылар: А
|
• химиялық реакция жылдамдығына және оған әсер етуші факторларды біледі
|
Оқушылардың басым бөлігі: В
|
• әсер етуші факторларды бір-бірінен ажыратады
|
Кейбір оқушылар: С
|
•химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторларды тәжірибе жасау арқылы талдайды
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылыр: хииялық реакциялар жылдамдығына әсер етуші факторлар туралы айтады
|
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:кинетика,реакция жылдамдығы, концентрация, гомогенді, гетерогенді жүйе, температура,температуралық коэффциент
|
Алдыңғы оқу
(үй тапсырмасы)
|
«Шеңбер құру» Үй тапсырмасы бойынша маңызды мәліметтерді айта жүріп шеңбер құрады
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Құрылған шеғбер бойынша төрт топқа бөлу.
Топ ережесін айту
Слайд арқылы суреттер көрсетіп, ой қозғау
Химиялық реакциялардың жылдамдығына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?
|
Слайд
|
Ортасы
|
Маршруттық карта әдісі
Төрт топқа маршруттық карта беріледі (қосымша бетте) Сол бойынша тапсырмаларды орындайды.
1-топ
Тұз қышқылы бар сынауықтағы реакцияның жылдамдығы жоғары болды, Себебі тұз қышқылы сірке қышқылына қарағанда күшті қышқыл болып табылады. Демек реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттардың табиғатына байланысты болады.
2-топ
Затты ұнтақтағанда оның жанасу беті ұлғаяды да, мөлшері кішірейеді, әрекеттесуші бөлшектер саны көбейеді Неғұрлым бөлшектер мөлшері кішірейген сайын олардың арасындағы соқтығысу саны артып реакция жылдамдығы арта түседі.
3-топ
Концентрация артқан сайын реакция жылдамдығы артады. Концентрация артқан сайын бөлшектер саны артып және бөлшектердің соқтығысуы тездейді. Неғұрлым бөлшектер саны артқан сайын олардың арасындағы соқтығысу саны артып , реакция жылдамдығы арта түседі.
4- топ
Температура артқан сайын реакция жылдамдығы артады. Оның себебі температура артқан сайын бөлшектердің қозғалуы жылдамдайды. Неғұрлым температура жоғарлаған сайын олардың арасындағы бөлшектердің соқтығысуы саны артып, реакция жылдамдығы арта түседі.
Топтың бірін-бірі бағалауы «Мадақтау сэндвичі»
Онда топ жұмысының екі жақсы жағын, бір жетілдіретін жағын айтады
|
Химия 10-сынып
Н.Нұрахметов, Қ.Бекішев, Н.Заграничная. Алматы «Мектеп» 2014ж
Үлестірмелі топшамалар
Химиялық стакан, сынауық, сиртшам, келісап, бор, ас содасы, су, қышқыл ерітінділері , металл түйірі, сынауық ұстағыш
|
Аяқталуы
|
«Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» әдісі бойынша сабақты қорытындылау
1.Реакция жылдамдығына концентрация әсер етпейді?
2.Химиялық реакциялардың жылдамдығы температураны әрбір 10 градусқа көтергенде, шамамен 2-4 есе артады
3.Бөлшектердің соқтығысуы неғұрлым көп болса, соғұрлым реакция жылдамдығы жоғары
4.Әртүрлі фазадан тұратын жүйені гомогенді жүйе деп атайды
5.Реакцияның жылдамдығын зерттейтін химияның бөлімін химиялық кинетика деп атайды
6.Гетерогенді реакцияның жылдамдығы жанасу бетіне тәуелді емес
7.Концентрация моль/л өлшенеді
8. Әрекеттесуші заттардың концентрациясы неғұрлым жоғары болса, соқтығысу саны соғұрлым көп болады
9.Химиялық реакциялар бірдей жылдамдықпен жүреді
10.Барлық жағдайда химиялық реакциялар жылдам жүрсе, адамдар үшін тиімді
Оқушылар жеке орындайды.
Бағалау парағы бойынша топ басшысы бағалайды
Аты-жөні:
|
балл
|
І. Білу- түсіну бекеті тапсырмасы
1.Толық түсінбедім- 1 балл
2. Толық түсіндім -2 балл
|
|
ІІ. Қолдану- талдау бекеті тапсырмасы
1.Барлық сөзді өзім таптым -3 балл
2.Таптым бірақ топтан көмек алдым-2 балл
|
|
ІІІ. Жинақтау- бағалау
1.Барлық тапсырманы өз бетімше дұрыс орындадым-3 балл
2. Тапсырмаларды орындадым, бірақ көмек алдым-2 балл
3. Орындадым , бірақ қателерім болды- 1балл
|
|
IV. Бұл мәлімет шындық па, жалған ба? Тапсырмасы
1.Барлығы дұрыс-3балл
2.Екеуі қате-2 балл
3.Төрт қате-1 балл
|
|
Барлық балл
|
|
11 балл-«5» , 9-10балл «4» , 8-7 балл «3»
Үйге тапсырма §3.8 оқу № 12-13
Кері байланыс «Менің көңіл-күйім» баспалдағы
Баспалдақтар: «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы!», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» Стикерге аттарын жазып, өзі таңдаған баспалдаққа жапсырады.
|
Үлестірмелі топшама
Стикерлер
Бағалау парағы
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруде қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
|
•
.
|
•
|
•
|
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді бола ма?
Мен берілген уақыт ішіне үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
Қорытынды бағамдау
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
|
|
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
|
|
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
|