Сабақтың тақырыбы: ы дыбысы және әрпі. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата20.06.2016
өлшемі33.27 Kb.
#149509
түріСабақ
Күні: 19.10.2013 жыл

Пәні: Сауат ашу

Мұғалім : Айғараева Э.М

Сабақтың тақырыбы:  Ы дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:   Ы дыбысы мен әрпін таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету. Дыбыстық талдау жасату арқылы оқушы білімін арттыру.


Дамытушылық: Ы дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы

оқушылардың ой-өрісін,тілін дамыту.




Тәрбиелік: Оқушы бойында адамгершілік қасиеттер қалыптастыру,

табиғатты сүюге,оларды қорғауға,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:  Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:   Түсіндіру,ой-қозғау,сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс:  Дүниетану,математика

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, суреттер, Ы әрпінің баспа,жазба түрі, бағалау үшін бидай суреттері
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.

-Балалар, бүгінгі көңіл- күйлерің қалай?

Қанекей мына смайлик секілді күлейікші. Тамаша!

-Ендеше, балалар, қазір қай мезгіл?

Балалар жауабы.

-Күз мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады.

Балалар жауабы.



Жапырақ түседі.

«Жапырақ теру» ойыны



II. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы ауызша сұралады.



III. Үй тапсырмасын бекіту

«Жапырақ теру»

Әр бала жапырақ артына жасырылған әріптер туралы айтады, сөз құрайды.

-Балалар, бүгінгі сабақта біз астық жинаймыз. Бидай суретін көрсету. Әр баланың жауабына бидай таратып отырамын.



ІV. Жаңа сабақ

Электрондық оқулықты қосамын.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.

Ы дыбысы туралы мағлұмат беру.

Оқулықпен жұмыс.

Қарбыз суреті шығады.

-Бұл не?

-Бұл қарбыз.

-Қарбыз сөзінде «ы» дыбысы бар ма?

-Ортасында «ы» дыбысы бар. Қарбыз жинау үшін суретке қарап сөйлем құрастыруымыз керек.

66-беттегі суретке қарап, балалар сөйлем құрастырады.

Апам ыдыстарды жуды.

-Сөйлеміңде неше сөз бар?

Балалар сөз сандарын санайды.

Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Қауын суреті шығады. (Қауын жинау үшін буындап оқылатын сөздерді оқимыз.)

Бүгінгі танысатын жаңа сөздерге назар аударайық.

Кітаптан хормен оқыту.

-Қауын сөзінде «ы» дыбысы естіле ме?

Қызанақ жинайық.

Қайық-қайығы

Тауық-тауығы

Тарақ-тарағы

Қап-қабы

Топ-тобы

Доп-добы
Балаларға жеке-жеке оқытамын.

Қасық,шыны,торсық-ыдыстар.

Домбыра,сырнай-аспаптар.

Шырын-сусын.

-Бұрыш (тәтті) жинайық.

Жаңа сөздерді есте сақтаймыз.


ырыс



ынтымақ

Мақал жаттау. Ырыс алды-ынтымақ.

(Екі сөздің байланысын ұғындыру)

Жазу жолындағы сөздерді оқыту



Сергіту сәті

Жемістер мен көкөністер биін қайталау.

Қызылша суреті шығады.

Қызылша жинау үшін «Ы» дыбысының әрпімен танысамыз.

Электрондық оқулықты пайдалану

Қызылша жиналды.

Алхоры суреті шығады.

А
бақыт


лхоры жинау үшін 67-бетке назар аударамыз. Буындап оқылатын сөздерді хормен оқыту.

Жаңа сөзбен танысу.

Қақпашы мәтінімен танысу.

Жазу жолындағы сөздерді оқыту.

-Бұл не? Ал алхоры сөзінде «ы» дыбысы бар ма?

V. Жаңа сабақты бекіту

Электронды оқулық «Ы» дыбысы қандай дыбыс. Үйге орналастыру.

Ал біздің қорыжынымыз толды. Ынтымақтасып астық жинап алдық, енді ырысты боламыз.

VI. Жаңа сабақты қорытындылау.

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?


VII. Бағалау.

Жиналған бидайларымызды санайық. Кім көп бидай жинаса, сол бала білімді,әрі еңбекқор бала.



(Оқушыларды бидай сандарына байланысты бағалау.)
VIII. Үйге: 

66-67 бетті оқып келу. Дәптердегі тапсырмаларды жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет