Сабақтың тақырыбы Имандылық ізгілік негізі Сабақтың мақсаты Оқушыларға


оқушы: Үлкен адамға сәлем беру-кіші адамның міндеті. Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол –әдепсіздік, көргенсіздік. 2 оқушы



бет3/3
Дата03.03.2023
өлшемі36.87 Kb.
#470306
түріСабақ
1   2   3
Имандылық ізгі қасиет ҚМЖ

1 оқушы: Үлкен адамға сәлем беру-кіші адамның міндеті. Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол –әдепсіздік, көргенсіздік.
2 оқушы: Дұрыс тамақтану, мезгілінде ұйықтау, ата-ананы сыйлау-халықтық дәстүр, әдеп. Біз осы адамгершілік қағидаларды сақтай білсек, ұлттық әдетті қорғай білеміз.
3 оқушы:
Қарсы алдымнан шыға келсе үлкендер,
Қашанда мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол мезетте сүйеніш боп қол берем.
4 оқушы: Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.

Әдептілік ережелері


• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
Оқушылар өзінің жаман қасиеттерін түнге, жақсы қасиеттерін күнге салады.

Нақыл сөздер:
Адамның ішінде болмайды аласы,
оларды бұзатын - нәпсінің таласы.
(Шәкәрім)


Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.
(Әл – Фараби)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет