Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
5 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру арқылы жүреді.
Психологиялық дайындық:
«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Бұл жаттығуды орындау сендерге қиын болды ма?
Көршің «Мен сені көруге қуаныштымын» деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңдар?
«Санау» әдісімен топқа бөліп отырғызу.
- 1,2,3,4-ке саналып, топқа бірігіп отыра қалыңдар.1-топ «АҚШ», 2-топ- «ҚР»,
- Топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіріңдер.
Өткен сабаққа шолу, жаңа сабаққа кіріспе:
А)Үй тапсырмасын тексеру.
Ә) Анықтамаларды сұрау.
Б) Сұрақ-жауап:
- Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
-Күрделі сөздерді қалай ажыратамыз?
-Біріккен сөз деген не?
-Біріккен сөздерге мысалдар келтіріңдер.
-Қос сөздер деген не? Оларды қалай ажыратамыз?
-Ал бүгінгі сабақта қысқарған сөздерді анықтауға арналған тапсырмалар орындайтын боламыз.
Сабақ мақсатын хабарлау.
|
Жаттығу жасайды.
Жаттығу барысы
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
Топқа бірігеді.
Топ басшысын сайлайды.
Топ ережесін еске түсіреді.
Тапсырма тексертеді.
Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру.
|
|