Далешова Нурикамал Кабдрашитовна
математика пәні мұғалімі
Көкшетау қаласы «№7 орта мектебі» ММ
Сабақтың тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулалары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- тақырып бойынша алған білімін жинап, бір жүйеге келтіру;
- қысқаша көбейту формулалары бойынша білімдерін тексеру;
-ойлау қабілетін дамыту және математика тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, жауапкершілікке дағдыландыру, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға дағдыландыру, өз жетістігін бағалай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивтік тақта, презентация, жетондар және т.б
Сабақ барысы:
-
Үй тапсырмасы. Сабаққа дайындық (теориялық білім, формулалар)
-
Кім жылдам? (Ауызша есеп)
-
Математикалық диктант.
-
Қатені түзе.
-
Әр түрлі тапсырмалар.
-
Өзіндік жұмыс.
-
Оқушы шығармашылығынан (сөзжұмбақ шешу)
-
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
І. Сабаққа дайындық (теориялық білім, формулалар)
Қандай қысқаша көбейту формуласын білесіңдер?
Формула түрінде және ережесін айту, мысал келтіру.
Оқушы жауаптары:
Екі өрнектің квадратының айырымы
Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты
ІІ. 2 слайд. Ауызша есеп (қайталау).
Төмендегі есептер интерактивтік тақтада көрсетіліп тұрады. Оқушылар ауызша , тез жауап беруі керек. Жауаптарына сәйкес оқушыларға 3,4,5 ұпайлық жетондар беріледі.
Есеп. Жауап:
ІІІ. Математикалық диктант.
Өрнек түрінде жазыңдар:
-
а мен 7 сандарының қосындысының квадраты.
-
в және 4 санының қосындысы мен айырмасының көбейтіндісі.
-
в және 5а сандарының айырымының квадраты.
-
2х және 1 санының қосындысы мен айырымының көбейтіндісі.
ІV. Қатені түзеу керек.
Оқушылар тақтадағы есептердің қатесін түзейді.
V. Әр түрлі тапсырмалар.
Мына өрнектерді өз бағандарына жаз.
-
“?” Белгісінің орнына қандай өрнек жазу керек?
Кестені толтыр :
1
өрнек
|
2
өрнек
|
Екі өрнектің айырмасын оның қосындысына көбейту
|
Екі өрнектің квадраттарының айырмасын жазу
|
3а
|
В
|
|
|
2х
|
3у
|
|
|
0,3
|
4в
|
|
|
aв
|
5
|
|
|
х
|
у
|
|
|
VI. Өздік жұмыс
1-нұсқа 2- нұсқа
І. Көбейткішке жікте :
ІІ. Көпмүше түрінде жаз :
Өздік жұмысты аяқтағаннан кейін, оқушылар көршілерімен дәптерлерін ауыстырып, интерактивтік тақтадағы дұрыс жауапқа қарап, тексереді. Өздері бір-бірін бағалайды.
VII. Оқушы шығармашылығынан.
-
Бірдей көбейткіштерден тұратын көбейтіндіні не деп атайды?
-
Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысы.
3) Фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым.
4) Үш бірмүшеден тұратын көпмүшені не деп атайды?
5) Нүктелердің координаталық жазықтықтағы кескіні.
VIII. Сабақты қорытындылау.
Тұжырымды жалғастыр.
Екі өрнектің квадраттарының айырымы .....
Екі өрнектің қосындысының квадраты...
Екі өрнектің айырымының квадраты...
IX. Оқушыларды бағалау.
Оқушылар жинаған ұпайлары бойынша бағаланады.
№
|
О.А.Ж
|
Ұпай саны
|
1
|
|
|
2
|
|
|
3
|
|
|
4
|
|
|
5
|
|
|
6
|
|
|
7
|
|
|
8
|
|
|
9
|
|
|
10
|
|
|
11
|
|
|
12
|
|
|
-
Үйге тапсырма. Қысқаша көбейту формулаларын, ережелерін жаттау.
№ 183-185
Достарыңызбен бөлісу: |