«Үздік жаратылыстану пәні мұғалімі-2023»
аудандық байқауының ЕРЕЖЕСІ
Өтетін орны: №23 орта мектеп
Өтетін күні: 28 наурыз, 2023 жыл
«Үздік жаратылыстану пәні мұғалімі-2023»
байқауын аудандық білім
беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырып, өткізеді.
1. Байқаудың мақсаты
Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты
өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі зор,
педагогикалық
мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін
көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.
2. Байқаудың міндеттері
Педагогтардың әлеуметтік, кәсіби беделді тұлғасын қалыптастыру,
мадақтау және
қолдау көрсету;
Білім беру жүйесі педагогтарының шығармашылық әлеуетін ашу;
Мұғалім кәсібінің мәртебесін көтеру;
Мұғалімдерді өз кәсіби құзырлылықтарын жетілдіруге ынталандыру;
Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау және тарату.
4. Байқауға қатысу тәртібі
4.1. Байқауға
аудан мектептерінің химия, биология және география
пәндерінің педагогикалық өтілі 4 жылдан жоғары мұғалімдері қатыса алады.
4.2. Сұраныста мұғалімнің аты-жөні, мектебі, пәні, сабақ беретін сыныбы,
тақырыбы, оқыту тілі көрсетілуі тиіс.
4.3. Сұраныс ағымдағы жылдың 25-наурызына дейін қабылданады.
5. Байқау кезеңдері
І кезең. Өзін-өзі және жұмыс жүйесінің моделін таныстыру (5 минут). /10
балл/.
Бағалау критерийлері:
Таныстырудың мазмұндылығы: педагогикалық тәжірибенің шынайылығы,
жаңашылдығы, нәтижелілігі;
Қатысушының сөйлеу шеберлігі, эрудициясы, эмоционалдылығы;
Кәсіби өсу жолындағы ізденістері мен әдістемелік жұмысының көрініс табуы;
Презентацияның визуалды көркемдеу талаптарына
сәйкестігі;
Уақытты тиімді пайдалана білуі.
ІІ кезең. Ықшам сабақ. (8-10 минут). /10 балл/.
Байқауға қатысушы мұғалімдер күнтізбелік мерзімге сәйкес ықшам
сабақ көрсетеді. Ықшам сабақ панорамалық форматта ұсынылады.
Бағалау критерийлері:
Сабақ мақсатының жоспарланған оқыту нәтижесіне сәйкестігі;
Сабақта жеке тұлғаға бағытталған әдіс-тәсілдердің жүзеге асырылуы;
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді пайдалана білуі
Сабақта қолданған бағалау жүйесін негіздей алуы, сабақтың нәтижелілігін көрсете
білуі және оқушылармен кері байланыс орнату шеберлігі
Мұғалімнің сөйлеу шеберлігінің тіл мәдениетінің талаптарына сай келуі
ІІІ кезең. Эссе (20 минут).
Байқауға қатысушылар берілген тақырып бойынша 20 минут ішінде
эссе жазады. Тақырыптарды сол жерде таңдап алады.
Эссеге қойылатын талаптар:
Тақырыптың ашылуы;
Автордың жеке позициясының көрініс табуы;
Сауаттылығы, тілдің грамматикалық формалары мен синтаксистік құрылымдарын
пайдалану шеберлігі;
Көлемі 250 сөзден кем болмау керек;
Логикалық бірізділіктің сақталуы;
Қорытынды пікірдің болуы.
5. Қазылар алқасы
5.1 Қазылар алқасы байқауға қатысушыларға
берілген тапсырмаларды,
бағалаудың өлшемдерін әзірлейді.
5.2. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың кәсіби шеберлігін,
шығармашылық
қабілеттерін
ашатын
байқаудың
тапсырмаларын
құрастырады.
5.3. Қазылар алқасы байқаудың жүлдегерлерін анықтайды және оларды
марапаттайды.
5. Байқау жеңімпаздарын марапаттау
Байқау сынақтарының нәтижесі бойынша қазылар алқасы І, ІІ, ІІІ
орындар бойынша жеңімпаздарды және номинация иегерлерін анықтайды.