«Биология 6 сынып»
Тулебаева А.Ш, биология пәнінің мұғалімі
СҚО, Есіл ауданындағы Петровка орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Жапырақ (2 сағат)
Сабақтың мақсаты: Жапырақтың құрылысы, түрлері, маңызы туралы тұсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Жапырақ ұғымымен, шығу тегі, құрылысы, дамуы және сабаққа орналасуымен таныстыру
Дамытушылық: есте сақтауға, бір-бірімен салыстыра білуге, қызығушылықтарын оятуға, сонымен қатар электронды оқулықпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Табиғаттағы маңызын түсіндіре отырып, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, кітап мәтінімен жұмыс, электронды оқулықпен жұмыс, өзін-өзі тексеру, қорытындылау.
Қолданылған модульдер:
1.Өсімдіктер
2.Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелері
Сабақтың көрнекілігі: тест жұмыстары, интерактивті тақта, электронды оқулық, кесте.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: а) сәлемдесу
ә) сабақта жоқ оқушыларды анықтау
б) сабақтың тақырыбы және мақсатымен оқушыларды таныстыру
2. Тест тапсырмасымен өткен тақырыптарды тексеру
Интерактивті тапсырмалар
№5: «Тамырлар жүйелері»
№9: «Өркен»
№10: «Сабақ қабаттары»
№12: «Сабақтың ішкі құрылысы»
№16: «Өркеннің түрөзгерістері»
3 . Жаңа сабақты түсіндіру:
Мұғалім: Оқушылар, барлығымыз жапырақ туралы не білітенімізді еске түсірейік.
Оқушылар:
1-қатар: Жапырақ өсімдіктің қандай мүшесіне жатады? Не себепті?\
2-қатар: Өсімдік жапырағының сыртқы құрылысы туралы не ойлайсыздар? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?
Мұғалім:
Жапырақ өсімдіктің өсу (вегетативті) мүшесі. Себебі өсімдік жапырағының бойында көбею (генеративті) мүшелері болмағандықтан өсімді мүшелерге жатады, бірақ көбеюге қатысады.
(Электронды оқулық, Жапырақ) Жапырақтың қызметі: 1.ауадан көмірқышқыл газы мен су буын сіңіріп, жарықтың әсерінен ағзалық заттар түзеді, 2.жасушадағы артық суды буландыру, 3.газ алмастыру, 4.ағзалық заттарды қорға жинау, 5.көбеюге қатысу.
Мұғалім: Сіздер жапырақтың сыртқы құрылысымен танысу үшін тақтаға назар аударыңыздар, содан кейін кітаптағы суреттермен салыстырыңыздар.
(Электронды оқулық, Жапырақ және кесте)
Оқушылар: 1-қатар: Өсімдік жапырақтарының сыртқы құрлысы бойынша қандай ерекшеліктер көріп отырсыздар? 2-қатар: Кітап бойынша сағақты және сағақсыз жапырақтардың ерекшеліктерін ажыратып, айтыңыздар
М
Жапырақ тақтасының пішіндері
ұғалім: Өсімдік түріне қарай жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болады.
Оқушылар: Сендер өсімдіктердің жапырақтарының пішіндерін мына кеппешөптерге қарап ажыратыңдар. Өздерің көрген өсімдік жапырақтарының тақтасына мысалдар келтіріңдер.
Мұғалім: Жапырақтар жай және күрделі жапырақтар болып екіге бөлінеді.
Бір ғана тақтасы бар жапырақ Бір сағақта екі, одан да көп майда жапырақшалары бар. Терек, қарағаш, қайың, жөке ағаштары Беде, соя, қарасора, итмұрын, асбұршақ, шетен, чина
Жапырақ
Жай
Күрделі
Үш құлақты
Қауырсын тәрізді
Саусақ салалы
Үш құлақты күрделі жапырақ сағағында 3 жапырақша болады
Саусақ салалы күрделі сағақта 5-7, одан да көп жапырақшалар саусаққа ұқсап бір жерден таралып орналасады
Қауырсын тәрізді күрделі жапырақшалар негізгі сағақты бойлай екі жағынан бірдей құс қауырсыны тәрізді орналасады.
4. Сабақты бекіту:
Мұғалім: Интерактивті тақтада берілген тапсырмаларды орындай отыра бүгінгі сабақты қайталайық.
№2 «Жапырақ тақтасының пішіндері»
№19 «Жай және күрделі жапырақтар»
(Электронды оқулық, Жапырақ)
5. Сабақты қайталау және қорытындылау (бағалау)
6. Үй жұмысы. Жапырақ; 23, 24. 25. 26 суреттер; Сұрақтарға ауызша жауап беру
Достарыңызбен бөлісу: |