Сабақтың тақырыбы: Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері. Сабақтың мақсаты



Дата12.06.2016
өлшемі73.76 Kb.
#130999
түріСабақ
Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат селосы

Ш.Т.Еркінов орта мектебі



Қосжан Оңғар Саматұлы

АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы

Сабақтың тақырыбы: Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға гранатты лақтыру әдістерінің теориялық негіздерін беру, қол гранаттарын лақтыру үшін берілетін пәрмендерді білдіру.

Дамытушылық: Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру кезіндегі қауіпсіздік шаралары жайлы түсініктерін дамыту.

Тәрбиелік: Қырағылыққа, ойланып әрекет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі иллюстративтік.

Сабақтың көрнекілігі: АӘД кітабы, оқу-жаттығуға арналған қол гранаттары,

сызбалар, кесте, мультимедиялық бағдарлама.



Сабақтың барысы:

І. Кіріспе бөлім

1) Әскери сапқа тұрғызу.

2) Взвод командирінің әскери оқытушыға мәлімдеме беруі. Сәлемдесу.

3) Оқушылардың тазалығына, әскери формасына, сабаққа дайындығына

көңіл бөлу.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Жоспары:


  1. Қол гранаттары.

  2. Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері.

  3. Қауіпсіздік шаралары.

Гранат – (итал. Granaia, granatus - түйіршікті). Қарсыластың адам күші мен техникасын 1000 м-ге дейінгі қашықтықта жоюға арналған оқ - дәрі. Қол гранаты талай ғасырлар бойында армияның қаруы болды. Оларды жауынгерлер біздің жерімізге жаудың шабуылдарын тойтару кезінде ойдағыдай қолданды. Жарықшақты қол граната қарсыласты жоюдың сенімді құралы болып табылады.



ҚР.Қарулы Күштерінің қару-жарағында
РГД – 5 РГ – 42 Ф – 1

Гранат жарылған кезде адам күшін жоюға жетерліктей энергиясы бар жан-жаққа ұшатын көптеген жарықшақтар түзіледі. Ол әсіресе жақыннан ұрысуда, шабуылда, окоптарда, елді мекендерде, орманда ұрыс жүргізгенде ерекше нәтижелі. Жарықшақтарының ұшу қашықтықтарына байланысты бөлінеді:



Гранаттар

Шабуылдық Қорғаныстық



Гранаттардың ұрыстық қасиеттері:


Сипаттамалары

Гранат типі

РГД - 5

РГ - 42

Ф – 1

Гранат типі

Шабуылдық

Шабуылдық

Қорғаныстық

Гранаттың массасы

310 г.

420 г.

600 г.

Жарықшақтардың ұшу радиусы

25 м.

25 м.

200 м.

Лақтырудың орташа қашықтығы

40-50 м.

30 - 40м.

35 – 40 м.


Гранатты лақтыру үшін оңтайлану (жарақтау) мен гранатты лақтыру керек. Жаттығу сабақтарында ұрыстық гранаттарды лақтыру кезінде болат дулыға киіледі.



Бір орнында тұрып

Тізерлеп тұрып

Гранатты лақтыру Жатқан қалпында

тәсілдері Адымдап немесе жүгіріп келе жатқанда

Ордан немесе оқпанадан лақтыру үшін

Тік нысана боп саналатын ғимарат

терезесінен және есігінен







Қауіпсіздік шаралары:

Гранаттар гранат сөмкелерінде алып жүріледі. Тұтандырғыш оларда бөлек орналастырылады, бұл ретте әрбір тұтандырғыш қағазға немесе шүберекке оралады. Гранатты корпусында терең майысулар және қатты таттанған тұстар болмауы тиіс. Алып жүру кезінде соқтығудан, оттан, балшық пен ылғалдан сақтау керек. Ылғалданған және ластанған гранаттарды командирдің бақылауымен сүртіп кептіреді. Оларды оттың маңына кептіруге болмайды. Ұрыстық гранатаны бөлшектеуге, ақауларын жөндеуге, сөмкеге салмай алып жүруге, сондай-ақ жарылмаған гранаттарды алып жүруга тыйым салынады.


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1) Сұрақ – жауап.

  1. Жатқан қалпында гранат лақтыру қалай жүзеге асады?

  2. Адымдап немесе жүгіріп келе жатқанда гранатты лақтыру дегеніміз не?

  3. Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру үшін қандай іс-қимыл жасалады?

  4. Гранатты тік нысана боп саналатын ғимарат терезесінен және есігінен лақтыру қалай орындалады?


2) Карточкамен жұмыс.

  1. Қол граната деген не?

  2. Қазақстан армиясының қарулануында қандай қол гранаталары бар?

  3. Бір орында тұрып гранатты лақтыру іс-қимылы деген не?

  4. Тізерлеп тұрып гранат лақтыру қалай орындалады?


3) Сөзжұмбақ шешу.




П

р

е

з

и

д

е

н

т







К

а

л

а

ш

н

и

к

о

в







Г

р

а

н

а

т







Н

ұ

р

м

а

ғ

а

м

б

е

т

о

в

Р

е

с

п

у

б

л

и

к

а

л

ы

қ







Қ

о

р

ғ

а

н

ы

с

т

ы

қ







Ж

а

р

а

қ

т

а

у


















































1. ҚР-ның Қарулы Күштеріне кім басшылық етеді?

2. 1942 ж. автомат жасап шығарған өнертапқыш

3. Қарсыласты қашықтықта жоюға арналған оқ - дәрі

4. Қазақстанның алғашқы Қорғаныс Министрі

5. ҚР-ның басқару формасы немесе қандай басқару нысанындағы мемлекет

6. Жарықшақтардың ұшу қашықтығына байланысты гранат типі

7. Гранатты лақтыру үшін оңтайлану.

4)Тест жұмысы.
1.Қарсыластың тірі күшін жарықшақтармен жоюға арналған қару

а) автомат (пулемет) ә) қол гранаты б) винтовка

2. Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты қалай бөлінеді?

а) шабуылдағы және қорғаныстағы;

ә) арнаулы және ұрыстық

б) жоғарғы және төменгі

3. РГД-5 гранатын лақтырудың орташа қашықтығы

а) 30-40м ә) 35-40м б) 40-50м

4. РГ-42 жабдықталған гранаттың массасы

а) 310 г. ә) 420 г. б) 600г.

5. Гранатты жарақтау қандай пәрмен бойынша жүргізіледі?

а) «гранатпен ат!» ә) «Гранатты лақтыр!» б) «Гранаттарды дайында!»

6. Гранат қандай заттардан тұрады?

а) Қорап, жарылғыш заряд, тұтандырғыш

ә) өртегіш, арнайы, жарықтандырғыш

б) жарықшақ, тұтандырғыш, энергия

7. Ылғалданған және ластанған гранаттарды қалай кептіреді?

а) Оттың маңына кептіру арқылы

ә) Сүртіп, кептіреді

б) Қағазға немесе шүберекке орау.


Жауап кілті:

1. Ә 5. Б

2. А 6. А

3. Б 7. Ә

4. Ә
ІV. Қорытындылау.

1. Үйге тапсырма:

1) 6-тақырыпты оқып келу.

2) «Патриот» сөзінің қазақ тіліндегі аудармасы және мәнін жазып келу

2.Оқушыларды бағалау, мадақтау.

3.Әскери қоштасу.


ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны шырқалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет