«№1 Жарма колледжінің»
арнайы пәндер оқытушысы және
өндірістік оқыту шебері
Қасымова Айдана Нұрахметқызы
Күні:
Пәні: Тігін өндірісінің технологиясы
Тобы: №5 «Тігінші»
Пән мұғалімі: Қасымова Айдана Нұрахметқызы
Сабақтың тақырыбы: «Жең түрлерін жасау технологиясы »
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жең түрлерін жасау технологиясы тәсілдерін өңдеуді теориялық жүзінде алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой қабілетін өндірістік сабағында қолданып,технологиялық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбекке баулуға, ұжыммен бірлікте жұмыстануға, тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Материалдық-техникалық база: жағаны өңдеу түрлерінің технологиялық нұсқау картасы, плакат(өңірді өңдеу тәсілдері), тігін машинасы,үтік. Ине, жіп, қайшы, мата.
Пәнаралық байланыс: Жабдықтау, киім тарихы, технология негіздері, мататану, киім моделдеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2.Сабаққа назарын аудару.
3.Сабақтың тақырыбын, мақсатын, құрылымдық деңгейімен таныстыру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау :
Тік жағаны өңдеу технологиясы?
Тік жағаны мойын ойындысымен қосу және өңдеу.
Қайырма жағаны мойын ойындысымен жөрмеу арқылы қосу
Қайырма жағаны қайырма жағасы бар бұйымдардағы мойын ойындысымен қосу
Жалаң қабат жағаны мойын ойындысымен қосу.
Жағасы жоқ бұйымда мойын ойындысын өңдеу.
Үстіне дейінгі түймелігі бар бұйымдарда мойын ойындысын жағамен қосу
Қайырма жағаны өңдеу технологиясы?
Доғал жағаны өңдеу технологиясы?
Бұрышы шығып тұратын жағаны өңдеу технологиясы?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Қысқа жең ұшын өңдеу. Жең аузын бүгу тігісімен өңдемес бұрын, жеңнің ұзындығын анықтайды және дәлдеп қырқу сызығы мен жең аузын бүгу сызығын белгілейді.
Жең аузының қиығын теріс жағына қарай 0,7 – 1см бүгеді содан соң моделінде көрсетілген мөлшерде екінші рет бүгеді және мақта-мата бұйымдарында бүктемеден 0,1 – 0,2см қашықтықта сырып тігетін машинамен бүгіп тігеді. Жүн және жібек маталар бұйымдарында жасырын инешаншымды арнайы машинамен жапырып тігеді. Қалың жүн және жібек мата бұйымдарының жең аузын өңдегенде жең аузынын қиығын алдымен ашық қиықты бүгілген тігіспен өңдейді, ол үшін жең аузы бойынша теріс жағына қарай 0,7 – 1см бүгнді және жиегінен 0,1 – 0,2см қашықтықта бүгіп тігеді.Содан соң жеңнің аузын теріс жағына қарай бүгу еніне қайыра бүгеді, жеке тапсырыс бойынша әзірлегенде
бүгіп көктейді, содан соң жең аузы бойыша арнайы машинамен жапсырып тігеді.
Арнайы машина болмаған жағдайда, жиектерін әрбір 4 – 5см сайын қол инешаншымымен жапсырып бекітуге болады. Бұйымды жеке тапсырыс боерде бүгеді, бүгіп көктейді жіне арнайы машинамен немесе қолмен жапсырып тігеді. Қайырмасы бар жеңдердің жең аузының төмен бүгіндісін жең қайырмасының екі еселенген еніне арттырады. Жең аузын өңдеуді қайырмасыз жеңдердікі сияқты орындайды. Жең аузын өңдегеннен кейін қайырмасын өң жағына қарай бүгеді және қайырманың ішкі бөлігін жең тігісіне әрбір 4 – 5см сайын қол инешаншымымен жапсырып тіге отырып бекітеді. Жең аузын қырлы қатпарлармен бүгу тігісімен өңдеген кезде,жеңнің теріс жағынан қаттама еніне байланысты қашықтықта көмекші сызық белгілейді. Жең аузының қиығын теріс жағына қарай бүгіп, оны белгіленген сызықпен теңестіреді. Содан соң жеңмен төмен бүгу қиығын айналдыра орай отырып, бүгіп тігеді, тігісті бүктемеден моделіне байланысты қашықтықта орналастырады. Жең аузын бүгу қосымшасымен қайыра бүгеді және баса
үтіктейді.
Қондырма жеңді өңдеу. Қондырмалы жең сызбасын құрастыру, модельдеу. Киім тігу барысында қондырма жеңдердің бірнеше түрі қолданылады. Мысылы:
1. Түзу жең
2. Тар жең
3. Шынтақ тігісті жең
4. Көтермелі кең жең
5. Қаттамалы жең
6. Бүкпелі жең
7. Жең түбі қатпарлы жең
8. Бұрмелі жең, т.б.
Сонымен қатар, жеңдер ұзын, жартылай ұзын және қысқа болады. Жең түп айналымы таңдалған сән үлгісіне байланысты биік және аласа болып бөлінеді. Жең түп айналымы қатпарлы, бүрмелі болғанда үсті биіктеліп қосылады. Бұдан жеңнің өлшемі ешқандай өзгермейді. Егер жең түп пішімі биік, дөңгелек, тікбұрыш, реглан болса, жең түп айналымы өзгереді. Сондықтан жең түп айналымы өзгереді де, көтеріңкі немесе төмен тігісті болып келеді. Көп жағдайда киімнің әдемілігі қолтық ойындысы сәйкес келуіне
байланысты болады. Есептеу әдісі бойынша бір немесе екі тігісті классикалық үлгідегі көтеріңкі келген жағдай және жейделік жең пішімдерін сызып, құрастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |