Сабақтың тақырыбы: Жекелеген табиғат құбылыстарын қабылдау



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі33.71 Kb.
#484439
түріСабақ
1   2   3
Жекелеген табиғат құбылыстарын қабылдау

Түсініктер.
Мұғалім түсінікті тереңдету үшін оқушылардың алдына заттың немесе құбылыстың негізгі қасиеттерін анықтайтын сұрақтар қояды. Мәселен, сыныптарда балалар күзде жапырақ түсуін бақылайды да, мынадай сұрақтарға жауап береді. Жапырақ түсу кезінде қандай өзгерістер болады? Жапырақтар қандай ағаштардан түседі? Мұғалім жапырақ арқылы оларға тамырдан діңді бойлап келетін ылғал буланатынын түсіндіреді. Егер қыста ағаштардағы жапырақтар түспесе олар құрып кетеді, өйткені жапырақтардағы су қатып қалады. Ағаштарға жапырақ тастаудың қажеті не? (Жапырақтағы ағаштар құрып кетпеу үшін). Неліктен шырша мен қарағай қылқанын тастамайды? (Өйткені қылқан арқылы су аз буланады) . Ақыр соңында оқушылар жапырақ күзде түседі деген қорытынды жасайды. Бұл жапырақты ағаштардың қысқы суықтарға дайындығы .
Мұғалім балаларды заттардан немесе құбылыстардан белгілері мен қасиеттерін ажыратуға, сонан кейін түсініктерін кеңейту үшін бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері мен қасиеттерін салыстырып, олардың ең маңызды ерекшеліктерін анықтауға үйретуі керек. Мысалы, оқушылар қылқан жапырақты және жапырақты ағаштарды салыстырғанда бірінші кезекте олардың жалпы белгілерін: тамыры, діңі, бұтақтары, жапырақтары бар екенін атап өтулері керек. Олар содан кейін, осы жалпы белгілерін салыстыра отырып, негізгі айырмасы жапырақтарында екендігі қылқан жапырақты ағаштардың жапырақтары қылқан түрінде болатындығы жайлы қорытындыға келеді.
Түсініктерді қалыптастырудағы маңызды қадам – балалардың заттың ең маңызды белгілерін айыра білуі болып табылады. Балаға заттың мәнсіз белгілерінің немесе қасиеттерінің өзгеруі осы заттың белгілі бір ұғымға тиістілігіне әсер етпейтіндігін түсіндіру керек. Мысалы жапырақты ағаш биік немесе аласа, жуан немесе жіңішке, ұшар басы үлкен немесе шағын болуы мүмкін, бірақ бәрібір ол қылқан жапырақты ағаш емес: жапырақты ағаш болып қалады.
Одан әрі мұғалім балаларға заттарды олардың маңызды белгілеріне қарап ажыратуды үйретуі керек. Мәселен, мұғалім заттың бір немесе бірнеше маңызды белгілерін атай отырып, оқушыларға заттың өзін атауды ұсынады: онша биік месе өсімдік, бірнеше жіңішке діңдері бар, бұтақтарында қылқан немесе кәдімгі жапырақтар болуы мүмкін. (Бұта). Немесе мұғалім мынадай сұраққа жауап беруді ұсынады: бұл жер бетінің қандай формасы, онда көкжиек түзу сызық болып көрінеді, байқарлықтай көтеріңкі не ойыңқы жері жоқ (Жазық). Сонымен заттың маңызды белгілері оқушыларға заттың өзін дұрыс анықтауға көмектеседі.
Маңызды белгілер мен қасиеттерді анықтауға байланысты жүйелі жұмыс жүргізу балалардың жеке табиғат объектілері туралы саналы түсініктерінің қалыптасуына әкеліп соғады.
Түсініктердің болуы адамға заттардың өздері болмағанда олардың бейнелерін пайдаланып сөйлеуге мүмкіндік береді. Балалар көз алдарында болмаса да сыныпта төбелер туралы әңгімелейді, төбенің схемасын сызады, немесе үйдегі, табиғаттағы, тіршілік бұрышындағы бақылауларына сүйене отырып, алдарында не өзі, не бейнесі болмаса да, қандай да бір жануарлар туралы айтып береді.
Сонымен балалардың психикалық іс-әрекетінде заттардың бейнесі болып табылатын көру, есту, қозғалыс (моторлық), сезім, иіс, дәм және басқа да түсініктері өте маңызды орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет