Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
Оқу сабағының жоспары
Сабақтың тақырыбы: Жекелеген табиғат құбылыстарын қабылдау
Модуль /пән атауы: Дүниетануды оқыту әдістемесін қолдану
Педагог: Абуталипова Айгерим Мухтаркызы
2023 жылғы « » қазан
1.Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 2-курс, МБТ 22-9/1. МБТ 22-9/2.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
2. Мақсаты, міндеттері:
Жекелеген табиғат құбылыстарын сипаттау.
3. Күтілетін нәтижелер:
- Жекелеген табиғат құбылыстарын сипаттап, атай алады.
4. Қажетті ресурстар:
Ноутбук, интерактивті тақта, презентация, бейнекөрсетілім.
1.Дүниетану - Оқулық. Авторы: К. К. Байтенова, Ж. Б.Кажигалиева, Н.В. Орехова. 2022 ж.
2.Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдістемелік нұсқау.
Алматы, 1998.
3.Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
4.География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010.
5. Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Студенттермен амандасып, сабаққа дайындығын тексеру
ә) Топқа бөлу, топ басшысын сайлау.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау
Дүниетану түсініктері мен ұғымдарын қалыптастыру және дамыту.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жекелеген табиғат құбылыстарын қабылдау.
Кез келген ғылым мен оқу пәні логикалық бірізділікпен дамитын ұғымдар жүйесі болып табылады. Балаларға табиғаттануды оқытудағы міндет – олардың түсініктерін тудырып, ұғымдарын қалыптастыру жөніндегі күнделікті, жүйелі жұмыс жүргізуде.
Бұл жағдайда білімді игерудің бірінші кезеңі жеке табиғат құбылыстарын немесе фактілерді қабылдау болып табылады. Егер балалар олардың алдына белгілі бір міндеттер қою арқылы жаңаны қабылдауға даяр болса, игеру сапасы артады. Балалардың қабылдау кезіндегі белсенділігі олардың алдына: мұндай табиғат құбылысы неліктен болады? Оны қалай түсіндіруге болады – деген нақтылы сұрақтар қою арқылы проблемалық жағдай тудыра алғанда ғана артады.
Проблемалық жағдай көбінесе мұғалімнің табиғаттағы бақылаулар кезінде, тәжірибе немесе практикалық жұмыстар жүргізгенде дұрыс қойылған сұрақтар мен тапсырмалардан туады. Қабылдау белсенділігін арттырудың маңызды кезеңі – мұғалімнің балалардың бұрынырақ алған білімдерін пайдалануы.
Мұғалім жаңа материалды өткенде табиғаттың бұл құбылысы немесе заты туралы балалардың не білетінін міндетті түрде анықтауы керек. Кіші мектеп жасындағылар көпшілік жағдайда құбылыстың тек сыртқы, көбінесе мәнсіз белгілерін байқайды. Сондықтан бақылауларды ұйымдастыруда мұғалімнің алатын орны өте зор. Балаларды заттың немесе құбылыстың барынша маңызды, мәнді белгілерін көре білуге үйрету керек.
Ол үшін ең алдымен оқушылардың белгілі бір нақтылы табиғат құбылысын немесе обьектіні бақылауларын ұйымдастыру керек. Балалар жүйелі және бір бағыттағы бақылаулар жүргізгенде обьектіні немесе табиғат құбылысының жалпы және айқын белгілері ғана емес, сонымен бірге жеке егжей-тегжейлерін байқай бастайды. Бақылау жан-жақтылы және мақсатты сипат алады. Балалар бірте-бірте обьектілерді салыстыруға, бақылаулар негізінде қорытындылар жасауға үйренеді. Баланың жаңа затты немесе құбылысты көруге, бақылауға табиғи, туа біткен талпынысы қабылдаудың бастапқы негізін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |