Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды сәт. Сабақтың мақсаты



Дата17.07.2016
өлшемі34.32 Kb.
#206301
Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды сәт.

Сабақтың мақсаты:

Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сеңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрді аямай, ардақтай білуге тәрбиелеу.




  1. Әділқазылармен таныстыру.

  2. Білім сайысының барысымен таныстыру.


Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, жұлдызшылар.
1-айналым.

«Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің».

Сурет бойынша әңгіме, жүйелі ойын жеткізу.
2-айналым.

Поэзия минуты.

Сайыскерлер үйден дайындап келген өлеңдерін жатқа айтады.
3-айналым.

Шығармашылық айналым.

Төле би нелітен қарлығашты «киелі құс» дейді.


  1. Шаңырағыма бір бәйкүнә қарлығаш ұя салып еді. Ол жер бетін топан су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап қалған адам баласын жылан шақпақ болғанда, қызғыштай қорыған құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балапандарын зарлатып-сарнатып кете алмадым, дейді Төле би.

  2. Сырым батыр.

Қатты адамға мал тұрса, шөп шықпайтын тақыр-дағы депті. Қатты адамға мал тұрады деген не?

  1. Аңыз дегеніміз не?

Қазақ халық ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір түрі-аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелердің ертегілерден айырмашылығы, олар көбінесе халықтың тарихындағы болған, қоғам өміріндегі елеулі қызмет атқарған тарихи адамның іс-әрекетін бейнелеу негізінде тұрады.

  1. Ана тілін құметтеу дегенді қалай түсінесің?

  2. Алдаркөсе мен Шыңбермес Шығайбай аңызды кімдер туралы құрылған? Алдаркөсе, Шыңбермес Шығайбай.

  3. Ер Тарғын жырынан.

«Қабағынан қар жауып, кірпігінен мұз қатып» тіркесін басқа сөздермен алмастырып айт.
Талаға көзді Тарланды

Жауға қарай тебеніп,

Жалмауыздай емініп,

Талып жатқан әскерге,

Келді Тарғын желігіп.


  1. «Батыр бала Бөген мен Шұбар ат»

Бөген батыр жырындағы.

Жырдағы халықтың арманы не?



  1. Халық батырдың алған жары да асқан сұлу болса деп армандаған жанды ата?

Қыз Жібек.

  1. Орыс тілін білу қажет пе?

  2. «Ғажайып бақ» ертегісі неліктен бұлай аталған?

Халықтың арманы не?

  1. «Түс көрген патша» ертегісіндегі патша жұртын қандай қиын жағдайға душар етеді? Бәрінің басыңды аламын. Бірақ аман қалмайсыңдар деп уағда береді. Күңіренеді, жылайды, теңселеді, тебіренеді.

  2. Елбасының Н.Назарбаевтың қазақ қазақпен қазақша сөйлессін дегенді қалай түсінесің?


4-айналым.

Ырым-тыйымдар.

Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдар мен ырымдар, наным-сенімдерінің орны ерекше. Өйткені оларда ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі сақталған ұлттың рухани байлықтың қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан.

Енді адамның іс-әрекетіне, сүт тағамдарына нанға, жерге, қару-жараққа байланысты тыйымдар мен ырымдарға кезек берейік.


5-айналым.

Қорытынды түйін.

Әріптерден сөз құрау.
Өнердің нәр береді шапағаты,

Әркімнің өнерге бар махаббаты.

Элбвира, Мархабат, Ақбота, Индира, Айжан шықшы кәне.

Қонақтар қошеметпен қол соғады.




  1. Ана тілім-ақылғой дана тілім,

Әлдиледің қазақтың бар ақыны.

Тамырымсың сәулелі жарығымсың,

Көп қой сенен менің де алатынын.


  1. Қасиетің ана тіл, аз ба сенің

Өзің барда ескірмес, тозбас елім.

Сен болмасаң, ұлы Абай ақын болып,

Мұқағали атты өлең жазбас еді.


  1. Абай, Пушкин жырымен

Тіл арқылы танысқан

Көрмесе де бір-бірін

Іштей түлеп танысқан.


  1. Айналайын халқымнан

Айналайын даңқыңнан

Ана тілдің бағасы

Қымбат екен алтынан.


  1. Құндағында бесіктің

Ана тілін үйрендім

Сол арқылы бой жазып

Азамат боп өсіппін.
Қалың елім қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол.

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!


Осымен сайысымыз аяқталады.

Енді әділ қазылар мүшесіне сөз кезегі беріледі.

Мектепшілік Ана тілі пәндік сайысына қатысып «Үздік оқушы» атағына ие болған.

4 «б» сынып оқушысы Өтеуов Әлібек



4 «а» сынып оқушысы Жақсылықов Ұлан

4 «ә» сынып оқушысы Қыпшақбаева Бекзада.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет