10. Қорытынды.
Мұғалім:
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол бәрімізге де ортақ тәртіп.
Барлығымыз: Жол тәртібін білейік
Аман есен жүрейік!
Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық! Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңдар!
11. Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі. Әр оқушы бүгінгі сабақтан түйген әсерін немесе есіне ерекше сақтап қалған жол ережесін стикерге жазып, бағдаршамға жабыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |