Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Қаракөл орта мектебі
Тағашева Гүлмира Жақсылыққызы
Математика пәні мұғалімі,
І санатты
Сабақтың тақырыбы: «Кеңістіктегі векторлар » тарауына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Осы тарау бойынша оқушылардың алған білімдерін жинақтап, қасиеттерді, теоремаларды есептер шығаруда пайдалана білу дағдыларын жетілдіру.
2.Дамытушылық: Ойлау есте сақтау қабілеттерін,өз бетінше жұмыстану дағдысын қалыптастыру,шығармашлықпен жұмыс жасауына ықпал ету.
3. Тәрбиелік: Алға қойған мақсатқа жетуге, жауапкершілікке, ұжымдық жұмысқа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Білімді бекіту.
Техникалық –құралдар мен көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру.
2) Мақсатын қою
3) Білімін тексеру
4) Есептер мен жаттығулар арқылы білімін тексеру.
5) Тестілік тапсырмалар
6) Үйге тапсырма :ІҮ тарауға қосымша есептер № 98,99
7) Бағалау
Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа назарларын аудару.
Сабақ «Білім биржасы»зияткерлік ойын түрінде өтеді.Ойынға 5 адамнан тұратын 2топ қатысады.Ойын 4 турдан тұрады.Сабақтың әр кезеңінде топ жетекшісінің көмегі арқылы оқушылардың жауабын есепке алып отыру.(бағалау парағын пайдалану)
1-тур. «Білім аукционы» (сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы әр топ ақша қорын жинайды)
-
Вектор деген не? Векторды қалай белгілейді?
-
Вектордың абсолют шамасы деген не?
-
Нөлдік вектор деген не?
-
Қандай векторлар тең деп аталады?
-
Векторларды қосудың «үшбұрыш ережесін» тұжырымдап беріңдер.
-
Векторларды қосудың «параллелограмм ережесін» тұжырымдап беріңдер.
-
Қандай векторлар коллинеар векторлар деп аталады? Қоллинеар векторлардың қасиеті.
-
Векторлар арасындағы бұрыш қалай анықталады?
-
Векторлардың скаляр көбейтіндісі дегенге анықтама беріңдер.
-
Бірлік векторлар. Векторды үш оське жіктеу.
2-тур. «Таңдау- табыс»
-
ҰБТ есептері
|
20
|
30
|
40
|
Физика есептері
|
20
|
30
|
40
|
ҰБТ есептері:
20 : . а (-2,5,3) мен b (1,с,-1) векторлары перпендикуляр. С саны неге тең?
А) 5 B) -1 C) -2 Д)3 Е) -3
30 : 18нұсқа №9
А(-1;1;0) және в(1;-2; 2) векторларының арасындағы бұрышты есептеңіз
А) в) с) д) е)
40 : 19 нұсқа №19
Егер және = 10 болса, + табыңыз.
А)15 в)25 с) 19 д)37 е)5
Физика есептері :
20: 1-суретте жылдамдық V жене үдеу а векторлары көрсетілген. 2-суретте көрсетілген допқа әсер ететін барлық күштердің тең әсерлі күші қалай бағытталған?
А) 1 в)2 с)3 д )4 е)5
V
а
1-сурет 2-сурет
30: шамалары F1=3Н және F2 =4Н болатын екі күш дененің бір нүктесіне әсер етеді, F1және F2 күш векторларының арасындағы бұрыш 90°- қа тең. Осы күштердің тең әсерлі күшінің модулін табыңыз.
А) 7 Н в) 5Н с)1 Н д) Н е) Н
40 : Массасы 1кг дене жоғарыдан 9м/с 2 үдеумен жерге түскен. Ауаның кедергісін анықтаңыз. g= 9,8 м/с 2
А) 9Н в)1Н с)0,8 Н д) 9,8 Н е)18,8 Н
3-тур Эрудиттер сайысы
Сөзжұмбақтар шешу.
Сөзжұмбақ « Бірлік»
-
Векторға қатысты негізгі ұғым
-
Орттар қандай векторлар
-
Аналетикалық геометрия әдісін ең алғаш ашушылардыі бірі
-
Екі вектордың қосындысын геометриялық жолмен анықтағанда қолданылатын ережелердің бірі
-
Екі вектордың скаляр көбейтіндісі0-ге тең болса, пайда болатын бұрыш
-
Координаталық жазықтық кеңістікті 8 бөлікке бөледі, осы бөліктер қалай аталады?
Сөзжұмбақ «Вектор»
1.Сан мәнімен қатар бағытымен де сипатталатын шама
2.Бір түзудің не параллель түзудің бойында жататын нөлдік емес вектор
3. Ұзындығы 1-ге тең вектор
4. ОZосі қалай аталады
5. Векторды кескіндейтін кесіндінің ұзындығы
6. Екі вектордың скаляр көбейтіндісі 0-ге тең болса, олар қандай векторлар?
вв
вв
вв
вв
4-тур. Сыйлықтар аукционы. «Формуланы білесің бе? »
Құрметті: білімділер!
Аукционда сіздерге төмендегідей сыйлықтар ұсынылады. Оларды алу үшін формулаларды жазу керек
№1 лот.
Екі нүктенің арақашықтығын есептеу формуласы
№2 лот
а (а1;а2 ;а3) векторының модулін есептеу формуласы
№3 лот
а (а1;а2 ;а3) және в(в1;в2 ;в3) векторларының скаляр көбейтіндісін есептеу формуласы
№4 лот
а (а1;а2 ;а3) және в(в1;в2 ;в3) векторларының арасындағы бұрыштың косинусы
Қорытынды.
Бүгінгі «Білім биржасы» зияткерлік ойынында қай топ қандай ұпай жинағанын есептеп, жеңімпаз топ анықталады. Топ жетекшілері әрбір мүшесінің ұпайын есептейді.
Бағалау шкаласы: 5-30 ұпай «3»-тік
30- 80 ұпай «4»-тік
80-жоғары «5»-тік
Үйге : 4-тарауды қайталау, тест тапсырмалары
Достарыңызбен бөлісу: |