Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
Оқу сабағының жоспары
Сабақтың тақырыбы: Кері функция
Модуль /пән атауы:Математика
Педагог: Абсаматова Қарлығаш Әбілдақызы дайындады
2023 жылғы «15»қыркүйек
Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ: 1-курс,2023-2024 оқу жылы, БҚҚ 23-9/3
Сабақ түрі:Тәжірбиелік сабақ
2. Мақсаты, міндеттері:
-Функция ұғымын біледі
-кері функцияның анықтамасын біледі;
кері функцияның бар болу шартын түсінеді;
берілген функцияға кері функцияны табады;
өзара кері функциялардың графиктерінің орналасу ерекшелігін біледі
4.Қажетті ресурстар:
«Алгебра және анализ бастамалары» әдістемелік кешен 2012ж
5.Сабақтың барысы:
а)Ұйымдастыру.
Жағымды атмосфера қалыптастыру: студенттерді шеңберге шақырып, сәлемдесіп болған соң, жанында тұрған көршісіне математикалық термин сөздерді кезекпен жалғастырады.Мысалы;шеңбер,радиус,диаметр,хорда,..............
в) Жаңа сабақты түсіндіру және бекіту.
Жаңа материалды меңгерту
Кері функция– берілген функцияға тән тәуелділікті кері өрнектейтін функция (көп мәнді болуы да мүмкін). Егер y=f(x) берілген функция болса, онда кері функция x=ϕ(y) түрінде өрнектеледі. Мыс., y=ax+b (a≠0) функциясына кері функция ал y=ex функциясы үшін x=lny кері функция болады. Егер x=ϕ(y) функциясы y=f(x) функциясына кері функция болса, онда y=f(x) функциясы да x=ϕ(y) функциясына кері функция болады (бұл жағдай берілген функцияның кері функциясы бір мәнді болғанда ғана орындалады). Берілген функция мәндерінің облысы кері функцияның анықталу облысы, ал берілген функцияның анықталу облысы кері функция мәндерінің облысы болады.
Кері функция – берілген функцияға тән тәуелділікті кері өрнектейтін функция.
Берілген функцияға кері функцияның бар болу 1 шарты: Егер функцияның бір мәніне аргументтің бір мәні сәйкес келетін болса, онда функцияның кері функциясы табылады деп айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |