Жұптық жұмыс: Сыйқырлы конверт тапсырмасы:
А: №1. Көлемдері бірдей темір және шыны щариктерді суға батырсақ, кері итеруші күштер бірдей әсер ете ме? В: №2. Суға көлемі 100 см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3 С: №3. Ағаштың суға батып тұрған бөлігіне 18,6 Н Архимед күші әсер етеді. Осы ағаштың суға батқан бөлігінің көлемі қандай?
Бағалау критерийі
|
Дискриптор:
|
Архимед заңының формуласын есептер шығаруда қолдана біледі.
|
Есеп мазмұнын түсініп, шартын жаза алады.
|
Өлшем бірліктерін ХБЖ-ға келтіре алады
|
Есептерді шығару кезінде формуланы тиімді пайдаланады
|
Математикалық есептеулері дұрыс
|
Жеке жұмыс: «Физикалық диктант»
Сұйыққа (газға) батырылған денелерге АРХИМЕД КҮШІ әсер етеді.
· Архимед күші ЖОҒАРЫ бағытталған.
· Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы САЛМАҚТАРЫНЫҢ айырмасына тең.
· Архимед күші дененің ығыстырып шығарған СҰЙЫҚТЫҢ салмағына тең. · Архимед заңы мына түрде жазылады: FА = ρс*g*Vд
· Архимед заңы арқылы суда кемелер ЖҮЗЕДІ. ФБ Мадақтау арқылы «Өте жақсы», «Жарайсың», Қол шапалақтау
Сапалық және эксперименттік есептер:
№1. Ауада әрең көтеретін тасты су астында неге оп-оңай көтереміз?Мысалы: құдықтағы шелек су астында жеңіл де, ал көтере бастаған сайын ауырлай түседі. Неліктен?
№2. Екі ыдыс алып біреуіне тұщы су және тұзды су құйып, жұмыртқа салайық, сол кездегі құбылысты түсіндір.
№3. Бірдей бес ыдыс бар. Олардың біріншісі сумен, екіншісі спиртпен, үшіншісі керосинмен, төртіншісі сынаппен, бесіншісі бензинмен толтырылған. Осы сұйықтардың қайсысы ыдыс түбіне ең көп, ең аз, бірдей қысым түсіреді?
Достарыңызбен бөлісу: |