Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Мектеп: С.А Ходжиков атындағы №39мектеп-лицейі
|
Күні: 18.02.2022 ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні Каржаубаева Сауле Айтуғанқызы
|
Сынып: 7 «б»
|
Қатысқандар саны: 15
|
Қатыспағандар саны: 0
|
Сабақтың тақырыбы
|
Кері итеруші күш. Архимед заңы.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.3.1.12.Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру
7.3.1.13.Есептер шығаруда Архимед заңын қолдану
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
-Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің/Архимед күші/табиғатын түсінеді, -формуласын есептер шығаруда қолдана алады.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
-Архимед күшінің қандай шамаларға тәуелді екендігін біледі, -Архимед күшіне өмірден,табиғаттан мысалдар келтіре алады.
|
Кейбір оқушылар:
|
-Архимед күшінің бар екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, оның табиғаттағы пайдасы туралы түсініп айта алады.
|
Бағалау критерийлері
|
-Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің/Архимед күші/табиғатын түсіне біледі. -Архимед күшінің қандай шамаларға тәуелді екенін түсінеді. -Архимед заңының формуласын есептер шығаруда қолдана біледі.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/11173-sannyng_boligin_tabu_zhane_boligi_boi_ynsha_sandy_tabu
Интерактивті тақта
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Денеге әрекет ететін күштерді біледі, ажырата алады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(0-10 мин)
Білу
Үй тапсырмасы:
Түсіну
Ой қозғау
Ортасы
15 мин
Қолдану
Топпен жұмыс
«Сынақ алаңы»
Талдау
7 мин.
Жинақтау
5 мин.
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Сәлемдесу, оқушыны түгендеу, психологиялық ахуал орнату 2.Сыныпты «Түс таңдау» әдісімен топқа бөлу : 1 – топ: Алғырлар.
2 – топ: Ойшылдар. 3 – топ: Тапқырлар.
Слайдтан сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен,бағалау критерийлерімен таныстырамын. « Суреттер сырын ашайық»
Артындағы сұрақтарға жауап берейік.
Күштің ФБ: «Қол шапалақтау» әдісі.
Проблемалық сұрақтар:
1.Допты қолмен суға батырғаннан кейін қолымызды жіберсек, доп қайтадан су бетіне шығады. Неліктен? 2. Неге ауыр денелерді суда көтерген жеңіл?
3. Ағаш бөрене мен шегені көлге тастасақ қайсысы батады? Неге?
(Оқушылардың жауабынан соң):
Демек, сұйыққа батырылған денеге сұйық тарапынан кері итеруші күш әсер етеді. Бұл күштің мәнін тұңғыш рет көне грек ғалымы Архимед есептеп шығарған болатын. Сондықтан бұл күшті Архимед күші деп те атайды. Архимед туралы аңызды еске түсірейік. Бейнекөрсетілім «Архимед туралы аңыз» ФБ: «Бас бармақ» әдісі.
Архимедтің ашқан жаңалығының мән-мағынасын түсіну үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік. Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш, осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең болады. Бұл заңды Архимед ашқан, сондықтан оның есімімен — Архимед заңы деп аталады. Бейнекөрсетілім. Енді осы ығыстырушы күштің қандай шамаларға тәуелді немесе тәуелді емес екендігін тәжірибе арқылы тексереміз.Әр бір топ оқушыларына үлестірмелі қағаздар таратылады. 1 топ. Алғырлар. Құрал-жабдықтар: штатив, динамометр, көлемдері әр түрлі денелер, стакан, су 1-тәжірибе: Көлемдері әр түрлі екі денені динамометрге іліп, кезегімен ыдыстағы суға батырып, динамометрдің көрсетуін жазып алып, қорытынды жасаңыз. Ығыстырушы күштің дененің көлеміне тәуелді екендігін анықта.
№
|
көлемдері әр түрлі денелер
|
Дененің ауадағы салмағы Р1; Н
|
Дененің судағы салмағы Р2 ; Н
|
Архимед күші: Fы= P1- Р2
H
|
1
|
Үлкен цилиндр
|
|
|
|
2
|
Кіші цилиндр
|
|
|
|
Қорытынды: «Тығыздығы бірдей екі дененің қайсысының көлемі үлкен болса, сол денеге сұйықтың ығыстырушы күші көп болады, яғни дененің көлеміне тәуелді.»
|