Сабақтың тақырыбы: Кесте тігу. Сабақтың мақсаты: өткен сабақтарда айқас тігіспен кестелеп үйренген білімді жүйелеу



Дата16.06.2016
өлшемі48.11 Kb.
#139644
түріСабақ
О.Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектебінің

техенология пәнінің мұғалімі Айтөреева Ә.

Пәні: Еңбек

5-6 сыныптар (қыздар)
Сабақтың тақырыбы: Кесте тігу.

Сабақтың мақсаты: өткен сабақтарда айқас тігіспен кестелеп үйренген

білімді жүйелеу.



Дамытушылық: айқас тігіспен кестелеу әдісін үйрету арқылы

оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамыту.



Тәрбиелік: халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптей отырып, қолөнерді

құрметтеуге, еңбексүйгіштікке, төзімділікке, ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, оқушының шеберлігін, ісмерлігін

қалыптастыру.



Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс.

Керекті жабдықтар: мата, ине, қайшы, крегіш, түрлі түсті жіптер.

Көрнекілігі: кестелеген дайын бұйымдар, интерактивті тақтамен слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық дайындық.

ІІІ. Білімді тексеру немесе ой толғау.

ІV. Қауіпсіздік ережесі.

V. Сарамандық жұмыс.

VІ. Сергіту сәті.

VІІ. Сабақты бекіту.

VІІІ. Қорытынды.

ІХ. Үйге тапсырма.

Х. Бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, керекті құрал-жабдықтарын алып, отырған орнын ретке келтіруді ұйымдастыру. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында алған міндет етіп қойған ішкі және с ыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі – мәдени құнждылықтары мен дәстүрлерін дамыту. Осы бағытты ескере отырып, кесте тігу өнерін бүгінгі күні өз кәдемізге жаратып кеңінен қолданып жүрміз. «Атаөнері – балаға мұра» деп дәстүрлі сабақтастықты жалғастыру қажет деп санаймын.

ІІ. Психологялық ойын «Шуақты күн».


  1. Сенің Отаның қалай аталады?

  2. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын ата?

  4. Туымыздың түсі қандай?

  5. Республика күнін ата?

  6. Мемлекеттік тілімізді ата.




ІІІ. Білімді тексеру немесе ой толғау.

1. Кесте тігуге қажетті құрал-жабдықтарды ата.



2. Кестелеудің технологиясын ата.



3. Кесте түрлері.

ІV. Қауіпсіздік ережесі.

  1. Қайшыны бір-біріне бергенде сабын өзіңе қаратып беру керек.

  2. Тот басқан, өтпейтін қайшымен жұмыс жасама.

  3. Инені аузыңа салма.

  4. Инені киіміңе қыстырма.

  5. Инені жастықшаға қыстырып қой.

  6. Үтікті қосқанда, суырғанда қолың су болмасын.

  7. Жұмыс орнын таза сақтап, болған соң жинап қою керек.


V. Сарамандық жұмыс.

«Еңбек етсең еленерсің, еңбегіңе кенелерсің» деген мақалаға сүйене отырып, біз де жұмысымызды әдемі жасауға тырысайық.

Өткен сабақта келген жерімізден айқас кестемен кестелеуді жалғастырайық.

Сарамандық жұмыс кезінде мынаған басты назар аударылады.



  1. Тгістің әдемілігі.

  2. Түстің үйлесімділігі.

  3. Кергіштің дұрыс орналасуын қадағалау.

  4. Қауіпсіздік ережесін сақтау.


VІ. Сергіту сәті. Кесте туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру.

Кестені көңіл сызады,

Қол тігеді, .... көз сынайды.
Алтын балдақ қол сәні

Әшекей ..... топ сәні. кесте


Қыз еркем, ... көркем кестесімен
Кестенің сыры түрінде

Кілемнің сыры .... түгінде


Қол өнері ..... кестеде

Сөз өнері - ..... өлеңде



VІІ. Сабақты бекіту.


Білемін

Білдім

Білгім келеді

1. Тышқан із кестелеу.

2. Тізбек кестелеу.

3. Сабақты кестелеу.

4. Қайшы тігіс кестелеу.



Айқас кестелеу.

1. Шым кестелеу.

2. Бисермен кестелеу.




VІІІ. Қорытынды.

Сонымен кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек сулары пайдаланады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізіледі. Алтын жіппен тігу түркі халықтарының бәріне тән өнер. Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, қамзол, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі. Қазақстанда құрылған «Тұскиіз» (Алматыда), «Өнерпаз» (Таразда), «Өрнек» (Өскеменде) секілді фабрикалар қазақ халқының кесте өнеріне тән стильдегі бұйымдар жасайды. Олар өмір талабына сай екшелеп, жаңа түр мазмұнға ие болуджа. 1926 жылы Праижде дүниежүзілік көрмеде Р.Барлыбаева кестелі тұскиіз үшін халықаралық сыйлық алды. 1957 жылы Республикалық І-көрмеде қарағандылық Баймағанбетова, зайсандық Құнақова, семейлік Абаеваның кестелері көркемдік жағынан жоғары бағаланып, бірінші сыйлыққа ие болды.




ІХ. Үйге тапсырма: жұмысты жалғастыру.
Х. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет