Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу. Сабақтың мақсаты



Дата07.07.2016
өлшемі7.3 Mb.
#183755
түріСабақ
55 жалпы орта білім беретін мектеп



Тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу. 

Өткізген:

Информатика пәні мұғалімі:

Сактаганова Райхан Бердигалиқызы

Класы: 6 «Ә»

2014-2015 оқу жылы


Р.Б.Сактаганова

Ақтөбе қаласы

55 жалпы орта білім беретін мектебінің



информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу. 
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Word мәтіндік редакторында кесте құру түрлері, оны өңдеу және форматтау бойынша білім-біліктілік қалыптастыру.
Дамытушылық: Кестемен жұмыс жасаудың мүмкіндіктерін игерте отырып практикада кеңінен қолдануға және ақпараттық –технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын ,пікірлерін тұжырымды түрде қорғай білуге , сыпайы қарым-қатынас жасауға, ұжымдық-топтық сезімді ояту, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар топтамасы, кеспе парақтар.
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі
 Сәлемдесу
 Түгендеу 
Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Нөмірленген және маркерленген тізімдер. 
2. Бағандар.
3. Беттердің параметрлері. 
4. Жиек. 
5. Алдын ала қарау.
6. Құжатты баспадан шығару 
ІІІ. Білімдерін жан-жақты жетілдіру.
«Иә», «Жоқ» ойыны 
1. Мәтіндік редакторды іске қосу үшін:Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft Word. Тізбегін керек пе?
2. Осы тізбекті орындағаннан кейін экрандағы терезелердің қай түрі пайда болады?
3. Word терезесінде тақырып жолы бола ма?
4. Мәзір жолағы «Стандартты» құралдар үстелі кейін орналасқан ба?
5. Сызғыш «Пішімдеу» құралдар үстелінде орналасқан ба?
6. Мәтінді форматтау үшін «Стандартты» құралдар үстелін пайдалану қажет пе?
7. «Пішімдеу» құралдар үстелі терезенің төменгі жағында орналасқан ба?
8. Тақырып жолағында терезені басқару батырмалары бола ма?
9. Қалып күй жолағы терезенің үстінгі бөлігінде орналасқан ба?
IV. Жаңа сабақ 
Олай болса, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін.
Кесте құрудың үш әдісі бар:
1-әдіс. Мәзір жолы: Кестеà ҚоюàКесте 
2-әдіс. Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі
3-әдіс. Мәзір жолы: КестеàКесте сызу 
1 әдіс. Мәзір жолы: Кесте Қою Кесте
2-әдіс. Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі
3-әдіс. Мәзір жолы: КестеàКесте сызу
Редакциялау дегеніміз - өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.
Ұяшықтарды біріктіру Ұяшықты бөлу 
Бағана, жолдарды қою Бағана, жолдарды өшіру 
Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу
Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шертеміз де пернетақта арқылы ақпараттарды енгіземіз. Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан курсорының көмегіме немесе басқару, Tab пернелері арқылы жүзеге асырылады.
Ұяшықтардың ішіндегі мәліметтерді форматтау үшін әдеттегі мәтінді форматтау тәсілдерін қолдануға болады. Мысалыға, сіздер шрифт түрін, өлшемін және сызылымын өзгерте аласыз.Формат командасы ұсынатын барлық (бұрыннан таныс ) әрекеттерді пайдалануларыңызға болады. Мысалыға жол аралық интерволды тағайындап, оның шеттерін туралауға және ол үшін контекстік тәуелді менюді пайдалануға мүмкіндік бар. Контекстік менюді тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы шақыруға болады.
Компьютермен жұмыс
№1 тапсырма : 6 бағанадан 5 жолдан тұратын кесте сыз, бағаналардың енін өз қалауларың бойынша өзгертіңдер
№2 тапсырма: Кестеге екі бағана және екі жол қосыңдар
№3 тапсырма: Кестеден екі бағана және екі жолды өшіріңдер
№4 тапсырма : Кестеде бірінші жолдың және соңғы екі бағанның ұяшықтарын біріктіріңдер 
№5 тапсырма : 6 «ә» сынып оқушылары туралы мәлімет 




V. Жаңа сабақты бекіту.
“Кім жүйрік?” 
1. Кесте дегеніміз не?
2.Ұяшық дегеніміз не?
3.Кестелер неден тұрады?
4.Баған, жол сөздерінің орысша аудармасы?
5. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. 
6. Кестедегі сызықтар мен бояулар қалай жасалады? 
Қорытындылау.
Ал, балалар сонымен бүгінгі сабақты не білдік? Не үйрендік? Қане есімізге түсірейікші? Кім айтады?
VI. Үйге тапсырма беру
Кестелер 
Кесте толтыруға мәлімет дайындау. / отбасылық, сынып т,б/
VII. Білімдерін бағалау. 
Фишкалар арқылы бағалау. Әр сұрақтың жауабы 1фишкамен бағаланады. Соңында фишкалар саны анықталып, сол арқылы бағаланады. 






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет