Мектеп:
|
Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні
|
Қайруллаев Нұртілек
23.04.2024
|
Пән/Сынып:
|
Әдебиет 5 «е»
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Отбасы құндылықтары
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«Нағыз әже қайда?» Әжеге барайық.
|
Оқу мақсаттары:
|
5Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
|
Сабақ мақсаты:
|
Әңгімедегі негізгі тақырыпты анықтау;
Идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізу.
|
Бағалау критерийлері:
|
Әңгімедегі негізгі тақырыпты анықтайды;
Идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді.
|
Құндылықтарға баулу:
|
Үлкенге құрмет көрсету, қарияларды ардақтау.
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім:
|
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
3 минут
|
Ұйымдас-тыру
|
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа назарларын аудару. Сабаққа әзірліктерін сұрау.
|
|
|
Мадақтау
|
|
3 минут
|
Жаңа сабақ
|
Ойқозғау:
Әже деген кім?
Сенің отбасыңдағы әже қандай?
Сұрақтарға толық жауап беру негізінде бейнебаян көрсетіледі.
|
|
Сұрақтар беру арқылы жаңа тақырыпты ашуға бағыт беру.
|
|
бейнебаян
|
4 минут
4 минут
|
|
Жазушы Нұрдәулет Ақыш туралы қысқаша мағлұмат беру. «Нағыз әже қайдасың?» әңгімесінің мәні туралы қысқаша ақпарат беру.
Нұрдәулет Ақыш 1950 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1973). Республикалық «Мектеп», «Жалын», «Балауса» баспаларында, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Қазақстан мұғалімі», «Халық кеңесі», «Заң газеті», «Дат» газетжурнал редакцияларында, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында қызмет атқарған. Қазір М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі.
Республикалық баспасөзде алғаш рет 1972 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде «Қиянда» атты әңгімесімен көрінген. Оннан астам көркем әдебиет кітаптарының авторы.
Жазушы «Нағыз әже қайда?» әңгімесінде отбасы, ұшқан ұя, үлкен тәрбие, Әже бар үйде жылулықтың бар екендігін, жалпы отбасындағы Әке мен Ананың, Әже мен Атаның отбасындағы орны туралы ой қозғайды.
Әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтату үшін алдымен тақырып пен идея туралы әдеби түсініктеме беру.
Әңгіменің тақырыбы:шығарманың тақырыбына арқау болған,
ол – Әже.
Әңгіменің идеясы: Әженің ардақты, сыйлы, үлгілі жан екенін және оларды құрметтеу керек екендігін ұғындыру.
Автор өзінің әжесінің портретін әңгімеде қалай суреттейді?
Таныстырылымнан қараймыз.
«Мен таптым» әдісі бойынша суретке қарап, әңгіме мазмұнына байлынысты тақырыптар қою.
2-тапсырма бойынша Әже бейнесін шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып, шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтап, сызбаға түсіріңдер.
|
|
Мұғалім оқушылардың сұрақтарды түсініп, жауап беруін бақылайды, тыңдайды, қалыптастырушы бағалау жасайды.
|
|
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1284
таныстырылым
|
5 минут
|
Бекіту
|
2-тапсырма бойынша Әже бейнесін шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып, шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтап, сызбаға түсіріңдер.
|
|
|
Бағалау дескрипторы
|
|
1 минут
|
Кері байланыс
|
«Алшы», «Тәйке», «Шік» асықтарын белгілеу арқылы сабаққа кері байланыс жасату.
Менің сабаққа да, өзіме де көңілім толды.Тапсырмаларды өте жақсы орындап, жақсы баға алдым.
Сабақ жақсы және қызық болды. Сабаққа жақсы қатыстым деп ойлаймын.
Сабақтан жақсы ештеңе алған жоқпын. Не айтылғандары да түсінбедім.
|
|
|
|
|