С Бөлім
|
Адам болам десеңіз
|
Педагогтың аты – жөні
|
Исламова Динара
|
Күні
|
|
Сынып: 1
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
№
|
21
|
Сабақтың тақырыбы
|
Көңіл-күй шаттығы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
Әлемді жағымды қабылдауға ұмтылу
|
Құндылығы
|
Сүйіспеншілік
|
Қасиеттері
|
бәрін жақсы көру; бауырмалдық; татулық.
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушыларға адам өміріндегі әлемді жағымды қабылдаудың маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
|
Міндеттері
|
1. Білімділік: Оқушыларға айналадағы бәрін жақсы көрудің маңыздылығын түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды көңіл – күй
|
5 Т – ережесі:
Тәртіп.
Талап.
Тыныштық.
Тазалық.
Татулық.
«Нұрға бөлену» мәтінін оқу
|
5Т ережесін еске түсіреді
Көздерін жұмып отырады.
Алған әсерлерімен бөліседі.
|
«Хрустальная грусть» композициясы
|
Үйге тапсырманы тексеру
|
|
Оқушылар бір неше рет қайталап, дәптерге жазып алады. Талдау сұрақтарына жауап береді.
|
|
Сабақтың дәйексөзі
|
Жақсыға қарасаң, жаның жадырайды.
Мақал.
Сұрақтар:
1. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
|
|
|
Оқиға айту (Әңгіме)
|
Сәулет пен Дәулет
А. Ормантаев
Дәулет жетіде, Сәулет алтыда. Түс ауа Дәулет сыртта ойнап жүрген.
– Сәулет қайда? Ойынға неге келмеді? – деді кішкентай Зәуреш Дәулетке.
– Білмеймін.
Ол жүгіріп үйге кірді. Сәулет еден жуып жатыр екен.
– Бүгін мамамның туған күні. Жұмыстан шаршап келеді. Үйді тазалап, еденді жуып қояйын деп жатырмын.
Дәулет қатты ұялды.
– Кел, екеулеп жуайық, – деді қызарақтап.
– Жарайды.
Олар еденді екеулеп жуды. Үйді жинастырды. Сай жағасынан гүл теріп әкелді.
– Мама, туған күніңіз құтты болсын! – деп, екеуі жұмыстан келген мамаларына гүл ұсынды.
– Рақмет, рақмет, құлыншақтарым! – деді мамалары екеуінің бетінен кезек сүйіп.
– Мама, бұдан былай күн сайын еденді біз жуып қоямыз. Жарай ма? Түк те қиындығы жоқ екен, – деді Дәулет.
– Иә, мама, түк те қиындығы жоқ.
Сәулет те оны қоштап жатыр.
– Міне, адам болды деген. Айналып кетейін сендерден! – деп, аналарының көзінен ыстық жас ыршып кетті.
Сұрақтар:
Сәулет пен Дәулет аналарына қандай тосын сый жасады?
Сендер айналаңдағыларға қалай қуаныш сыйлайсыңдар?
Басқаларды қуанышқа бөлеу үшін адамға қандай құндылықтар ықпал етеді?
Өзіңнің жақындарыңды қуантқан кезің туралы әңгімелеп бер.
|
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
|
Шығармашылық жұмыс.
|
Сендердің көңіл – күйлеріңді кімдер көтереді, нелер қуантады? Суретін салыңдар.
|
|
|
Жобалау қызметі
|
|
|
|
Топпен ән айту
|
«Көңілді күн»
1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,
Сыйластықтың алауын өзің жақтың.
Сенің думан тойыңның әнін естіп,
Есігіңді шыдамай өзім қақтым.
Қайырмасы:
Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн 3-рет
Сені қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол, жан досым!
2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,
Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.
Есігіңнен мен кіріп келгенімде
Қуандың ау балаша мені көріп.
Қайырмасы: Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн 3-рет
Сені қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол, жан досым!
|
Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды
|
|
Үйге тапсырма
|
«Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін үлкендердің көмегімен оқып келу.
|
Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады
|
|
Сабақтың қорытынды сәті.
|
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
|
|
|