Сабақтың тақырыбы: Көлдер Сабақтың мақсаты



Дата02.07.2016
өлшемі124.68 Kb.
#173029
түріСабақ
Қызылтөбе лицейі

Ашық сабақ
Тақырыбы: «Көлдер»

Өткізген: география пәнінің мұғалімі Салемова Әдемі

Қызылтөбе 2013 жыл
Күні: 6.03.2013

Сыныбы: 6 «а»

Сабақтың тақырыбы: Көлдер
Сабақтың мақсаты.
Білімділік мақсаты – оқушыларға көлдер мен олардың пайда болу ерекшеліктері мен маңыздылығы жайлы білім беру.
Дамытушылық мақсаты – оқушыларды өз бетімен ізденуге, картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды суды қорғау, оның адам өміріндегі маңыздылығын айта отырып, оны күнделікті өмірде тиімді пайдалануға үйрету.

Сабақтың міндеті – Көл ұғымы түсінігі мен көлдің ерекшеліктері мен түрлері туралы білімін түрлі схемалар мен интерактивты тақта арқылы қалыптастыру. Сабақ мазмұнын ашу барысында түрлі танымдық тапсырмаларды орындату.
Сабақ түрі: ашық сабақ
Сабақтың білім беру әдісі: географиялық диктант, ауызша, интеративті әдіс, картамен және тақтамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің және қазақстанның физикалық картасы, интеративті тақта, суреттер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең

1. Сәлемдесу

2. Түгендеу

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару



ІІ. Үй жұмысын тексеру

Географиялық диктант

1. Өзінің табиғи арнасымен ағатын су жүйесін не деп атаймыз?


2. Өзеннің ағып шығатын жерін қалай атаймыз?
3. Ағыс бағытына қарап тұрғаныңда оң қолың жағың өзеннің қай жағасы, сол қол жағың қай жағасы болады?
4. Өзеннің құяр жері не деп атаймыз?
5. Өзендердің ағысының жылдамдығы сағасына барғанда төмендейді, сөйтіп онда тосқындар жинақталып, өзен сағасы тармаққа бөлінеді, яғни не пайда болады?
6. Өзеннің бастауынан бастап сағасына дейін әрі кең, әрі ұзынша ойыс алқапты не деп атаймыз?
7. Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі қалай аталады?

8. Бастауына жақын жағы - .............. ағысы, саға жағы – ..........ағысы,екеуінің аралығы ................ ағысына жатады.

9. Өзен алаптарын бір-бірінен көбінесе қыратты болып келетін не бөледі?

10. Өзеннің арнасындағы қатты жыныстарды не деп атаймыз?

11. Егер жартас өзен арнасын кесе көлденең алып жатса, су одан төмен қарай құлай ағады оны қалай атаймыз?

12. Жыл сайын белгілі бір маусымда қайталанып отыратын өзендегі су мөлшерінің едәуір көбеюін қалай атаймыз?

13. Өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуін не деп атаймыз?

14. Өзендегі судың ең төменгі күйін қалай атаймыз?

15. Өзен су мөлшерінің жыл ішінде өзгеру ерекшелігін не деп атаймыз?

 Жауаптары

1- өзен; 2-бастауы; 3- оң, сол; 4-сағасы; 5-атырау; 6-өзеннің аңғары; 7-жайылма;

8-жоғарғы, төменгі, орта; 9-суайрықтар; 10-шоңғалдар; 11- сарқырама; 12- су тасуы



13-тасқын; 14- сабасына түсуі; 15-өзеннің режимі.

Басқатырғыш

1 ҚАТАР

Ж

Н

Ұ

Р

А

О

С

С

А

Ж

Ш

К

Е

Й

Е

Ы

Й

Е

У

А

Т

Ы

С

Р

Ы

М

І

Л

Е

Л

І

Д

Қ

Т

А

Л

А

С

Л

А

М

Р

Л

Р

М

Н

С

Р

И

Ь

А

Р

О

Л

О

И

Ә

М

У

Д

А

Р

И

Я

2 ҚАТАР

О

Б

Ь

Ы

Қ

А

А

В

А

П

Е

А

В

М

Т

И

Г

Р

Р

Ы

А

Ы

В

П

Т

А

К

З

Ы

Ч

Ы

І

Т

О

О

А

Р

Ы

С

А

Н

Н

Ы

А

Н

І

Л

Г

К

Ы

Г

А

Н

Г

О

А

Ы

Я

Н

Ц

З

Ы

Ы


3 ҚАТАР

А

Қ

С

У

Е

Е

Ы

Е

В

Р

Е

Г

Д

В

Х

Н

Р

Ь

Д

Ж

І

Ф

У

И

Т

О

Б

Ы

Л

Р

А

С

С

А

Ғ

Ы

З

А

Н

Е

А

Я

Г

Ө

З

Т

Х

Й

С

А

Р

Ы

С

У

Э

Ц

Л

Е

П

С

І

Ы

П

О


«Мен өзенмін» ойыны

Шарты: қай өзен екенін, қай таудан бастау алатынын, ағып өткен жолында қандай жазықтармен өтетінін, қай көлге құятынын айту керек.


ІІІ. Жаңа сабақ
Көл дегеніміз –жер бетіндегі суға толған табиғи ойыс. Көл жазықта да, тауда да кездеседі.
Көл орналасқан ойпаң – көл қазаншұңқыры деп атайды. Оның пайда болуына байланысты бірнеше түрлері бар.
Көл түрлері: тектоникалық, бөген, қалдық, ескі арна, жанартаулық.
Тектоникалық көлдер - тау жасалу үрдісі кезінде пайда болған терең көлдер. Олардың пішіні ұзын болып келеді. Мысалы, Байкал көлі. Ыстықкөл, Зайсан.



Бөген көлдер - тау опырылып, өзен аңғарын бөгеп тастаған кезде пайда болған көл. Мысалы, Памирдегі Сарез.Үлкен Алматы көлі.



Қалдық көлдер - жер беті көтеріліп, теңіз тартылған кезде құрлықта қалып қойған көл. Мысалы, Каспий және Арал көлдері.



Ескі арна көлдер - жазық жерлерде өзендер өз бағытын өзгертіп, оның ескі иірімдері шағын көлге айналған.


Жанартаулық көлдер - сөнген жанартаудың кратерінде пайда болған көл. Мысалы, олар көбіне Ява аралында, Камчатка түбегінде бар.



Көл суы:

  1. Ағынды - көлден өзен ағып шығады (Байкал, Ладога )

  2. Ағынсыз - көлден ешбір өзен ағып шықпайды (Каспий, Арал, Балқаш )

  3. Тұйық - көлге өзен құймайды да, ағып шықпайды да (карстық (вулкандық) көлдер. Олар жауын-шашын мен қармен қоректенеді)

Көл суы қандай?

Құрғақшылық аймақтарда көл суы түгелдей буланып кетеді де, түбінде тек тұз қалады. Мұндай көлді тұнба немесе шөкпе көл деп атайды. Су құрамындағы тұздылықты промиллмен (‰) өлшенеді. Көлдер химиялық құрамына қарай 3-ке бөлінеді:


Тұщы -1‰
Тұздылау – 1-25 ‰
Тұзды -25‰-ден жоғары

Жаңбыр мен қар суы, өзендер жер бетін шайып көлге әртүрлі заттар ( жануар мен өсімдік қалдықтары) әкеледі. Ол қалдықтар көл түбіне жинала беріп, нәтижесінде көл бірте –бірте тайыздай бастайды да, ол батпаққа айналады.


Сергіту сәті

«Ойлан тап» ойыны



Қай көл екен тауып, сипаттама бер?


ІV. Бекіту және қорыту кезеңі

Семантикалық карта

Көлдер

Тектоникалық

Қалдық

Ескі арна

Жанартау-лық

Бөген

Ағынды

ағынсыз

Тұйық

Каспий

























Арал

























Байкал

























Ыстықкөл

























Зайсан

























Үлкен Алматы


























Сәйкестендіріңіз

Ең терең көл

Ангара

Ең үлкен көл

Зайсан

Тянь-Шаньдағы көл

Байкал

Алтайдағы көл

Каспий

Байкал көлінен ағып шығатын өзен

Ыстықкөл


V. Үйге тапсырма:

1. Оқулықпен жұмыс §45 Көлдер.



2. Кескін картамен жұмыс «Дүние жүзіндегі аумағы үлкен көлдерді» түсіру.

3. Каспий, Балқаш, Арал көлдеріне хабарлама алып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет