Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар көлік инфрақұрылымы жөнінде өз пікірлерін білдіреді
|
Диалогке арналған тармақтар:
Көлік түрлерін ажырата біледі.
Көлік түрлерінің маңызын сипаттай алады
Көліксіз қоғам мен шаруашылықтың қалыпты дамуы мүмкін еместігін болжай алады
|
Жазылымға арналған тіркестер:
... - Адамдарды және жүктерді тасымалдайтын техникалық құралы-... (көлік құралы).
Бір нәрсенің кеңістікте қозғалуы-..... (транспорт) деп аталады
... – күнделікті өмір мен шаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыстар (Инфрақұрылым)
Транспорт - экономикада транспорт деп барлық қатынас жолдары, көлік құралдары, техникалық құралдар мен адамдардың, жүктердің және ақпараттың бір жерден екінші жерге ауысу үдерісін қамтамасыз ететін қатынас жолдарындағы құрылыстардың жиынтығын айтамыз.
Дүние жүзіндегі ең көп таралған көлік түрлері: ......... (автомобиль, әуе, су, теміржол, құбыр)
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарының 4-құндылығы: « Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өнім»;
Осы тақырыпты оқыта отырып, оқушыларды еліміздегі көліктен ауаға тарайтын зиянды заттарды біле отырып, туған жерінің экологиясын қорғауға баулу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Физика
|
Алдыңғы білім
|
Бастауыш сынып жаратылыстану курсынан көліктің түрлерін ажырата алады; маңызын түсінеді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |