Сабақтың тақырыбы: Көліктер Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата03.07.2016
өлшемі44.14 Kb.
#173613
Сабақтың тақырыбы: Көліктер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға көліктер, олардың түрлері жайлы мағлұмат бер. Жолаушылар ережесін түсінідіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту. Дүниетанымдарын кеңейту, сөздік қорларын арттыру.

  3. Тәрбиелік: Оқушылардың партада дұрыс отыруына, ұйымшылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын

әдіс – тәсілдер:

  1. Көрнекілік әдісі

  2. Сұрақ – жауап әдісі

  3. Баяндау әдісі.

  4. Түсіндіру әдісі.


Сабақтың көрнекілігі:

  1. Презентация.

  2. Көлік түрлері

  3. Буклет


Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Пәнаралық байланыс: қоршаған орта, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  2. Психологиялық дайындық

  • Екі көз не үшін керек?

Бар жақсылықты көру үшін

- Екі құлақ не үшін керек?

Ақыл – кеңес тыңдау үшін.


  • Екі қол не үшін керек?

Елге көмек беру үшін.

  • Екі аяқ не үшін керек?

Туған жерге жету үшін
- Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ

Кіріспе.

  • Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Қазақстан Республикасы

  • Республикамыздың астанасы қандай қала?

  • Астана қаласы.

  • Бүгін біз Астана қаласына саяхатқа барамыз. Ол үшін алдымен қандай көлікпен баратынымызды анықтап алу керек.

  • Сендер қандай көліктерді білесіңдер?

  • Суда, жерде, ауада қандай көліктер жүреді?

  • Ауылда қандай көліктермен жүреміз? Қалада ше?

Саяхатқа аттану.

Жарайсыңдар, балалар сендер көліктердің түрлерін жақсы біледі екенсіңдер. Ал енді Астанаға қандай көлікпен баратынымызды мына жұмбақты шешу арқылы анықтаймыз:

Бір – бірімен қорап үйлер тіркесіп,

Қос сүрлеумен әрі – бері жүр көлік.

(Пойыз)

Жарайсыңдар, балалар, Астанаға біз пойызбен баратын болдық. Ендеше өзімізге сапарымыз оң болсын делік!



І аялдама. Бірінші аялдама «Сөзжұмбақ» шешу.Ол арқылы біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашамыз.

















к




























ө

























л

























і






















к













  1. Қабат-қабат хаттама

Ақылың болса аттама.

2. Үштен кейінгі сан

3. Жемістің аты

4. Ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді

5. Ұзын-ұзы ұзардай,

Ұзыннан аққан сулардай

- Жарайсыңдар, балалар,1- аялдамадан өттік. Енді ары қарай жылжимыз.



ІІ аялдама. Пойызымыз екінші аялдамаға да келіп қалды. Ол «Сергіту сәті» деп аталады, яғни барлығымыз орнымыздан тұрып сергіту сәтін өткіземіз.

Орнымыздан тұрайық,

Шеңбер жасап алайық.

Иіліп оңға бір,

Иіліп солға бір.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарй бір адым.

Жоғары – төмен қарайық,

Орнымызға барайық.


  • Жарайсыңдар, балалар бұл аялдамадан да өттік. Енді ары қарай жылжимыз. Келесі аялдама қалай аталады екен?

ІІІ аялдама. «Сұрақ – жауап» деп аталады.

Көліктің қандай түрлері бар?



Көлік түрлері
Жерде жүретін суда жүретін ауада жүретін

  1. Сен тұратын жерде көліктің қандай түрлері бар?

  1. Жолаушылыр деп кіміді айтамыз?

  • Көлікпен келе жатқан адамдар жолаушылар деп аталады.

  1. Ал жаяу адамдар қандай ережелерді сақтауы тиіс?

Бағдаршамға қарау керек. Егер қызыл жанса тоқтап, сары жанғанда дайындалып, жасыл жанғанда жүру керек.

Бағдаршам өлеңін жаттау.(слайд 30)

  • Сонымен біз 3 – аялдамадан да өтіп, саяхатымызды жалғастырайық.

Алдымызда 4-аялдама. Сергіту сәті

Жарайсыңдар, балалар! 5- аялдамамызға да келдік! Әңгіме құрастыр.

Бұл аялдамада сендер сабақты қаншалықты меңгергендеріңді тексеремін!

Ұяшықтар бойынша жауап беру(34 слайд)

Сонымен көліктің қандай түрлері болады?

Ауада жүретін көліктер

Суда жүретін көліктер

Жерде жүретін көліктер

Жолаушы деген кім?

Бағдаршам түстері

Бағдаршам ережелері

Жарайсыңдар, балалар! Енді бізге ненің суреті шықты?(34 слайд)

« Өрт сөндіруші көжек » әңгіме құрастыру

Шығармашылық тапсырма.

Астана қаласына жеттік. Осы Астана қаласында сендер қандай көлікпен жүрер едіңдер. Соның суретін парақтарға саламыз.



(Оқушылар аяқтаған соң көрме ұйымдастыру. Әр оқушы өз суретін талқылап береді.)

Қорытынды.

  • Көліктердің қандай түрлері бар екен?

  • Әрқайсысына мысал келтіру.

Үйге тапсырма беру. « Бағдаршамның » суреттерін салу.

Бағалау. Оқушыларды бағалап, журналға қою, түсіндіру.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет