Физика және астрономия пәнінде «Физика және техника» тақырыбындағы спутниктік байланыс жайлы білімдерін еске түсіремін.
«Бұл не?» әдісі арқылы топтық жұмыс жасатамын.
Алдын ала дайындалған 3 конверт 3 топқа таратылып беріледі. Барлық конверт ішінде қағаздан жасалған 5 компьютер және жіп беріледі. Үшінші топ конвертіне қосымша комутатор суреті салынған.
Конверт сыртына келесі жұмбақтар беріледі, жұмбақтың жауабы топтың атауы болады
1-топқа:
«Аналық тақшаның бөліктері арасында ақпарат тасымалдайдытын құрамдас бөлігі»
«ШИНА»
2-топқа:
«Әшекей бұйым болып табылады,
Арудың саусағына салынады»
«САҚИНА»
3-топқа:
«Көп моншақ үй үстінде қойдым шашып
Қарасам толып жатыр көзін ашып
Үйіме сәулеленіп түссе жарық
Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып»
«ЖҰЛДЫЗ»
1/ Оқушылар берілген жұмбақты шешіп топ атын анықтауы керек.
2/ Сосын конвертті ашып ішіндегі заттарды көріп, оқулықтан іздене отырып, топ атына сәйкес топология моделін жасаулары керек.
3/ Және әр топ осы топология түріне байланысты мәліметті оқулықтан, қосымша ақпараттық ресурстардан ізденіп тұжырымдар жасап парақшаға жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |