Сабақтың тақырыбы Квадрат теңсіздік. Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шығару



бет1/3
Дата28.12.2023
өлшемі488.08 Kb.
#488280
түріСабақ
  1   2   3
Квадрат теңсіздік.Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шығару.








Күні:

Мектеп: Талдықорған қаласындағы Мұхтар Арын атындағы үш тілде оқытылатын №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі

Сынып: 8а

Мұғалімнің аты-жөні: Тулеметова К.А.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4А Теңсіздіктер

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңсіздік.Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шығару.

Сабақтың түрі

Аралас

Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары

8.2.2.8
квадрат теңсіздіктерді шешу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
Рационал теңсіздіктерді шеше алады

Оқушылардың басым бөлігі:
Квадрат теңсіздіктердің шешімдерін тауып, сан аралығында кескіндей алады

Кейбір оқушылар:
Күрделі рационал теңсіздіктерді шығара алады

Бағалау критерийлері

- Рационал теңсіздіктерді шешу алгоритмін біледі;
- Сан аралығында кескіндей алады;
- Шешімдерін таба алады;

Тілдік мақсат



Оқушылар рационал теңсіздіктерді шешу алгоритмін тұжырымдай алады
Пәнге қатысты лексика және терминология: теңсіздік, интервал, жартылай интервал, координаталық сәуле.
Диалогтық жазылымға қатысты сөз тіркестері:
Теңдеудің түбірі тақ рет қайталанған жағдайда......
Теңдеудің түбірі жұп рет қайталанған жағдайда......

Құндылықтарды дарыту

- өмір бойы білім алуға бейімдеу;
- дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Геометрия (графиктерде)

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Оқушылар теңсіздік, квадрат теңсіздік, квадрат теңсіздікті парабола әдісімен шешу ұғымдарын біледі.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин



Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
З ейінді шоғырландыру. Кестені толтыр




Қалыптастырушы бағалау.Тақтадағы дұрыс жауаптар арқылы



Сабақтың ортасы

3 мин


2 мин
3 мин

7 мин


5 мин

10 мин




Білімланд ресурсымен жұмыс. Саралаудың «Қарқын» тәсілі . Белсенді оқыту түрі «Қорытынды шығару жəне есте сақтау» «Ойлан-жұптас-бөліс» белсенді оқыту тәсілі бойынша тапсырмалар орындайды. 1-тапсырманы жеке, 2-3 тапсырманы жұпта, 4 тапсырманы топта орындайды.


1. «Өзіңді сына» Жеке жұмыс
Қалыптастырушы бағалау. Дұрыс жауап арқылы тексеру


2. «Көршіңмен сырлас». Жұптық жұмыс


Қалыптастырушы бағалау. «Сөйлемді толықтыр» әдісі арқылы.
«Бүгін маған ... ».


3. «Топтас-бөліс» топтық жұмыс



Қалыптастырушы бағалау. Топтар бір-бірін «+;-» ұсыныс бідіру арқылы бағайлайды
4. Тақтамен жұмыс. Функционалдық сауаттылық тапсырмасы.(Тимсс тапсырмасы)

Бейсбол добын таяқшамен соққан кезде t (сек), (𝑡≥0) уақытында доптың биіктігі h болып, траекториясы теңдеуімен өрнектелді. Қандай уақыт аралығында доптың биіктігі 52 метрден артық болды?




Дескриптор: Білім алушы
- есеп шартына сай, квадрат теңсіздік құрастырады;
- квадрат теңсіздікті шешеді;
- есеп шартына сәйкес жауабын жазады





(1;3)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет