Сабақтың тақырыбы: Квартет Сабақтың мақсаты



Дата10.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#126401
түріСабақ
Сынып: 2 «__а__» сынып

Пән: Музыка

Өтілетін күні: _26.02.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Квартет

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға квартет туралы шағын мәліметтерді айтып, білімдерін жетілдіру;

Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойларын, танымдық процестерін, дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Музыка сауаттылығын дамыта отырып, сөйлеу, әсерлену, сұрақ қою, ой туғызу арқылы эстетикалық қабілетін нығайту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.

Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, ән айту, сөзжұмбақ шешу.

Сабақтың құрал – жабдығы: кітап, дәптер, плакат,баян аспабы,моноблок

Сабақтың өтілу уақыты: 45 минут.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу.

- Сынып оқушыларын түгендеу.

- Сыныпты сабаққа даярлау.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Сұрақтар арқылы)

  1. Музыкада неше дыбыс бар? (7-дыбыс)

  2. Соль нотасы нешінші сызықта орналасқан? (2-ші сызықта)

  3. Соль деп не үшін аталған? (өзіндік тональдігі болғасын)

  4. Соль нотасын тақтаға жазып бер.

  5. Ля нотасы нешінші сызықта орналасқан? (2-ші сызықтың үстінде)

  6. Ля нотасын тақтаға кім жазып береді?

  7. Хордағы дауыс нешеге бөлінеді?

  8. Қайсысы ерлер дауысы?

  9. Қайсысы әйелдер дауысы?


ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу

Төрт орындаушының бірігіп орындауы, яғни квартет өте ерте пайда болған. Байлардың салтанатты сарайында квартет өнер көрсеткен. Кең тараған квартет түрі – бұл ішекті ыспалы аспапта ойнаушы – скрипкашылар. Кейіннен вокалды квартеттер де пайда болды.


Квартет

Квартет (итал. guartetto – төртінші) –

1) 4 орындаушыдан (музыкалық аспапта орындаушылар немесе әншілер тобы) құрылған ансамбль. Квартет бір тектес не әр түрлі аспаптарда орындаушылардан құралады. Біртектес аспаптарда ойнаушылардан тұратын квартеттер: шекті аспаптар квартеті (2 скрипка, альтвиолончель), үрлемелі аспаптар квартеті (флейта, гобой, кларнет, фагот), бұлардан басқа 4 валторнадан не 4 фаготтан тұратын квартеттер де кездеседі; әр түрлі аспаптарда ойнаушылар квартеттері фортепианолық квартет (фортепиано, скрипка, альт, виолончель); үрлемелі және ішекті аспаптар квартеті(флейта немесе гобой, скрипка, альт, виолончель). Вокальдық музыкада әйелдер немесе ерлер тобынан құралған квартеттер, сондай-ақ, аралас (сопрано, альт, тенор және бас) квартеттер де болады. Аспаптық квартеттерден кең тарағаны – ішекті аспаптар квартетті. 1973 жылы ішекті аспаптар квартеті Қазақ филармониясында, ал 1980 жылы Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) құрылды;

2) 4 аспап немесе 4 әншілер дауысына арнайы жазылған музыкалық шығарма. Аспаптық квартет – ансамбльді камералық музыканың көп таралған түрі, негізіненциклді сонаталық форма түрінде жазылады. Қазақ музыкасында алғаш квартет жазған Б.Г. Ерзакович (“Қазақ квартеті”, 1936). Композиторлар С.И. Шабельский, И.В. Коцык, Е.Г. Брусиловский ішекті аспаптар квартетіне арнап қазақтың халық әндері мен күйлерін өңдеді. 20 ғ-дың 40 – 50-жылдары бұл жанрда композиторлар Л.В. Афанасьев, Б.Байқадамов, Қ.Қожамияров, Қ.Мусин, М.Қойшыбаев, Ғ.А. Жұбанова, 70 – 80-жылдары Б.Я. Баяхунов, В.А. Новиков, А.П. Исакова, И.Г. Ғазизов, Ж.Дәстенов, Т.Мұхамеджанов, т.б. елеулі еңбек етті.

Скрипкашылар квартеті

Борис Ерзакович

Ерзакович Борис Гиршевич (1908-1997) – музыка зерттеушісі, компазитор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ҒА-ның корр.- мүшесі, өнертану ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1931 жылдан қазақтың музыка фольклорын жинап, зерттеу жұмысымен шұғылданады. 2 мыңнан астам қазақтың халық музыкалық туындыларын, Абай әндерін жинап, нотаға түсірді. Олардың бірқатары Абайдың 2 томдық шығармалар жинағында (1940) жарияланған. Ерзакович нотаға түсірген Абайдың «Айттым сәлем, қалам қас», «Сегіз аяқ», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл», «Ата-анаға көз қуаныш», «Бойы бұлғаң», «Тәңірі қосқан жар едің сен», «Сүйсіне алмадым, сүймедім» әндерін әншілер Темірболат Арғынбаев, Қуан ЛекеровЖүсіпбек Елебеков және М. О. Әуезовтің айтуынан жазып алған. Бұл әндер Ерзаковичтің басшылығымен ҚазССР ҒА-ның өнертану бөлімі әзірлеген «Абайдың музыкалық творчествосы» (1954) атты жинақта жарық көрді. Ол осы әндерді толықтырып, ендеп, 2-рет «Айттым сәлем, қалам қас» деген атпен 1986 ж. «Өнер» баспасынан жарыққа шығарды. Мұнда Ерзакович «Абайдың қазақ музыкасына қосқан үлесі» атты алғы сөз жазған және1954 жылғы жинаққа енбеген Абайдың «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» әні қосылған. Ерзакович Абайдың «Кезімнің қарасы», «Бойы бұлғаң», «Ата-анаға көз қуаныш», «Сегіз аяқ» әндерін фортепиано сүйемелдеуімен жеке дауысқа, хорға лайықтап өңдеген. 
Музыка тыңдау

«Квартет для струнных № 1» (үзінді). Ғ.А. Жұбанова




  • Қандай аспаптың дауысын естідіңдер?

  • Шығармаға композитор қандай көңіл күй берген?

  • Осы шығарманы суреттеу үшін қандай бояудың түсін алар едің?


Сергіту сәті:

Әтеш ерте оянып,

Жан – жағына қарайды.

Шынықтырып денесін,

Қанаттарын қағады.

Кукарику, Кукарику

Оятады баланы.
Мәтінді оқу

Музыкалық шығарманы бір ғана немесе одан да көп орындаушы орындауына болады. Екі немесе одан да көп орындаушылар ансамбль деп аталады.




Ансамбльмузыкалық шығарманы бірнеше музыканттың бірігіп орындауы. Музыканы орындаушылардың санына қарай олар әртүрлі аталады. Бір орындаушы – соло (жеке орындау), екі орындаушы – дуэт, үш орындаушы – трио, төрт орындаушы квартет деп аталады.


Соло Дуэт


Трио Квартет


Сөзжұмбақ шешу:

  1. ... – көп дауысты әншілер тобының хорды оркестрдің сүйемелдеуінсіз орындауы.

  2. Хор - ... музыканы орындаушы әншілер тобы.

  3. Екі немесе одан да көп орындаушылар ... деп аталады.

  4. Әйелдер дауысы ... .

  5. Үш орындаушы - ... .

  6. Ерлер дауысы ... .

  7. Екі орындаушы - ... .

Жауаптары:

  1. Капелла

  2. Вокал

  3. Ансамбль

  4. Сопрано

  5. Трио

  6. Тенор

  7. Дуэт


К


В






А



Р




Т



Е


Т


IV. Бекіту.

Ән үйрену
Әні:Шәмші Қалдаяқов

Ана Туралы Жыр
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарың өзіңе арнаған

Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын

Өтеуге борышын анашым жан сырым


Іздедім сен үшін әлемнің асылын
Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені
Сыйлар ем ай - күнін қолыма түспеді

Қайырмасы:

Ете көр қанағат, әзірге берерім


Балалық махаббат, балалық жүрегім
Бол риза анашым, қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал
V. Қорыту.

Оқушыларға үй тапсырмасын беру. Оқушыларды бағалау және мадақтау.



VI. Бағалау.

Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау және мадақтау.



VII. Үйге тапсырма беру.

«Еркiн Нұржанов – Ана туралы жыр» әнін жаттау.

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп




Тақырыбы: «Квартет»

(2 – сынып)

Өткізген: Музыка пәні мұғалімі

Урунбаева Перизат Әлтөреқызы



Астана 2014

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет