Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Қарағым» өлеңі



Дата25.02.2016
өлшемі61 Kb.
#19796

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Қарағым» өлеңі.


Сабақтың мақсаты: 1. білімділік: Ақын туралы білімдерін тереңдету,өлеңнің тақырыбын аша отырып, білімге апаратын жол оқу екенін түсіндіру. Өлеңді мазмұнына сай етіп мәнерлеп оқуға баулу;

2. тәрбиелік: оқуға, білімге үндеу, оқу мен ойын арасындағы айырмашылықты білуге, салыстыра білуге тәрбиелеу;

3.дамытушылық: Алған білімдерін ары қарай дамытып, ойларын қорытып, жеткізе білуге ұмтылдыру;

Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевтың портреті, шығармашылығы мен өмірі туралы материалдар, карточкалар, слайдтар.

Сабақтың пән аралық байланысы: тарих.



Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың ұраны:

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің...

(А.Тоқмағанбетов.)

2.Сабаққа даярлығын тексеру.Лексикалық тапсырма. Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап бергізу .

( Мұғалім оқушы)

А) Қазақтың бас ақыны?

Ә) Бір ғасыр өмір сүрген ақын?

Б) «Қыз Жібектің» авторы кім?

В) Дүниеде не тәтті?

Г) Қазақтың Гомері кім?

Д) «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін кім жазған?

Е)»Толағай ертегісінің авторы?

ІІ. Жаңа тақырып.


1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Жаңа сөздермен таныстыру. Жаңа сөздерді қайталатып, сөз тіркестерін жасату.

(Оқушы оқушы )

Жаны нәзік- чувствительный

Сыршыл ақын – лирик поэт

Көзі жұмылғанша – до смерти

Бостандық – свобода

Аңсаумен өтті – мечтал

(Жаны нәзік ақын, бостандықты аңсаумен өтті, Мағжан сыршыл ақын)

2. Мұғалім сөзінен кейін карточкаларда берілген түйіндеме сызбасын пайдалана отырып, М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтарды өз беттерімен іздету. Тақтаға шығарып, дайындаған жұмыстарын әңгімелету, ақынның шығармашылығы бойынша бір-бірлеріне сұрақ қойғызу.

(Оқушы оқушы )

Түйіндеме

Тегі,аты, әкесінің аты: ( Мағжан Бекенұлы Жұмабаев)

Туған жылы: 1893 жыл

Туған жері:Ақмола губерниясы, Ақмола уезі, Сасықкөл жағасы

Алған білімі: ауыл мектебі, Қызылжардағы медресе, Уфадағы медресе

Мамандығы: мұғалімдік, публицист, педагог-ғалым

Істеген қызметі: мұғалім, газет журналда істейді

Кітаптары: «Шолпан», «Педагогика»

Арманы: бостандық, еркіндік

Шығармаларының тақырыбы:жастарға, оқушыларға арналған, халықтың мүддесі

3. Өлеңге берілген сөздікпен таныстыру, соңынан өлеңді (мұғалім) мәнерлеп оқу. Мазмұны бойынша сұрақтар береді.

А)Ақын сөзін кімге арнайды?

Ә)Ол қандай ақыл айтады?

Б)Қарманған қарап қалмас – дегенді қалай түсінеміз? (тұрақты тіркес екеніне назар аударамыз. Еңбек еткен, қимылдаған, ұмтылған деген мағына береді.)

В)Көңілі жүйрік кемеңгер деп қандай адамды айтамыз?

Г) Қандай қылықтардан аулақ болуға шақырады?

Өлеңді оқушыларға оқыту.

4. Шығармаға сатылай кешенді талдау жүргізіп көрейік.

Шығарманың аты: Қарағым

Авторы: Мағжан Жұмабаев (ақын туралы қысқаша айтып өтеміз)

Жанр түрі: поэзия, өлең

Тақырыбы: білімге шақыру.

Идеясы: Өнер, білім қуған адамға жан жетпейді, білімсіздік - өлгенмен тең.

Шумақ: үш шумақ

Тармақ: он екі тармақ

Бунақ : үш бунақты

Буын түрі: он бір буынды қара өлең.

Ұйқасы: 1 шумақ – а,а,б,а,

2- 3 шумақ: в,а,в,а

Түсіндірме сөздік: қарманған қарап қалмас – ұмтылған, әрекет еткен.

Өлеңнің түйіні: оқу оқып, білім алу керек, себебі білімсіз өмір – өлгенмен тең, білімді адамға жан жетпейді. Ол үшін оқу оқы, босқа жүрме, ойынға көңіл берме,ойын қуған балаларға жолама, қасына ерме, кідірме, аяңдама, алға ұмтыл, биікке қолың серме.

5. Тақырыпты пысықтау үшін:

«Қарағым» өлеңінде ақынның берген ақылы, сызбаны толтыру.













( Оқу оқы, босқа жүрме, ойынға көңіл берме, жолама, қасына ерме, кідірме, аяңдама, алға ұмтыл, қолың серме.)



6. Қорытынды: Мағжан қандай ақын? Не үшін ол осындай ақыл берді? – сұраққа жауап беру үшін үшінші шумақты қайталатып оқытып, шығарманың соңындағы мақал – мәтелді пайдалана отырып өлеңнің мазмұнын айтқызу.

Сұрақ: Осы өлең Абайдың қандай өлеңімен мазмұндас?

Мағжанның және қандай шығармаларын білесіңдер?




Семантикалық карта


р\с

Айтылған іс әрекет кімге сәйкес

Қарағым

Ойын қуған бала

кемеңгер

1

Оқу оқиды, алға ұмтылады










2

Құр қалады, босқа жүреді










3

Жан жетпейді










4

көңілі жүйрік










5

Ойынға көңіл бөледі










6

Жұлдыз аламын деп қолын көкке сермейді










7. Үйге тапсырма: Ақынның құптайтын әрекеттері мен құптамайтын әрекеттерін бөлек-бөлек етіп жазып келу. Өлеңді жаттап алу.

Мамлют санаторлық орта мектеп-интернаты

Сабақ жоспары

Тақырып: М.Жұмабаев.

«Қарағым»

Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі Самбаева Б.Ш.

2010-2011 оқу жылы

Мақал –мәтелдер: Оқығанның көңілі жарық.

Білім - мақсат емес, қару .

Білім – ақылдың қайрағы.

5. Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізіп көрейік.

Шығарманың аты: Қарағым


Авторы: Мағжан Жұмабаев (ақын туралы қысқаша айтып өтеміз)

Жанр түрі: поэзия, өлең

Тақырыбы: білімге шақыру.

Идеясы: Өнер, білім қуған адамға жан жетпейді, білімсіздік - өлгенмен тең.

Шумақ: үш шумақ

Тармақ: он екі тармақ

Бунақ : үш бунақты

Буын түрі: он бір буынды қара өлең.

Ұйқасы: 1 шумақ – а,а,б,а,

2- 3 шумақ: в,а,в,а

Түсіндірме сөздік: қарманған қарап қалмас – ұмтылған, әрекет еткен.

Өлеңнің түйіні: оқу оқып, білім алу керек, себебі білімсіз өмір – өлгенмен тең, білімді адамға жан жетпейді. Ол үшін оқу оқы, босқа жүрме, ойынға көңіл берме,ойын қуған балаларға жолама, қасына ерме, кідірме, аяңдама, алға ұмтыл, биікке қолың серме.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім.

А.Тоқмағанбетов.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау – оң қолым, мынау – сол қолым.

Барлық істі атқарған.

«От бол» - дедің, от болып жанбадым ба?

«Су бол» -дедің, су болып ақпадым ба?

«Күн бол» - дедің, күн болып күлмедім бе?

«Ай бол» - дедің , ай болып жүзбедім бе?



Мағжан.

От болып жанып біліміңді көрсет, судай мөлдір тазалықты біліміңмен шаш, күндей жылу таратып, үйренгеніңді үйрет, ай болып жарық сыйла баршамызға.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет