Күні: 23/24.09.2020ж
|
Пәні: Қазақ әдебиеті
|
Пән мұғалімі: Құлмағанбетова А.С
|
Сынып: 9 «А»-«Б»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Бөлім:1
Сабақтың тақырыбы
|
Майқы бидің шешендік сөздері
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
Т/Ж: 9.1.2.1. Әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушы орындай алады: Майқы бидің шешендік сөздерінің мазмұнын біледі, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Майқы бидің шешендік сөздеріндегі психологизмді анықтап, талдау жасай алады. Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: Автор стиліне сүйене отырып, мысал келтіре алады, шынайы өмірмен байланыстырып өзіндік пікір айта алады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың
кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
2 мин
|
Ұйымдастыру.Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру:
Оқушы назарын сабаққа аудару.
|
Амандасу. Камераны қосу. Оқу құралдарын дайындау.
|
|
/Zoom конференциясы , edupage.org арқылы /
|
3 мин
|
Өткен тақырыпты қайталау:
1. Шешендік сөзге тән сипатты атаңыз?
2.Шешенге тән сипаттарды айтыңыз?
3.Қазақ шешендік сөзі мазмұнына қарай нешеге және қалай бөлінеді?
4. Шешендік сөзді ғылыми тілде қалай атайды?
5. Жақсы шешен болу үшін адамға не қажет? Ғалымдардың пікірі қандай?
6.Бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай?
|
Өткен білімдерін еске түсіру, сұраққа жауап беру.
|
Ауызша. Мадақтау сөздер арқылы
|
|
2мин
|
Ой шақыру. Жаңа тақырыпқа кіріспе .
"ТҮГЕЛ СӨЗДІҢ ТҮБІ БІР, ТҮП АТАСЫ -МАЙҚЫ БИ" деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіз?
|
Өткен білімдерін еске түсіру, сұраққа жауап беру.
|
Ауызша. Мадақтау сөздер арқылы
|
|
5 мин
|
Жаңа сабақ. Мағынаны тану.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Майқы би өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушыларға түсінік беру.
Таныстырылым көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап жүргізу.
Майқы би туралы 5 дерек:
1. ХІ -ХІІІ ғ Қазақ шешендік сөзі Майқы би мен Аяз биден басталады.
2.Майқы би -11-12 ғғ өмір сүрген. Ел билеген көсем, сөз бастаған шешен,жыру - Майқы Мәнұлы. Тарихта болған адам.
3.Шыңғыс ханға кеңесші болған.
4.Бытыраңқы қазақ руларының басын біріктіріп,әр рудың таңбасы мен ұрандарын белгілеп берген қоғам қайраткері.
5.Халық,ел бірлігін бәрінен жоғары қойған. "Бірліксіз тірлік жоқ" деген нақыл сөз айтқан.
6."Хан ақылды,әділ болса, қарашасы ынтымақты,батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді..." деген нақыл сөзі бар. (қараша деген сөз мағынасы-қарапайым халық).
|
|